Инфаркт: себептері, түрлері және патоморфологиялық өзгерістері


Slide 1

Инфаркт

Slide 2

Инфаркт деп бүтін ағзаның немесе оның бөліктерінің, қан айналымының бұзылуына байланысты өлуін (некрозын) айтады.

Slide 3

Ифарктың пайда болуына: әдетте қан тамырының тромбозы, эмболиясы, немесе спазм себеп болады. Кейде инфаркт, ағып келген қан мөлшерінің ағза қызметіне сай балмауына байланысты да дамыйды. Осыған байланысты инфаркты циркуляторлы некроз деп те атайды.

Slide 4 Slide 5

Ақ инфаркт көбінесе көкбауырда, бүйректе, мида кездеседі, коллатералды қан тамырларының жеткілікті ашылмағанына байланысты болады.

Slide 6

Қызыл инфаркт вена қанының іркіліп қалғанында, жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты пайда болады. Қызыл инфарктың ең көп ұшырайтын жері - өкпе. Өкпе әдетте екі қан жүйесінен қанмен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде бір жүйеден қан келмей қалған жағдайда пайда болған некроз ошағына екінші жүйеден келген қан қүйылады. Ірі вена қан тамырлары тығындалып қалғанда, қызыл инфаркт дамиды.

Slide 7

Инфарктың үшінші түрінде - қызыл жиекті ақ инфаркте - оның ортасы ақ болып, қанның келмей қалғандығының нышаны, шеттеріндегі қызыл жиек-инфаркт пайда болғаннан кейінгі аностомоздардың кеңейіп, инфаркты айнала қан қүйылғандығынан болады. Бұл инфаркт жүректе кездеседі, шошқаларда оба індетінде.

Slide 8

Инфаркт болған жерде төмендегі езгерістер кездеседі:

1. инфарктың организациясы (ұйымдасуы) . Бұл процесс бірнеше сағаттан кейін-ақ басталып, демаркациялық (шекаралаушы) қабыну реакциясы деп аталады. Ол жердегі қан тамырлары кеңейіп, олардан лейкоциттер шыға бастайды. Лейкоциттерден бөлініп шығатын белокты ерітуші ферменттер некрозға ұшыраған ұлпаны ыдырата бастайды. Ыдырау өнімдерін сол жерге топталған макрофаг торшалары жұтып алады, олар кейінірек лимфа тамырлары арқылы тарап кетеді.

Slide 9

7-10 күннен кейін ол жерде дәнекер тоқыма түзіліп, ол бірте-бірте некрозға ұшыраған жердің орнын басады. Мысалы жүрек инфарктінің натижесінде кардиосклероз, кейінірек созылмалы аневризма пайда болады.

Slide 10

Мидағы инфаркт бірте-бірте ыдырап кеткенде, оның орнында қуыстар - торсылдақтар қалады. Торсылдақтың кемері глия элементтерінен тұрады.

Slide 11

Инфаркт болған жердің іріңдеуі, ол жерге инфекция түсуіне байланысты. Іріңдеу көбінесе өкпеде кездеседі. Ірің плевра қуысына жиналып қалса, оны пиоторакс дейді. Көкбауырда инфарктің іріңдеуі перитонитке апарып соғады. Жүрек инфаркті көбінесе шошқаларда, иттерде, көгершіндерде кездеседі. Шошқаның тілме індетінде бүйректерде қызыл жиекті ақ инфаркт, оба ауруында көк бауырда аралас инфаркт табылады, ал жылқының деляфондиоз ауруында құрттардың әсерінен жуан ішектер түйіліп, қызыл инфарктке ұшырайды.


Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық тромбоз және инфаркт: түрлері, патогенезі және салдары
Жануарлардағы эймериоз: этиологиясы, клиникасы, патоморфологиялық өзгерістері және алдын алу-емдеу шаралары
Жылқының ас қорыту жүйесінің стронгилятоздарын клиникалық және патоморфологиялық диагностикалау
Вирусологиялық зерттеу әдістері: алынатын материалдар, торша өсіндісіндегі патоморфологиялық өзгерістер және нейтрализация реакциялары
Нуклеопротеидтер метаболизмінің бұзылыстары: несепқышқылды диатез, құстардағы подагра және төлдердегі несепқышқылдық инфаркт
Постнаталдық кезеңдегі аналық жыныс ағзаларының морфологиялық өзгерістері және овариалды-менструалды циклдің бұзылыстары мен олардың себептері
Ірі қара мен қойларда мес қарын паракератозы: себептері, патологоанатомиялық өзгерістері, симптомдары, емдеу және алдын алу
Жануарлардағы гельминтоздарды диагностикалаудың клиникалық, лабораториялық және патоморфологиялық әдістері
Ветеринариялық перикардит: себептері, патогенезі, клиникасы, патологиялық-анатомиялық өзгерістері, диагностикасы, ем және алдын алу
Шок, стресс және кома: түрлері, даму сатылары және патологоанатомиялық өзгерістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz