Ірі қараның обасы
Презентация қосу
Ірі қараның обасы
Ірі қара малдың обасы ауыз
қуысында ойық жараның
пайда болуымен, кілегейлі
қабықтардың, әсіресе ішек
қарынның кілегейлі
қабықтарының ісініп
өлеттенуі, диареямен,
ринитпен,
конъюнктивитпен, дене
қызуының көтерілуімен
ерекшеленетін, жіті өтетін
жұғымтал вирустық ауру.
қой
енеке
күйіс сиырдан
бұғы Сирек қодас
қайыраты бас қа ешкі
н жағдайда
буйвол
түйе
Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дәуіріміздің бастапқы кезеңінде кездеседі.
Б.з.б. ғ-да Аристотель өзінің «Historia Animalium» атты еңбегінде дертке сипаттама берген.
Италиялық дәрігер және профессор Бернардино Рамадзини оның жұқпалы екендігін 1712
жылы анықтаған. Алғаш ауру Орталық Азияда шығып, бірте-бірте Европаға тараған (XV ғ).
1744 ж. Дадесон бұл Аурудың індеттер қатарына жататындығын анықтады. Николь мен
Адиль-Бей 1902ж. қоздырғышын ашты. Оның құрамында РНК бар, парамиксовирустар
тобына жатады. 19 ғ-дың аяғына дейін сиыр обасы лаң түрінде дүниежүзіне кең тарады.
АУРУДЫҢ ӨРШУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
БЕЛГІЛЕРІ
Ірі қара обасы (Pestis Bovum) - септицемиямен және ас қорыту ж үйесіні ң
кілегейлі қабықтарының зілді зақымдануымен сипатталатын жұқпалы
індет. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада және өлшемде полиморфты
келеді. Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал
кейбірі жіпше тәрізді болады.
Ірі қара обасының вирусы сыртқы ортада онша төзімді емес, 60°С
қыздырғанда бірнеше минутта, тұрғын үй температурасы жағдайында 3-4
тәулікте өледі. 20°С-та 3-6 айға дейін сақталады. Шіріген к өңде тез өледі.
Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат аралығында жойылады, бірақ, сүйек
майында 30 күнге дейін сақталады. Күннің көзінде 30сағат, ал жайылымда
36 сағат ішінде өледі. Сойылған малдың етінде вирустың са қталуы аутолиз
поцесінің жылдамдығына байланысты. Егер сүт қышқылы уақытылы
түзіліп, тұздалған етте 3 айға дейін сақталады. Сойылған малдың терісінде,
көлеңкеде кептірілсе, вирус зардаптылығын 48 сағат, ал байыздалмаған
малдың терісінде 24 сағат жояды.
Оба эпидемиологиясы:
Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері
бар), оның ішінде негізгілері:
сарышұнақ
суыр
ауру жануар (әсіресе өкпелік түрі)
Оба инфекциясының берілу жолдары:
трансмиссивті (кенелер арқылы)
қарым – қатынас – зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы
алиментарлы
ауа – тамшы – обаның өкпелік формасымен ауыратын науқастан
ауа – шаң жолдары арқылы
Маусымдылығы: Жаз немесе күз-қыс айлары.
Қабылдаушылығы: Жоғары
Иммунитеті: Тұрақты
Қоздырғыштардың ену жолдары:
зақымдалған тері
көздің шырышты қабаты
тыныс алу жолдарының шырышты қабаты
асқазан – ішек жолдарының шырышты қабаты
Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.
Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуыны ң
41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып,
таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді.
Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында
агония байқалады, шөлдей береді, сауын
малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз
қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән
өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан
кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-
сарғыш дақтар пайда болады. Ал ғашқыда
олар тығыз болып, соңынан жұмсарып,
бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер
алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан
шұбырып сілекей ағады.
Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар
бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді,
кейіннен селқостық пайда болады. Ж үні
үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр
соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік
пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық
еттері дірілдейді, жануар тісін
шықырлатып, ыңыранады.
Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістер - септицемия мен
қабыну-өліеттену зақымдары ас қорыту жүйесінде табылады, әсіресе ауыз
қуысындағы ағзаларда, ұлтабар мен жіңішке ішекте. Осыған орай ауру мал
тез арықтайды. Өлекседе сіресу жақсы байқалады, жүні ұйпа-тұйпа,
бұлыңғыр. Құйрық терісі, сандардың ішкі жағы, сирақтары, артқы тесіктің
төңірегі нәжіспен ластанған. Кейбір жағдайда некрозға ұшыраған
құйрықтың ұшы үгітіліп түседі - мутиляция. Терінің пигменттелмеген
жерлері (желін, ұма терісі) қанталаған, ал кейде осы жерлерде ж әне де
сандардың ішкі жақтарында, күнтиместе, танау тесіктерінің маңайында,
еріндерінде, мойында, арқасында, жауырын артында түйіндер мен
күлдіреуіктер табылады, кейіннен олар жарылып, жалқақпен қылшы қтар
жабысып қалады, бұл жерлер қабыршақтанады, жүн түсіп, тері
жалаңаштанады. Шүңірейген көздер төңірегі, таңау тесіктері мен ұр ғашы
малдың қынабының маңайындағы тері кілегей-іріңді жалқақпен, ал
ауыздың маңайы қоймалжын, қан араласқан көбікті сілекеймен ластанған.
Қасаң қабық қалындап қанталаған, көкшіл-қызыл түсті. Көздерінде іріңді-
катаральды жалқақ іркіліп жиналған, онымен кірпіктер бір-бірімен
жабысып қалған, көз бұрыштарында қоңырқай-жасылдау қабыршақ
көрінеді.
Дененің сыртқы сөл түйіндері ұлғайған, көгілдір-қызыл түсті,
қанталаған, тілінген беті шырынды, жылтыр. Олардың
маңайындағы дәнекер тоқыма домбыққан. Тері астындағы
шел дымқыл, жылтыр, кейбір жерінде сарғыш түсті кілкілдек
инфльтраттар көрінеді, қанталаған, сонымен қатар газданған
кеуектер (эмфизема) кездеседі. Дененің бұлшық еті босаңқы,
көкшіл-қызыл; ірі тамырлар қуысында ұйымаған қошқыл-
қызыл, тіпті қара түсті қан.
Аса зілді өзгерістер ас қарыту жүйесінің кілегейлі
қабықтарында табылады. Ауыз қуысындағы күрделі
өзгерістер жұтқыншақтың, бадамша бездің, көмейдің
зақымдарымен сипатталады. Бұл ағзаларға қанды жалқақ
сіңген, олар қанталаған, фибринмен көмкерілген эрозиялар
мен ойық жаралар кездеседі.
Өңеш пен алдынғы қарындар өзгеріссіз, кейде өңештің
кілегейлі қабығында майда некроз ошақтары табылады,
алдынғы қарындарда – геморрагиялар мен эрозиялар.
Тазқарын
Өңеш
Жалбырша
қ
Ұлтабар
Жұмыршақ
Ұлтабарда күрделі зілді өзгерістер байқалады, онда қыз ғылтым
қоймалжын сасық жын, оған өліеттеніп үгітіліп түскен эпителимен
эритроциттер араласқан. Кілегейлі қабығы қалындап қызарған, ашық-
қызыл немесе күлгін түсті. Қатпарларында қанталаулар, жалпы кілегейлі
қабықта эрозиялар мен ойық жаралар, бұл зақымдар фибринмен
көмкерілген.
Жіңішке ішектер түгелдей өзгерген. Сырттай қарағанда олар көкшіл- қызыл
түсті. Ішек қуысы өте сасық қоңырқай – қызыл түсті немесе сар ғыш-
жасылдау, фибрин араласқан жынға толып, кілегейлі қабығы қалында ған,
оған қанды жалқақ сіңген, сайып келгенде ішектерде крупозды-
геморрагиялық қабыну, түсі қошқыл-қызыл, қанталаған (көптеген
петехиялар мен экхимоздар - өте майда геморрагиялар), қабырша қты
фибринмен көмкерілген, қабырғасы 1-2 мм-ге дейін қалында ған құбыр
тәрізді. Ащы ішекте дифтеритті қабыну байқалады.
Қабыну процесінің даму барысында тамырларда тромбоз
байқалады, әсіресе геморрагиялық жалқақ іркілген. Мықын ішек
пен соқыр ішектің түйіскен жері қалындаған, қанталаған, оған
қанды жалқақ сіңген, ашық-қызыл түсті. Осы арадағы кілегейлі
қабықта әрдәйім ұсақ ақшыл-сарғыштау ірімшік тәрізді ошақтар
және эрозиялар кездеседі, сонымен қатар фибринді қабыршақ
немесе дифтеритті ошақ көрінеді.
Бауыр жұмсарған, ақшыл-сары саз сияқты (диспротеиноз және майлы
дистрофия), онда бөлшектік құрылым байқалмайды. Өт қабы кеңейген,
ішінде қою, қошқыл-жасыл өт бар, кейде оған қан араласқан. Оның
кілегейлі қабығы қалындаған, қызарған, қанталаған, кейде онда майда
некроз ошақтары табылады.
Талақтың көлемі
өзгеріссіз немесе сәл
ұлғайған, жұмсарған,
қанталаған. Үлпершегі
өте қанды, фолликулдері
біраз ұлғайған.
Бүйректер жұмсарған,
сұрғылт-сарғыш
(диспротеиноз және майлы
дистрофия). Бүйрек
қуысының (түбегінің)
кілегейлі қабығы, қуықтың да
кілегейлі қабығы қанталаған.
Оның ішінде бұлыңғырлау,
қызғылтым несеп бар.
Жүрек қуыстары кеңейген, миокард босаңқы, сұр-сарғыш.
Эпикард пен эндокард қанталаған.
Ми, оның қабықтары қызарып домбыққан, кейде петехиялар мен
экхимоздар табылады. Қарыншалардағы тамырлар өрімі қанмен
кернелген, қуыстарда қызғылтым сұйық бар. Гистологиялық зерттеулер
арқылы мида іріңсіз лимфоцитарлы энцефалит анықталады. Сүйек кемігі
мен эндооста геморрагиялар кездеседі.
ОБАНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
клиникалық көрінісіне
эпидемиологиялық мәліметтерге
(эпидемиологиялық ошақта болуы)
лабораторлы тексеру әдістерінің қорытындысы оң
болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады.
Зертханалаық әдістеріне:
1. бактериологиялық (қанның бубонды
пунктатын, қақырықты және жарадан бөлінген
сұйықтықты тексеру)
2. биологиялық (жануарларды жұқтыру арқылы)
3. экспересс – әдіс – иммунофлюоресценция
4. серологиялық әдіс (РА,РПГА)
ОБАНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
ДИАГНОСТИКАСЫ
Клиникалық формасына байланысты жүргізіледі:
терілік формасында сібір жарасының терілік
формасымен және туляремиямен
бубонды формасында туляремияның бубонды
формасымен және басқа этиологиялық лимфаденитпен
өкпелік формасында крупозды пневмониямен, тұмау
кезіндегі өкпенің ісінуімен, сібір жарасының
генерализденген формасымен
септикалық формасында басқа этиологиялы
сепсиспен (жиі менингококкты), геморрагиялық
қызбамен және басқа аурулармен жүргізіледі.
Соңы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz