ҚАРАСАН (GANGRENA EMPHYSEMATOSA ЭМФИЗЕМАТОЗНЫЙ КАРБУНКУЛ)
Презентация қосу
ҚАРАСАН
ҚАРАСАН
(GANGRENA EMPHYSEMATOSA ЭМФИЗЕМАТОЗНЫЙ
КАРБУНКУЛ)
Жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып
көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы
ерекшеленетін ауру.
Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт
топалаңмен шатастырып келді. Ауру бүкіл
дүниежүзінде байқалды.
1870 жылы Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың
клиникалық белгілерін талдап, бірбірінен
ажыратты.
Қоздырушысын 1887 жылы С.Арлуэн мен Ж.Томас
ашты.
1925 жылы Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды.
ҚОЗДЫРУШЫСЫ - CLOSTRIDIUM CHAUVOEI
Түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Жеке дара
немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грам
оң, ескірген кезде грам теріс боялады. Спора түзеді, қауаша қ
түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта,
көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой,
жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінде табуға болады.
ІНДЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр
малы, сирегірек қой, ешкі, бұланмен бұғы ауырады.
Қоңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар
ауырады.
Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады.
Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса
сезімтал.
АУРУ ТАРАЛАДЫ
1. Ауырған жануарлар арқылы
2. Ауру қоздырушысының спораларымен ластанған
топырақ, жемшөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ
су көздері жатады.
АУРУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп- өнеді. Оны ң
нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұса қ
қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп
шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып
көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған
ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Бұдан барып дененің
ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі
бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны
таратпау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен
тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады.
Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды.
Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ
көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі.
Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті,
қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйылады.
Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-
сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі.
Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды.
Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда болып, газ
көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де
кездеседі.
Сірі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда
болады.
АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫ МЕН ЕМІ
Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді.
Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне баста ғанда
жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін
антибиотиктер қолданылады.
Пенициллинді 5-9 мың ӘБ/кг дозада етке 0,5% новокаин
ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін
жібереді.
Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мг/кг м өлшеріне б ұлшы қ
етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен
жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы
ағзада 9 күндей сақталады.
Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе
лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий
перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz