Көкжөтел




Презентация қосу
Көкжөтел

Ұстамалы булықпалы жөтелмен және
улану белгілерімен сипатталатын
жұқпалы ауру.
Этиологиясы

Қоздырғышы Борде-Жангу таяқшасы
қоршаған ортада төзімсіз, ұшпалы емес. Тек
адамдарды зақымдайды.
Даму механизмі
Борде Жангу таяқшасы экзотоксин бөледі, ол
тыныс алу рецепторларын тітіркендіреді.
Ұстамалы жөтел пайда болады.
ОЖЖ-де (ЦНС) демалу(тыныс алу)
орталығында доминантты қозу ошағы пайда
болады.
Кез келген тітіркендіру қимылдары
(жұтқыншақты қарау, шу) ұстамалы
жөтелдің дамуына себепші болады.
Ауру (инфекция) көзі

Науқас, катаральды кезеңде және
ұстамалы жөтелдің алғашқы 2
аптасында айналадағы балаларға
қауіпті.
Әсіресе аурудың жеңіл түрімен
ауратын науқастар қауіпті.
Таралу жолдары
Ауа-тамшы
Клиникасы

1.жасырын кезеңі (1,5-2 апта)
2.Катаральды кезең (1,5-2 апта)
3.Ұстамалы-булықпалы жөтел кезеңі
(3-4 апта)
4.Жазылу кезеңі.
2.Катаральды кезең
Біртіндеп дамиды
Қарапайым ЖРВИ-ді еске түсіреді.
Субфебрильді температура, жәй ғана берекесіздік,
мұрынының бітелуі, серозды сұйықтықтың бөлінуі ,
жөтелу, бірақ емдік шараларға қарамай жөтелдің үдей
түсуі.
Улану белгілері: ұйқысының,тәбетінің бұзылуы,
қозғыштығы,мазасыздық.
Тері жамылғыларының бозаруы, қабағының (век) ісінуі.
3.Ұстамалы –булықпалы жөтел кезеңі

Жөтел күн сайын үдей түседі, біртіндеп ұстамалы-
булықпалы репризді жөтелге ауысады.
Ұстамалы жөтел түнде күшейеді.
Жөтел созылмалы,мөлдір қақырықтың бөлінуімен
немесе құсумен аяқталады.
Жөтелдің сипаттамасы

Булықпалы (спазматический)жөтел- дем
алғанда бірінен кейін-бірі пайда болатын
жөтел қимылдарының сериясы, сосын ол
ауысады-
Репризге- ысқырықты демді ішке алумен
(резким судорожным,свистящим вдохом)
Одан кейін жөтел қайталанып,репризге ауысады.
Ұстама күніне 5-50 ге дейін болуы мүмкін .
Ұ стамалы жөтел кезіндегі науқастың
бет-пішіні (ұсқыны)

Тілі сыртқа шыққан, оның ұшы жоғары қарай
қайырылған
Тіл үзбесі тіске тиіп жарақаттанады, осыған
байланысты онда жара пайда болады.
Көз ағына (склера)қан құйылуы мүмкін.
Беті көгеріп , ісінеді (одутловатость)
Мойын веналары ісінеді.
Бала қозған (возбужден),мазасыз.
Ұстамалы-булық палы
жө тел кезінде
Осы кезеңге тән жөтелден басқа кездеседі, басқа
ағзалар мен жүйелердегі өзгерістері.
Тыныс ағзалары жағынан: 1)эмфизема, 2)бронхит, 3)
ателектаздар
ЖҚЖ (ССС):еріндерінің көгеруі (цианоз), тері
жамылғыларының бозаруы, тахикардия, ҚҚ-ң (АД)
көтерілуі.
ОЖЖ (ЦНС): мимикалық бұлшық еттердің дірілді
құрысуы (судорожное подергивание), есін жоғалтумен,
құрысулар.
4. Жазылу кезең і
(выздоровление)

3-4 аптаның соңына таман жөтел әлсіздене
бастайды.
Ұстама сирегірек қайталанады,ұзақтығы
қысқарады.
Біртіндеп жазылу кезеңі басталады.
Омырау кезеңіндегі балалардағы
ағым ерекшеліктері

Жөтел репризсіз
Жөтел толқындары қысқа, жиі,
үзіліссіз.
Беті қызарады сосын көгілдірленеді
(цианоз)
Дем алуы тоқтайды (апноэ), асфик-
сия, құрысулар.
Демалуының тоқтауы-апноэ
Асқ ынулары

1.Пневмония, бронхит, круп
2.Кіндік немесе шап жарықтары
(грыжа), тік ішегінің түсуі (жөтелген
кезде күшенуге байланысты)
3.Отит
4.Иммунитетінің төмендеуі
Зертханалық анықтау
(диагностика)
Бактериологикалық тексеру. Жөтел ұстамасы
кезінде науқастың ауызының алдына, 4-6 см
қашықтықта, әдейі тағамдық ортасы бар
(питательная среда) Петри чашкасын 10-20
секунд ұстау, сосын оны жауып термостатқа
орналастыру.
ЖҚС (ОАК)- лейкоцитоз, лимфоцитозбен
ЭТЖ қалыпты немесе жәйланған
(замедленная)
Емі және күтімі
1 жасқа дейінгі балаларды ауруханаға жатқызу.
Тыныштық жағдай жасау. Тітіркендіретін
агенттерді жою (айқай,қатты сөйлеу)
Таза ауа, бөлмені үнемі желдету. Оттегі
емі.
Тағам: жоғары калориялы, құнарлы, бірақ
құрғақ,тітіркендіретін қоспасыз болғаны
жөн,себебі қиқымдар т.б. жөтел ұстамасын
шақыруы мүмкін.
Дәрілік ем

Антибиотиктер катаральды кезеңде пайдалы.
Таңдайтын препараттар : эритромицин, рулид,
азитромицин (сумамед), левомицетин
Антигистаминдік препараттар,кальций препараттары
Көкжөтелге қарсы иммуноглобулин
С,В дәрумендері
Симптоматикалық ем.
Инголяция спазмолитик,ферменттермен.
Ауыр жағдайда гормондар.
Алдын алу
Науқасты ауру басталғаннан бастап 30 күнге дейін оқшаулау .
Арнайы алдын алу АбКДС вакцинасымен 2 айлығынан
бастап, 3 рет, арасына 1 ай салып немесе «Инфанрикс»
вакцинасымен: АбКДС + ВГВ+Нів+ИПВ (2;4
айында);«Пентаксим» вакцинасымен: АбКДС+Нів+ИПВ (3
айында), ревакцинация пентаксиммен 18 айында,
«Бустрикспен» (АбКДС) 6 жаста.
Санның алдыңғы-сыртқы беткейіне б/етке.
Шынықтыру
Дұрыс тамақтандыру
Вакцина АбКДС
Вакцина АбКДС
Адсорбцияланған клеткасыз(безклеточная)
көкжөтел-дифтерия-сіреспе анатоксины.
1.Құралған: өлтірілген клеткасыз көкжөтел
микробтарынан және дифтерия-сіреспе
анатоксинынан
2.Бұл сұйық вакцина, ақ түсті.
3.Енгізіледі: санның алдыңғы сыртқы бөлігіне
0.5мл б/етке, (немесе қолдың дельта тәріздес
б/етіне ересектеу балаларға - 6 жасында)
Ошақтағы шаралар

Барлық қарым-қатынаста болғандарды
анықтау.
Тек 7 жасқа дейінгі балаларға карантин 14
күн.
Әлсіз, жиі ауыратын балаларға б/етке
көкжөтелге қарсы иммуноглобулин.
Егу алмаған балаларға вакцинамен
иммунды алдын алуды жүргізу.

Ұқсас жұмыстар
Жөтел және тыныс алудың қиындауы
Құмырсқа қышқылы
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
Егу күнтізбесі
Тағам өнеркәсіптерінде қолданылатын микроорганизмдер
Вакцинация және егу күнтізбесі
Ауыз қуысының микрофлорасы
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау
Өкпенің қабынуы
Жас балалар мен қарияларда
Пәндер