Сальмонеллездер (қылау)


Slide 1

Сальмонеллездер (қылау)

Slide 2

Қылау барлық үй түліктерінің Salmonella микробтары тудыратын жұқпалы ауруы. Ауру жіті немесе созылмалы түрде өтеді. Негізгі клинико-анатомиялық белгісі - септицемия.

Slide 3 Slide 4

Қылаудан бұзаулар мен торайлар өлімі өте көп. Ересек малдарда ауру сирек кездеседі. Ауру қоздырғышы әсерінен жылқылар мен қойлардың жатыры, қағанағы мен оның қабықтары зақымдалады, мал іш тастайды.

Slide 5

Құс балапандарының бұл ауруын пуллороз деп атайды және оның негізгі белгілерінің бірі іш өту, саңғырығының аппақ болуы. Ересек құстарда бұл ауруды сүзек дейді. Сонымен қатар сальмонеллалар басқа індеттерді асқандырады.

Slide 6

Патогенезі.

Ауру қоздырғышы азық арқылы ішекке түседі де, тез көбейіп, өніп өседі, қанға енеді. Осыған байланысты септицемия дамып, төл тез арада өліп кетеді. Әдетте төлдердің қаны айрықша жылдам қағынады. Микробтар ұлпалы ағзалардың (талақ, бауыр, жілік майы) ретикулоэндотели торшаларында бөгеліп көбейеді. Олардың патогендігі экзотоксинге (уыт) байланысты.

Сыртқы орталарда ұзақ уақыт бойы сақталады:

суда - 5 айға дейін,

ет және ет өнімдерде 2 - 4 ай,

мұздатылған етте - 6 айдай,

сүтте - 20 күн,

ірімшікте - 1 жыл,

топырақта - 18 ай.

Slide 7

Ересек малда ауру белгілері байқалмаса да, оларда бактерия алып жүрушілік болады, сүтке, нәжіске ілесіп мал денесінен сыртқа шығады. Мұндай малдар аурудың шығу және жұғу көздері болып есептеледі.

Slide 8

Бұзаудың қылауын Bact. Enteritidis қоздырады.

Клинико-анатомиялық белгілерімен ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Бастапқыда қылау малдың жаппай төлдеу кезінде кенеттен байқалады және ауруға 2-4 апталық бұзаулар шалдығады. Қылауға кейінрек шалдыққан бұзау ұзағырақ ауырады. Ересек ірі қарада ауру сирек кездеседі.

Slide 9

Патологиялық анатомиясы.

Жіті қылау кезінде осы ауруға тән өзгерістер алдымен құрсақ қуысындағы ағзалардан, әсіресе ішектен табылады. Ондағы зақым сарысулы - кілегейлі қабынумен, кейде геморрагиялық қабынумен сипатталады. Ұлтабар да ісініп қабынған, кілегей қабығында эрозиялар мен ойық жаралар көрінеді. Ішек қуыстарында кілегей мен қан араласқан, жағымсыз иісті сұйық бар. Оның сөл түйіндері жуандаған, қызғылт түсті. Егер процесс созылмалы болса, бұл жерлердің кілегей қабығы өліеттеніп, оның беткейінде фибрин қабыршығы пайда болады.

Slide 10

Бұзаудың катаральді-іріңді пневмониясы

Бұзаудың шажырқай бездерінің гиперплазиясы

Slide 11

Қуыктың кілегейлі қабығындағы геморрагиялар

Бұзау бауырындағы некроз ошағы

Буырдағы эндофлебит.

Slide 12

Қылаудың созылмалы түрінде өкпе жиі зақымдалады. Бастапқыда онда сарысулы-кілегейлі, кейіннен крупозды (фибринді) қабыну дамып, ұлпасында өліеттенген ошақтар пайда болады. Зақымдалған жерлері көкшіл-қызыл түсті, қатайып нығыздалған, тілінген беткейі дымқылдау. Бронха қуыстары іріңге толы. Кейде өкпедегі қабыну процес оның плеврасы мен жүрек қабына жайылады. Ересек малдың ащы ішегі зақымдалады, буаз сиырлар іш тастайды.

Slide 13

Ауруды балау.

Қылаудың мүмкіндігінше дәл анықтау үшін өлекседегі патогистологиялық өзгерістер ескеріліп, бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Қылауды төл қағынбасынан (диплококкоздан) ажырата білу керек.

Slide 14

Торайдың қылауы.

Қылаумен 5-айға дейінгі торайлар ауырады, емшектегі торайларда сирек кездеседі. Ересек малда ілеспелі індет ретінде кездеседі. Ауру септицемиямен, жіті немесе созылмалы энтеритпен сипатталады.

Slide 15

Аурудың патологиялық анатомиясы.

Қылаудың жіті түрінде сірі және кілегей қабықтарға, эпикард пен плевраға, қарынға, бүйрекке, сөл бездеріне қан құйылады (геморрагиялық диатез) . Ішектің кілегей қабығының қатпарларында нүктелі қанталау кездеседі. Өкпенің көк ет тұсындағы бөлінгенде жіті фибринді қабыну дамиды; ол жүрек қабына жайылып, фибринді перикардитпен асқынуы мүмкін. Талақ ұлғайған қызыл-көкшіл түсті, жиектері жуандаған, қабық астына қан құйылуы мүмкін. Бауыр қанмен кернелген, қанталаған.

Торайдың бадамша безіндегі некроз

Slide 16

Торайдың қылауы клиникалық белгілеріне, эпизоотологиялық мәліметтерге және патологоанатомиялық өзгерістерге (аурудың жіті түрінде аш ішектің жіті қабынуы, бауыр мен талақта паратиф түйіндері; қылаудың созылмалы түрінде тоқ ішектің дифтеритті қабынуы) байланысты анықталады. Ауруды оба мен тілмеден ажырату керек.

Slide 17

Торайдың ойық жаралы колиті.

Жіті қылаудағы торайдың дифтеритті колиті.

Slide 18

Торай бауырындағы некроз ошақтары.

Торай бауырындағы ареактивті некроз ошақтары

Slide 19

Сальмонеллезге таза емес аймақтарда және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар.

Сальмонеллез анықталса, шаруашылық субъектісінде рұқсат етілмейді:


Ұқсас жұмыстар
Салылықтың бақылау формалары
Ауа қабаты
Қар жамылғысы
Атмосфераның қабаттары
Күздік көбелегі:биология,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Атмосфералық жауын - шашын
Тапсырыс беруші КАНАДА
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Жануарларды тасымалдауға дайындау
Электронды құжат айналымы. Электронды оқулықтар дайындау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz