Жедел психологиялық көмек көрсету техникалары



Жедел психологиялық көмек көрсету техникалары.

Жедел психологиялық көмек- төтенше жағдайлар ошағында зардап шеккендерге немесе төтенше, экстремалды жағдайлардан кейін жуық арада көрсетілетін қысқа мерзімді іс-шаралар жүйесі.
Оларға: экстремалды немесе төтенше жағдайлардан зардап шеккен бір адамға, адамдар тобына көмек көрсету; болған жағдайдың талаптарына сәйкес кәсіби әдіс-тәсілдер арқылы төтенше жағдайға байланысты туындаған психологиялық, психофизикалық және жағымсыз эмоционалдық қиындықтарды ретке келтіру жатады.
Жедел психологиялық көмектің негізгі мақсаты - төтенше жағдайға душар болған жеке адамның патологиялық жай-күйі дамуының алдын алу. Жедел психологиялық көмектің мазмұны мен әдістері ТЖ сипатына, оның жарақаттау әсеріне (жол-көлік оқиғасы, табиғи және техногендік сипаттағы апат, террорлық актілер, қаруланған қақтығыстар) тікелей байланысты.

Жедел психологиялық көмек көрсету үшін мына жағдайлар ескерілуі тиіс:
Біріншіден, төтенше жағдайдың кенеттен болуы, бұл адамның эмоционалдық, когнитивтік сезімдеріне, жеке өміріне әсер етіп, ішкі дүниесін «бұзады», жағдаймен бетпе-бет келеді.
Екіншіден, психологиялық көмек көрсету уақытының шектелуі.
Төтенше жағдайда зардап шеккендер ауыр жағдайда болып, әсерді тез қабылдайтындықтан, көрсетілетін көмек болған оқиғадан кейін дереу көрсетілуі тиіс. Сол үшін ТЖ-да болатын психикалық жай-күй ерекшеліктерін білу керек. Өйткені бұл уақытта автоматты түрде психологиялық қорғаныс механизмдері іске қосылып, зардап шеккен көпшіліктің жеке ерекшеліктері «өшіп» қалғандай болады.
Жедел психологиялық көмек адамның психикалық және психофизикалық көңіл-күйіне қолдау көрсету, психологиялық зақымдалу нәтижесінде пайда болған адамның ауыр эмоционалдық қайғыруымен жұмысты болжайды.

Ең бірінші көмекті кімге көрсету қажет? Әдетте, ТЖ кезінде көп адам зардап шегуі мүмкін: тікелей зардап шекпесе де, олардың жақындары зардап шегеді; қатты қайғырып жүргендер, айналасындағылардың жай-күйінен қатты әсер алғандар, яғни «қайта зардап шеккендер» де болады. Сондықтан психологиялық көмекке зәру адамдарды түрлі топтарға бөліп алған дұрыс.
Бірінші топқа құрбандар, яғни төтенше жағдай ошағында қалып қойған адамдар жатады (мысалы үйінділер астында қалғандар) . Құрбан болғандарды құтқару кезінде негізгі қауіп олардың өздеріне зақым келтіретін әрекеттер жасауы мүмкін болатынында, сол үшін олармен үнемі байланыста болып, сөйлесіп тұру керек. Бұл оларға сыртқы өмірмен байланысты үзбеуі, өмір сүру үшін тіршілік ресурстарын жандандыруға септігін тигізеді. Екінші топқа - тікелей (физикалық немесе материалды түрде) зардап шеккендер, сондай-ақ өздерінің жақындарынан айырылған немесе олардың тағдырынан бейхабар адамдар. Төтенше жағдай кезінде әрбір адамның жанында психолог бола қоймайды, зардап шеккендер арасынан тәуекел тобын - ең бірінші кезекте психологиялық көмекке зәру топты анықтап алу қажет.

«Тәуекел тобындағы» зардап шеккен адамдарға құтқару қызметінің өкілдері, психологтар және волонтерлер көмек көрсетуіне байланысты апат ошағында тікелей басшылық ететін ұсыныстарды келтіреміз:
Зардап шегуші өзін бұл жағдайда жалғызбын деп сезінбеуі керек. Зардап шеккен адамның жанына келіп, «Мен жедел жәрдем келгенше, сіздің қасыңызда боламын» деп айту керек. Сонымен қатар зардап шегушіге болған оқиға туралы айтып, «жедел жәрдемнің» жолда келе жатқанын білдірген жөн.
Зардап шеккен адамды бөтен көздерден алыстату керек. Егер ондайлар қарауын қоймаса, оларға кез келген тапсырма беріп, оқиға болған жерден алыстатыңыз.
Зардап шегушімен қарым-қатынаста болыңыз.
Сөйлесіп, оның сөзін тыңдаңыз;
Мұқият тыңдаңыз, сөзін бөлмеңіз, өз міндеттеріңізді атқаруда шыдамды болыңыз. Өзіңіз зардап шегуші есінен танып бара жатса да, жайлап сөйлеңіз, ашушаңдық білдірмеңіз. Ешқашан жазғырмаңыз. Зардап шеккен адамнан: «Мен сізге қандай көмек бере аламын?» деп сұраңыз. Жаныңыз ашығаны туралы айтуға ұялмаңыз.

Алғашқы психологиялық көмек ережелері:
1-ереже: Дағдарыс кезінде зардап шеккен адамның психикалық жай-күйі қозады. Адамға бірден дәрігерлік көмек көрсетілетінін, оның сауығып кететінін айтыңыз. Адамға үміттену аса қажет.
2-ереже. Әрекетті бірден бастамаңыз. Жағдайды барлап, психологиялық көмектен басқа қандай көмек қажет екенін, зардап шеккендерге қандай дәрежеде көмек қажет екенін шешіп алыңыз. Бұған зардап шеккен бір адамға 30 секунд, бірнеше адамға бес минут уақыт бөліңіз.
3-ереже. Өзіңіздің кім екеніңізді, қандай функция атқаратыныңызды нақты айтыңыз. Көмек қажет етушінің аты-жөнін біліңіз. Оларға көмек келе жатқанын хабарлаңыз.
4-ереже Зардап шеккен адаммен дене қарым-қатынасына түсіп, қолынан ұстап, иығынан соғып қойыңыз. Басына не денесінің басқа жеріне тиісуге болмайды. Онымен бір деңгейге орналасыңыз, теріс қарап отырмаңыз.

Қасында болсаң қандай әрекет жасау керек?
Айналадағы адам санын азайту қажет.
Зардап шеккен адамның ішкі күйін сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз (мысалы, сөзбен айтып салу немесе жастықты ұрғылау) .
Жоғары физикалық күш түсетін жұмыс беріңіз.
Өзіңіздің жамандық тілемейтініңізді блдіріңіз. Зардап шекен адамның ойымен келіспесеңіз де оны кінәламаңыз, керісінше оның қылығы жайында әңгімелесіңіз. Бұлай жасамасаңыз оның агрессиясы сізге ауысуы мүмкін. «Сен қандай адамсың?» деген сөзді айтуға болмайды, оның орнына «Сен қатты ашулысың, сенің бәрін қиратқың келеді. Екеуміз бірге бұл жағдайдан шешім табуға тырысайық» деген сөздерді айтыңыз.
Қайғылы оқиғадан кейін зардап шекен адамға дер кезінде қол ұшын беру оған көп көмегін тигізеді, сонымен қатар оның болашақта тұйық қорқу, жазықтылық және ашынушылық шеңберіне түсіп қалудан қорғайды.

Мамандар келгенше, балаға психологиялық көмек көрсету әдістері
Сәтті психологиялық көмек көрсету үшін баламен байланыс орнату қажет, сізге сенетіндей етіп жасау керек, бірақ ол оңай емес. Балалармен байланыс орнату ойыншықтар арқылы жақсырақ жүзеге асады. Зардап шеккен балаға көмек көрсеткісі келген адамға қиялдай бастау қажет, ойыншық алып шығу немесе жасау, немесе кілттері бар брелок, ұялы телефонды, жерден көтерген әдемі тасты қолдану қажет.
Баланы демалуға болатын қауіпсіз орынға апару қажет. Сонымен қатар онымен сөйлесіп, онымен бірге болу керек. Егер бала жақын адамынан айрылса, ол жалғыздықты сезеді, оған сүйеніш пен қолдау керек.
Қазір не болып жатқаны туралы баланы хабардар ету шарт: «Құтқарушылар келе жатыр, қазір көмек келеді». Ақпаратты шынайы беру қажет, өйткені қатты күйзелу кезінде балалар эмоцияларды жақсы қабылдайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz