ҚҰЙМА ҮЛГІСІН ЖАСАУ



ҚҰЙМА ҮЛГІСІН ЖАСАУ

Жоспар:
Үлгі мен үлгі тақтасы
Құю көлбеулігінің түрлері
Үлгінің өзекше белгісі
Үлгi жинағын оны жасауға қолданылған материал
Ағаш үлгілер
Ағаш үлгісін жасау үрдісі
Ағаш үлгілерінің жіктелуі
Пластмасса үлгілер
Гипс үлгілер
Пенополистирол үлгілері
Металл үлгілер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ҮЛГІ МЕН ҮЛГІ ТАҚТАСЫ:
Құю әбзелдерi - құйма қалыбын жасау үрдiсiнде қолданылатын құралдар мен саймандардың жиынтығы.
Құйма қалыбын жасаудағы атқаратын рөлiне қарай әбзелдер
Негізгі
Көмекші

Негiзгi әбзелдерге үлгi жинағы жатады (1 сурет) . Оның құрамына үлгi (а) өзекше жәшiктерi (б), құю жүйесiнiң үлгiлерi, үлгi тақтасы (в) және қимаүлгілер кiредi.
а - ажырамалы үлгі; б - өзекше жәшігі; в - үлгі тақтасы
1 сурет -Үлгі жинағының түрлері

Көмекшi әбзелдерге қорам, қорамасты тақтасы немесе тақташалар, жәкет, кептiргiш тақталар, дәлдегiш қадалықтар, қапсырмалар және т. б. жатады.
Үлгi деп құю қалыбының iшiнде пiшiнi мен өлшемдерi құймаға сәйкес болатын қуыс дайындауға арналған құралды айтады. Үлгiнi қалыптан және өзекшенi өзекше жәшiгiнен шығаруды жеңiлдету үшiн үлгi мен өзекше жәшiгiнiң бүйiр беттерiн сәл көлбеу етiп жасайды. Оны құю (немесе қалыптау) көлбеулiгi деп атайды.
Үлгi мен өзекше жәшiктерiнiң көлбеулiгiнiң шамасы қарастырып отырған беттiң биiктiгiне h байланысты 0015' (h>2000 мм болғанда) және 30 (h<20 мм болса) арасында болып келедi.

ҚҰЮ көлбеулігінің түрлері

Үлгi мен өзекше жәшiгiнiң өлшемдерiн құйма қорытпасының шөгу (отыру) шамасы мен механикалық өңдеуге арналған әдiптi есепке ала отырып анықтайды. Үлгi жасағанда тежеулi (құю) шөгуiн ескередi. Механикалық өңдеуге арналған әдiптi МЕСТ бойынша құйманың материалына, оның ең үлкен өлшемiне, өндiрiс сипатына (жаппай, сериалы, сирек), құйманың күрделiлiгiне, дәлдiк санатына байланысты тағайындалады.
Құю кезiнде металға араласқан қож, қалып қоспасының қоқыстары, газ және басқалар құйманың үстiңгi жағына барып жиналатындықтан жоғары орналасқан беттерге төменгiлерге қарағанда әдiптi сәл үлкендеу етiп қабылдайды.
Қолмен қалыптау әдiстерiнде үлгiнi қалыптан шығару кезiнде оны алдымен қаққыштап қозғап алады да, соның салдарынан құйманың өлшемдерi сызбада көрсетiлгеннен үлкен болып шығады. Осыны ескерiп, құйманың өлшемдерiн мейлiнше дәл шығару үшiн терiс әдiп тағайындалады. Терiс әдiп деп құйманың сыртқы қабырғасының қалыңдығын сыртқы өлшемiн азайта отырып шектен шығармай кiшiрейтудi айтады.

ҮЛГІНІҢ ӨЗЕКШЕ БЕЛГІСІ
Үлгiнiң өзекше белгiсi - iшiне өзекше салуға арнап қалып қуысында «өзекше ұясын» жасауға керек болатын үлгiнiң арнаулы бiр бөлiгi. Өзекше белгiсi қалып iшiндегi өзекшенi орнықты ұстап тұруға, қалыпқа металл құю кезiнде бөлiнетiн газдарды өзекше iшiнен сыртқа шығаруға арналады. Өзекше белгiсi тiк және көлденең орналасқан болып жiктеледi. Өзекше белгiсiнiң өлшемдерiн анықтағанда, оған өзекшенiң өз массасының, сұйық металдың түсiретiн қысымының салдарынан оның майысып немесе сынып кетпейтiндей етiп есептелiнуi тиiс. Өзекшенiң белгi бөлiгi қалыптағы белгi ұясына еркiн орнығуы керек, сондықтан қалып ұясы мен өзекше белгiсiнiң арасында шамалы саңылау болуы тиiс. Саңылау шамасы қалып күйiне (кебу, дымқыл), өзекше мен оның белгiсiнiң өлшемдерiне қарай анықталады. Кебу қалыптағы саңылаудың шамасы дымқыл қалыппен салыстырғанда үлкендеу болады, себебi - кебу қалыптың көнiмдiлiгi аздау келедi.

Үлгi жинағын оны жасауға қолданылған материал түрлерiне қарай:
Металл емес (пластмасса, гипс, цемент және т. б. )
Ағаш
Металл

АҒАШ ҮЛГІЛЕР
Ағаштан жасалатын үлгi әбзелдерiн сирек және ұсақсериялы өндiрiстерде қолданады. Үлгi материалы ретiнде ағаштың оңды қасиеттерi бар. Олар: тығыздығының аздығы (жеңiл), жақсы өңделуi (жону, кесу), желiм, шеге, шуруп көмегiмен қосып-жалғауға қолайлы болуы. Ағаштардың кемшiлiгiне жататындар - құрылымының әркелкiлiгi, ылғал сiңiру және шығаруы, осыған байланысты механикалық қасиеттерiнiң және көлемiнiң (өлшемдерiнiң) тұрақсыздығы.
Ағаштарды тегiне қарай қылқанды және жапырақты деп екi топқа бөледi. Қылқанды ағаш түрлерiне қарағай, шырша, самырсын, қара самырсын және басқалар жатады. Олардың бәрiнiң жапырақтары ине түрiнде болып келедi де, көлденең кесiндiсiнде жасын көрсететiн жылдық сақиналар көрiнiп тұрады. Жапырақты ағаштарға қандыағаш, жөке, шамшат, үйеңкi, қайың және т. б. жатады. Үлгi жасауға көп қолданылатындар қарағай, шырша, қандыағаш, қара самырсын, шамшат, үйеңкi және қайың ағаштары.
Ағаштардың физикалық қасиеттерiне ылғалдылығы, тығыздығы, түсi, иiсi және басқалар жатады. Осылардың ең маңыздысы - ылғалдылығы. Ылғалдылықты анықтау үшiн ағашты кептiрмей тұрып массасын бiр өлшеп, одан кейiн 105 оС температурада әбден кептiрiп барып екiншi рет өлшейдi де, осы массаларының айырмасын кебу массасына шағып, пайыз бойынша көрсетедi. Үлгi жасауға қолданылатын ағашты ылғалдылығы 8-15% болатындай етiп кептiрiп алады.

Ағаш үлгiлер төмендегiдей болып жiктеледi
Өлшемдерi бойынша: ұсақ, орташа, iрi үлгiлер болады. Қолмен қалыптағанда ұсақ үлгiлердiң өлшемдерi 500 мм-ге дейiн, орташалар - 500 ден 1500 мм-ге дейiн, iрi үлгiлер - 1500 мм-ден үлкен болып келедi. Машинамен қалыптауда ұсақ үлгiлердiң өлшемдерi 150 мм-ге дейiн, орташалар - 150 ден 500 мм-ге дейiн, iрi үлгiлер - 500 мм-ден үлкен болып есептеледi.
Күрделiлiгi бойынша: қарапайым, орташа күрделi, өте күрделi үлгiлер деп аталады. Алғашқыларына ажырамайтын (тұтас) және ажырайтын бетi жазық үлгiлер жатады. Олардың пiшiнi қарапайым, өзекше белгiсi жоқ немесе өзекше белгiсiнiң түрi цилиндр, конус не болмаса төртбұрышты болып келедi.
Дәлдiгi бойынша: I, II, III - санатты дәлдiгi бар үлгiлер. Үлгi дәлдiгi құймаға берiлген тапсырыс көлемiне байланысты. Неғұрлым тапсырыс көлемi үлкен болса, соғұрлым үлгi дәлдiгiнiң санаты жоғары болуы тиiс.
Берiктiгi бойынша: 3 түрлi берiктiк санаты бар. I - санатты берiктiгi бар үлгiлер ұсақ сериялы және сериялы (мезгiл-мезгiл қайталанып тұратын тапсырыс болған жағдайда) өндiрiсте қолданыс тапқан. Берiктiгi II - санаттағы үлгiлер бiр-ақ мәрте тапсырыс берiлген сериялы және ұсақ сериялы өндiрiсте, ал III - санаттағы үлгiлер құйманың кез-келген түрiн бiр-бiрлеп сирек өндiргенде қолданылады.

Ағаш үлгіні жасау үрдісі
үлгі сызбасын әзірлеу;
үлгі дайындамасын жасау;
дайындаманы өңдеу;
үлгі бөлшектерін жинақтау (шпунт немесе тиекшелер арқылы жалғастырып желімдеу) ;
үлгіні бақылау, қабылдау және сырлау.

Үлгiлерді жобалау
Үлгi әбзелдерiн жобалау жұмысы құйманың технологиялық сызбасын әзiрлеуден басталады. Оны берiлген бөлшектiң сызбасы бойынша әзiрлеп, тiкелей құрылғылау сызбасына салып орындайды. Құйманың технологиялық сызбасында МЕСТ 2. 423-73 -ке сәйкес құйманың қалып iшiнде орналасуын (тiгiнен немесе көлденеңiнен, болмаса басқадай) және қалыптың ажырамалы бетiн көрсетедi. Осыдан кейiн құйманы механикалық өңдеуге арналған әдiптi тағайындайды, шөгудi және көлбеулiктi, өзекше белгiсiнiң өлшемдерiн, өзекшелердiң арасындағы шекарасын көрсетедi, құю жүйесiн жобалайды.
Үлгіні майлы бояумен сырлайды да бетін тегістеу және ылғал өтпейтіндей етіп оның үстінен сілтілі лакпен жабады. Шойын құйма жасауға арналған үлгіні қызыл, болат құйманың үлгісін сұр, ал түсті металдан алынатын құйманың үлгісін сары түсті бояумен сырлайды. Өзекше белгісі мен металмен жанаспайтын басқадай бөліктерін қара түске бояйды.
Үлгi жасау жұмыстарында қолданылатын қол ара екi түрлi - кермелi (садақша) және кермесiз (қатаң) аралар.

Пластмасса үлгiлер
Үлгi жасауға пластикалық массаларды пайдалану жұмысты жеңiлдетедi, түстi металдарды үнемдеуге жағдай тудырады, өндiрiстiк алаңды және станок жабдықтарының санын қысқартады. Пластмассадан жасалған үлгi бойында ағаштан және металдан жасалған үлгiлердiң бар жақсы қасиетi тоғысқан. Олардың массасы жеңiл, коррозияға төзiмдiлiгi жоғары, ағашқа қарағанда берiктiгi артық, бетiне қалып қоспасы жабыспайтын болады. Металдан жасалған үлгiлермен салыстырғанда пластмасса үлгiлердiң құны арзан. Көп жағдайда механикалық өңдеудiң қажетi болмайды. Пластмассаларды сериялы және iрiсериялы өндiрiстерде ұсақ және орташа үлгiлердi жасауға пайдаланады. Ондай үлгiлердiң жұмысқа жарамды мерзiмi қолмен қалыптағанда 4000 қалыпқа дейiн алуға, ал машинамен қалыптағанда - 35000 қалыпқа дейiн жетедi.
Пластмасса үлгiлер жинағының екi санатты берiктiгi болады: I - санаттағы берiктiгi барлары iрiсериялы және сериялы өндiрiсте, II - санаттағылар - ұсақсериялы және сирек өндiрiсте қолдануға арналған. Берiктiк санатына қарай пластмасса үлгiлердi жасаудың негiзгi екi әдiсiнiң бiрiн таңдайды, олар - құйып немесе жанастырып.
Үлгi өндiрiсiнде кеңiнен қолданыс тапқандар - эпоксидты шайыр және акрилаттар негiзiндегi суықтай қатаятын пластикалық массалар. Эпоксидты шайыр түсi сарыдан қоңырға дейiн, бөлме температурасында тұрақты және температура төмендегенде қоюлана беретiн тұтқыр қоймалжың сұйық түрiнде болады. Үлгi жасау үшiн эпоксидты шайырға пластификаторлар, қатайтқыштар және толтырғыштар қосады.

Гипс үлгілер
Гипс пен цемент сияқты тез қатаятын материалдар ұсақсериялы және сериялы өндiрiстердегi үлгi жасау үрдiсiн айтарлықтай жылдамдатады.
Гипстен қолмен қалыптау әдiсiне арналған пiшiнi қарапайым шағын үлгiлердi, үлгiастындағы тақталарды және тұтас құйылатын үлгi тақталарын жасайды. Басты кемшiлiгi - соқпалы күш түскенде берiктiгiнiң аздығы және ылғал сiңiргiштiгi. Сол себептi сiлкiлеушi машиналарда қалыптау үшiн қолдануға жарамайды. Гипстiң негiзгi артықшылығы - бағасының арзандығы және үлгi жасау жұмысының қарапайымдығы. Атап айтқанда, шөгу деген болмайды, тез қатаяды және жақсы өңделедi.
Гипс кальцийдiң сулы күкiртқышқылды тұзы CaSO4·2H2O болып табылады. Гипстiң тығыздығы 2, 2 - 2, 4 г/см3. Үлгi жасауға 3-5 минут iшiнде қатая бастайтын қалыптаушы гипс түрiн қолданады. Гипс массасының құрамына 5 бөлiк құрғақ гипс, 1 бөлiк цемент және 1 бөлiк майда кварц құмы кiредi. Тар көздi елек арқылы еленген медициналық гипс немесе құрылыс гипсiн алуға болады. Ылғалын шығаруға және бұдан былай ылғал тартуын азайту үшiн гипс массасын алдын-ала 150 0С температурада кептiрiп алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz