Науқастың функционалдық жағдайын бағалау



Науқастың функционалдық жағдайын бағалау

Қызба -Бұл дене температурасының 37 град-тан жоғары болуы. Теріні сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауабы ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану-бейімделу реакциясы оларға көбінесе пирогендік заттар жатады. Олар микробтар, сарысулар, вакциналар,
Жарақаттанудан ішкі қансырауларда, некрозда, пайда болады ағза ұлпаларының ыдырау өнімдері
Қызба

Температура жоғарлау дәрежесіне қарай:
36-37°- қалыпты
37-38°- субфебрилді
38-39°- фебрилді
39-40°- пиретикалық
40-41°- гиперпиретикалық

Термометр түрлері:
1. Механикалық термометрлер
2. Сұйық заттар арқылы жұмыс істейтін термометрлер
3. Электрлі термометрлер
4. Инфрақызыл термометрлар
5. Термосызықты

Қызба кезеңінің сипаттамасы
I кезең: температураның көтерілуі.
Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек
сырқырауы, әлсіздік, қалтырау.
Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде.
Естің жағдайы: өзгермеген.
Жылу жасау және жылу бөлу қатынасы.
Жылу жасау, жылу бөлуден
басым болады.
Науқасты күту алгоритмі:
а) емделушіні жылыту;
ә) жылы көрпемен жабу;
б) аяғына жылытқыш қою;
в) ыстық, тәтті шай беру

II кезең: температураның тұрақты болуы.
Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз қүрғауы.
Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады.
Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болуы мүмкін.
Жылу жасау жөне жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпта болады
Науқасты күту алгоритмі:
маңдайына компресс немесе мүзды мұйык; қою;
теріні сірке қосылған суық сумен сүрту;
суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;
дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу;
ауыз куысының кілегей қабатын жуу;
ерінді вазелинмен майлау;

III кезең: температураның төмендеуі-дағдарыс.
Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.
Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталган.
Естің жағдайы: мелшиген, кейде есінен танады.
Жылу жасау мен жылу берудің қатынасы.
Науқасты күту алгоритмі:
төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау;
дәрігерді шақыру;
кофе немесе ыстық шай беру;
науқасты қымтап жабу;
10% сульфат және 10% кофеин-натрийі бензоат ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау;

Дене температурасын өлшейтін тұстар
Қолтық асты аймағы 36-37°С
маңдайға
Ауыз қуысы 0, 5-0, 8°С
Құлақ ішіне

Артериялық пульс(РС)
Бұл артериялды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы.

Диагностика мақсатымен пульсті басқа да қан тамырларынан анықтауға болады.
Ұйқы артериясында. Артерияны қатты қыспай екі жақтан кезекпен пульсті тексеру керек.
Сан артериясында пульсті созылған сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді.
Тізе асты артериясында. Пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі.
Асықты жіліктің сыртқы артериясында пульсті ішкі тобықты қысып отыра тексереді.
Табан сыртының артериясында пульсті бірінші кеңістік аралық проксималды табанының сыртқы беткейінде тексереді.

Пульс қасиеттері
Пульс
ырғағы
ырғақты, ырғақты
емес
Артерия қабырғасының тербелуі
арасындағы уақыт аралығындағы ұзақтығы жүрек жұмысы мен тамыр қабырғасының эластикалық болуына тәуелді.
Пульс кернеуі
қатты (кернеулі)
жұмсақ (жіп тәріздес)
Артерияны басуға жұмсалатын күшке сәйкес жүрек жиырылғандағы жүректің қанды айдау күшіне және қан қысымына тәуелді.
Пульс
тәртібі
жиілеу,
сиреу
Қалыпты жағдайда дені сау ересек адамдарда минутына 60-72 рет.
Рs-жиілігінің 80-нен артуы - тахикардия деп аталады.
Рs 60-тан аз болуы брадикардия деп аталады.

Білек артериясынан пульсті анықтау үшін іс-әрекеттер алгоритмі
Білезік буыны тұсынан оң жақ саусақтарыңызбен ұстаңыз
Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз
2-4 саусақтармен ырғақты соғатын сәулелі артерияны сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.
Пульс толқындарының сипатамасын 1 минут ішінде анықтаныз
Оң және сол жақ; білек артериясында пульсті бір уақытта, оларды салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар біркелкі болуға тиіс.
Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады . Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен П(пульс ) деп белгілейді. Пульс бағасында минутына 60-72 рет жиілікпен соғады.

Қан қысымы
Қан қысымы-бұл артерия қабырғаларына қанның қысымы:Ол:
Жүректің айдау көлеміне
Артерия қабырғасының тонусына тәуелді
Систолалық қысым 100-140 мл
Диастолалық қысым 60-90 мл
Қан қысымын өлшеу құралы:
сфигмоманометр (тонометр)

Қалыпты АҚ 100/60мм. с. б. 135/85мм. с. б
Артериялық гипотензия 90/60мм. с. б
Артериялық гипертензия 140/90мм. с. б

Қан қысымының көрсеткіштері
Гипотензия
Қалыпты
Гипертензия

Қан қысымын өлшеу алгоритмі
Әдетте қан қысымын 2 минут аралықпен 2-3рет өлшейді бұл кезде манжеттегі ауаны толық шығарып отыру керек.
Емделушінің жалаңаш иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары тонометр манжетін салыңыз. Манжеттен жоғары киім иығын қысасыз. Манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп байлаңыз.
Емделушінің қолын созылған жағдайда, алақанын жоғары қаратып қойыңыз, бұлшық еттері бос.
Монометрді манжетпен қосыныз. Монометр тілшегі шкала белгісіндегі нөлде болу керек.
Шынтақ иіні аймағындағы иық артериясынан пульсті сипап тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз.
Грушаның тиегін жауып, манжетке ауа жіберініз. Монометр көрсеткіші бойынша манжеткадағы қысым сынап бағанасынан 30мм асқанша ауа жіберініз. осы кезде білек артериясының пульсі анықталмайды.
Тиекті жиып және ақырын секундына 20мм сынап бағанасымен жылдамдықпен ауаны шығарыңыз.

Тыныс алу қимылын есептеу
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ АЛГОРИТІМІ:
1. Науқасқа емшараны барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминация жасаңыз.
3. Науқасты ыңғайлы қалыпта (жатқан) , кеудесі мен іші көрінетіндей жағдайда орналастырыңыз.
4. Науқастың қолын білек артериясынан пульс анықтайтындай етіп ұстаңыз (науқас назарын басқаға аудару үшін) .
5. Екінші қолыңызды кеуде торына (кеудемен тыныс алу) немесе эпигастрий тұсына (ішпен тыныс алу) қойыңыз.
6. Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын есептеңіз.
7. Тыныс алу қимылы жиілігін бағалаңыз.
8. Науқасқа ТАҚ нәтижесін айтыңыз.
9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
10. Мәліметті қызу парағына түсіріңіз.

Ескерту!
-Тыныс алу қимылы (тыныс алу және тыныс шығару) санын науқасқа байқатпай есептеңіз. -Бір минут ішіндегі тыныс алу қимылының саны тыныс алу жиілігі деп аталады (ТАЖ)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz