Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі


Slide 1

Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі

Slide 2

Ветеринарлық экономиканың ең маңызды саласының бірі - бұл ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы, сонымен қатар өзіне тән ерекшеліктерге ие. Себебі бұл сала төмен табысты болып есептеледі. Ол табиғат климат факторларына тәуелді, ондағы өндіріс мерзімді циклдық жағдайда жүреді. Ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму түрғысынан алғанда да өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған эканомикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді және салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру мақсатында тиімділік көрсеткіштерін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор.

Slide 3 Slide 4

Ауыл шаруашылығындағы өндірістік тиімділік - күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдық өндірістің маңызды бөлігі - нәтижелік көрінеді. Экономикалық тиімділіктің критерийі - 1 адам басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі болып табылады.

Жалпы ұлттық табыс - өндірістің одан ары қарай ұлғаюының және жетілдірілуінің негізі болып табылады. Таза өнімге кеткен шығынның аз болуы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің критерийі болып табылады. Бұған материалдық, еңбек және жер ресурстарының рационалды пайдалану арқылы қол жеткіземіз.

Slide 5 Slide 6

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т. б.

Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады.

Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту.

Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.

Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек.

Slide 7 Slide 8

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т. б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз.

Ауыл шаруашылығы тиімділігіне әсер етуші факторлар көп және алуан түрлі. Біреулері ауыл шаруашылығы ұжымдарының қызметіне байланысты, ал біреулері технология мен өндірістік ресурстарды пайдаланып, ғылыми-техникалық прогресіне жету арқылы ұйымдастыру болып табылады.

Табыстың өсуі өнімнің сапасының жетілдірілуіне байланысты. Сапасыз және стандартсыз тауарлардың нарықта арзан бағамен сатылады және кейде нарықтан шығады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында бидай, қанттың, жемістердің, сүттің сапасының маңызы зор.

Slide 9 Slide 10

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда өнімнің өткізу арналарының да маңызы зор. Ол арқылы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады, табыстың өсуіне әкеледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру:

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі

- Ауыл шаруашылығының жануарларының өнімділігі

- Ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылығы

2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне кеткен материалдық-қаржылық шығынның төмендеуі.

3. Өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы.


Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
Шалабай ЖШС
Бақылау сұрақтар
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері
САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАМДАУ
Өндірістік мал шаруашылығы кешендеріндегі ветеринариялық шаралар жоспары
Фирмалық кәдесый бұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz