Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары


Slide 1

Пастереллез

Slide 2

Пастереллез - мал мен кейбір жабайы жануарлар қаның қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті жүру.

Сипаттамасы:

Қысқа таяқшалы 1, 5 мкм дейін

Бір бірден орналасады

Грам -

Капсула мен спора түзбейді

Қозғалмайды

Slide 3

Бұл індет ерте заманнан белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігін өткен ғасырдың аяғында 1880 жылы Луи Пастер дәлелдеді. Бұл ғалым осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп, олардың денесінен бөліп алынған микробтарды бірінші болып жасанды коректе өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп аталып кетті.

(1822-1895)

Slide 4

Аурудың аса бір көрнекті белгілері өкпенің фибринді қабынуы, тері асты шел мен етаралық шелдің көлемді домбығуы, кілегей қабық пен сірі қабықтарда көптеген қанталаулар, сондықтан да пастереллезді геморрагиялық септицемия дейді.

Slide 5

Пастереллез ауруына

ірі қара,

шошқа,

қой,

үй қояны,

құстар

жабайы

өгіздер,

ешкілер,

шошқалар,

бұғылар,

бұландар шалдығады.

Ауру жас малға және ересек малға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айырықша ересек малда кездеседі.

Slide 6

Организмде резистентіліктің (қарсылықтың) әлсіреу кезінде, санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап-қалжыраудың, аштыққа ұшыраудың, жемшөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан, тағы басқа стресс себептер әсерінен микробтардың патогендігі күшейіп, олар ауру тудырады.

Slide 7

Патогенезі.

Малдың денесіне енісімен пастереллалар қолайлы жағдайға душар болады да, сөл мен қанға ілесіп лезде бүкіл организмді жайлап алады. Осыған орай ауру тез өршиді де, мал таяудағы сағаттардың (12-13 сағат) ішінде өледі.

Slide 8

Пастереллалардың тез өсіп-өнуіне байланысты, мал денесінде фагоцитоз реакциясы тез өрши алмай, кешеуілдеп қалады да, пастерелла саны шектен тыс көбейіп кетеді. Мұның нәтижесінде ауру септицимияға айналады.

Slide 9

Көптеген жағдайда тіпті фагоцитоз реакциясы басылып қалады да, микроб уыты малдың бүкіл денесіне жайылады, сөйтіп ауру асқынады. Бұған микробтар бөліп шығаратын агрессиндер септігін тигізеді, олар аурудың зілін күшейте түседі, сондай-ақ микробтан бөлініп шығатын эндотоксин капилляр қабырғаларын селдіретеді. Мұның салдарынан барлық ағзалар мен ұлпаларға шыпшып қан шығады, қан құйылады. Оттегі мен көрік жетіспегендіктен мұндай ұлпаларда көптеп өліеттенген ошақтар көрінеді. Малдың ауруға төтеп беру қабілеті нашарлап, пастерелланың уыты өте күшті болса, тез арада қан қағынады.

Slide 10

Ал малдың қорғаныс күші микробтардың әрекетінен басым болса, ауру септицемия сатысына дейін көтерілмейді; пастереллалар жеке ағзаларда орналасып қалады да, ауру созылмалы түрге айналады. Олардың уыты көбінесе өкпені қабындырады. Ауру қоздырғышы мал денесіне асқазан арқылы енсе, ұлтабарда бейтараптанады да, пастереллез одан әрі өршімейді.

Slide 11

Ірі қараның пастереллезі өте жіті, домбығу түрі, және жіті (кеуде) түрде өтеді.

Аурудың домбығу түрінде тері астындағы шел мен етаралық шел домбығып қабынады, көбінесе бас пен мойын шелі, ал артқы тесік, сыртқы жыныс ағзаларын мен аяқтары маңындағы шелдер сирек зақымдалады.

Домбығу көмекейге, тілге, әукелеге жайылады. Тіл ұлғайып, ауызға симай салақтап тұрады, қошқыл-қызыл түсті. Ұлпалар кілкілдек, шырынды, сары-бозғылт түсті, тілінген жерінен сары су сорғалап ағады. Аурудың домбығу түріне кілегей және сірі қабықтардағы, ағзалардағы нүктелі қанталаулар тән, әсіресе көкірек қуысының сірі қабықтарындағы қанталаулар.

Slide 12

Қабынған өкпе ұлпасы уыттар әсерінен өліеттенеді. Өлі етке айналған өкпе ұлпасы көмескілеу, қошқыл-сұры немесе қошқыл-қоңыр, көлемі бұршақтай, кейде ересек адамның жұдырығындай.

Бұлардың сау ұлпамен шектес шеттері іріңдеп ыдырауы мүмкін (секвестрация) . Кейіннен олар дәнекер талшықты ұлпамен қапталады. Бұл аймақтың сөл бездері ұлғайған, шырынды, қанталаған. Процес өкпенің сірі қабығына жайылады, тіпті жүрек үлпершігі мен еттіде қамтиды. Бұларда сулы-фибринді қабыну дамиды.

Slide 13

Пастереллездің домбығу түрін қараталақтан ажырата білу керек.

Қараталақ сөл бездерінің қанталап қабынуымен, талақтың тыстан шек ұлғаюымен сипатталады. Кеуде түрін плевропневмониядан (ала өкпеден) ажырату қажет. Бұл ауруда өкпе мәрмәр түстес, секвестрлер пайда болады.

Мраморлы өкпе

Фибринозды-некрозды пневмония

Slide 14

Шошқа пастереллезі сирек кездесетін ауру. Ауруға барлық жастағы шошқалар шалдығады.

Slide 15

Індеттің өте жіті түріне баспа тән және аурудың бұл түрі ірі қараның домбығу түріне сәйкес, жіті және созылмалы түрлері өкпенің фибринді немесе фибринді-өліеттеніп қабынуымен сипатталады. Пастереллездің аса жіті түріне өлген шошқаның алқымы, мойны, әукесі домбыққан, суланып ісінген. Бұл жерлер сарғыштау кілкілдек жалқақпен кернелген. Осы аймақтың сөл бездері ұлғайған, шырынды, қызарған. Аурудың өте жіті, жіті түрлерінде қан қағынып, кілегейлі және сірі қабықтары қанталайды.

Slide 16

Өкпедегі өзгерістер фибринді қабынудың барлық белгілерімен сипатталады, бірақ мәрмәрлік аса көрінбейді. Өкпеде көлемі әрқилы ауасыз тығыз жерлер кездеседі. Олардың тілінген беткейлері біркелкі емес- бір тұсы қоңыр-қызыл болса, екінші бір жері бозғылт - сұр, тағы бір жерлері қошқыл-қоңыр.

Аурудың созылмалы түрінде өкпеде секвестрлер пайда болып, олар кейіннен талшықты ұлпамен қапталады.

Ауру клиникалық белгілеріне, патанатомиялық өзгерістеріне және эпизоотологиялық мәліметтерге қарай анықталады. Патереллезбен өте жиі ересек шошқаның обасы асқынады.

Slide 17

Пастереллездің алдын алу шаралары

Жануарлардың пастереллез ауруының алдын алу үшін шаруашылық субъектілерінің басшылары, мал иелері, сонымен қатар ветеринариялық мамандар келесі шараларды жүзеге асырады:

1) жаңадан келген жануарларды алдын-ала 30 күн бойы оқшаулап ұстағаннан кейін ғана жалпы табынға жіберуге болады;

2) пастереллезден таза шаруашылықтардың малдарынан ғана отарларды жасақтау қажет;

3) жем-шөптің залалдануының алдын-алу үшін мал қораларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді ұстауды кезекті жүргізу қажет;

4) тұрақты түрде азықтың, әсіресе сүрлем мен комбикормның сапасын бақылап отыру қажет, ал көрсеткіштер пайда болған жағдайда бактериологиялық тексеру;

5) желінсау болған жағдайда сүтті бактерилогиялық тексеру;

6) малдар арасында пастереллез ауруы тіркелген шаруашылық субъектісі орналасқан, әкімшілік аудандардағы барлық малдарды пастереллезге қарсы вакцинамен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді;

7) пастереллез ауруы тіркелген шаруашылық субъектісінде бір жыл ішінде пастереллезге қарсы егілген малдарды топтастырады, немесе 30 күндік оқшаулап ұстау кезінде егеді;

8) сауықтырылғаннан кейін бір жыл бойы қолайсыз отарларға егілмеген малдарды енгізуге болмайды.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Қойдағы безгек: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Геморрагиялық қызбалар: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және алдын алу мен емдеу шаралары
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Бақайқұрт: этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу-алдын алу шаралары
Түйнеме (Сібір жарасы): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі және алдын-алу шаралары
Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Дифтерия (күл ауруы): этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу
Құс ларинготрахеиті: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Аусыл ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагнозы, емі және алдын алу
Жылқы тұмауы: этиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz