Қаратау Өмірзақұлы: Сырым Датұлы қозғалысындағы рөлі, руы Ысық-Сарысық және зираты


Slide 1 Slide 2

Сырым Датұлы

Ысық

Сарысық

Қаратау

Өмірзақұлы Қара

Slide 3

Қаратау кім?

?

Қаратау бидің

тағдыры не болды?

Қайда қайтыс болып,

Қайда жерленді?

Батырдан тараған ұрпақ бар ма, болса кімдер?

Оларды қайдан іздеп табуға болады?

Slide 4

Қаратаудың руы Ысық - Сарысық. Байбақты Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1738-1797 жылдардағы азаттық қозғалысында ысықтар тобын басқарған. Орыс патшасына арыз жазып, оның рұқсатымен 10 мың үй ысықты Жайықтың бергі бетіне көшірген. Қаратау Өмірзақұлы ХVІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген. Оның би­лігін­де 3 мың түтінді құрайтын он мың ысықтар болған. Ол 1783-1797 жыл­дары он төрт жыл бойы үзбестен Сырым­­ның саясатын қолдаған. Сырым Датұлының қатысуымен ру қолбасшыларын өзінің жаз жайлауы -Көкөзек өзенінің бойындағы ұлысына жинап, өзекті мәселелерді шешкендігін тарихи еңбектерде бар.

Slide 5

1785 жылы маусым айында Қобда бойында өткен жиында Сырымнан кейінгі Бас старшын Қаратау би сөйледі. «Біз, Кіші жүздің қазақтары, ешкімнің ауласына түсіп, малын, төңірегінде жүрген жұртын тұтқындаған кезіміз болған жоқ. Оның үстіне біздер, Бас ағымандар, халқымызға, қала берді орыс патшасына адал қызмет етеміз деп қолымызға Құран ұстап, ант бердік. Қарапайым халыққа жан тыныштығы мен бейбіт өмір керек. Осыны орыс билеушілерінің түсінгендерін қалаймыз. Екіншіден, көзімізді ашқаннан хан қыспағында өмір сүріп, ұрпақ өсіріп келеміз. Жаны жайсаң болса да, хан деген қаһарлы атағы бар Әбілқайыр кезінде кең тынысты ғұмыр кештік. Оның орыстармен тіл табысуы арқасында жоңғар шапқыншылығынан құтылдық. Әбілқайыр қапыда қаза тапқан соң, оның орнына билеріміз бен старшындарымыз ақ киізге орап хан сайлаған Нұралыны патшайымнан хан етіп тағайындауды сұрап өкілдер жіберіп, өтінішіміз орындалғанына риза болғанбыз. Өкінішке қарай, бұл ханнан көріп отырған рахатымыздан мұшақатымыз көп. Әбілқайырдың ұлдары басымызға мініп, халқымызды тонай бастағанына дәлел көп. Жайық казактарының да зорлығы айтарлықтай. Осының бәрі жұрттың ыза-кегін туғызуда. Нанбасаңыз, осы жиынға қатысу үшін әр рудан келген мына атқамінерлерден сұраңыз. Сіз осы аймақтың билеушісіз, халық атынан айтқан осы сөзіме құлақ салсаңыз», - депті Қаратау би.

Slide 6

Қаратау бидің зираты қазіргі Жусандой ауылдық округінен күншығысқа қарай 7-8 шақырым жердегі «Бек­мағамбет» қыстағының бергі бетіндегі Көкөзек бойында. Әуелі биік мола болыпты. Кейін құлап, үлкен төбеге айналған. Олар құлпытас сынығында құран хадисінен үзінді келтіріліп, «руы ысық, тайпасы сарысық, бөлімі… Умирзақ» деген жазуды оқыпты. Құлпытастың төменгі жағы болмағандықтан, Өмірзақұлы Қаратаудың қашан туып, қашан өлгені, белгіні кім қойғаны белгісіз болыпты. Десек те, бидің жерленген зираты бар, құлпытасы табылды. Тарих көші алға басқан сайын есімі ұмытылып бара жатқан тарихи тұлға Қаратау Өмірзақов батырдың зираты мен құлпытасы табылып, басына кесене тұрғызылды. Қызыл кірпіштен салынған биіктігі жеті метр кесене Көкөзекте бой көтерді. Кесененің ішіне гранит тақтадан ескерткіш қойылды. Тақтаның алдыңғы бетіне «Сырым батырмен бірге 18 ғасырдың аяғында ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан тарихи тұлға Қаратау Өмірзақұлы, Руы-ысық, Сарысық. Белгі қоюшылар - ұрпақтары Балғымбай әулеті. 2002 жыл» деп жазылған

Slide 7

Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық. Теңдіктің туын бермедік, Теңсіздікке көнбедік,

Махамбет Өтемісұлы


Ұқсас жұмыстар
Сырым Датұлы мен Исатай-Махамбет бастаған көтерілістердің себептері, барысы және нәтижелері
Модульдік кооперативті оқыту: Сырым Датұлы көтерілісін талдау және сыни ойлауды дамыту
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі
Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі: себептері, барысы және салдары (1783-1802)
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз көтерілісі (1783-1797): себептері, барысы және тарихи маңызы
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі: себептері, барысы және тарихи маңызы
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз көтерілісі: себептері, барысы және патша реформалары (1782-1797)
XVIII-XIX ғасырдағы патша отарлау саясатына қарсы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Бөкей Ордасы мен Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстар
Мұстафа Шоқай және жәдидшілдік: Түркістан ұлттық қозғалысындағы рөлі
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz