Балқитын үлгіге құю




Презентация қосу
Балқитын үлгіге құю
Рамазанова Аяулым, мт-301
Құймаларды балқығыш үлгілер бойынша құюмен жасау
процесінің мәні мыналардан тұрады.
Бөлшектің сызбасына сәйкес, үлгі құрамыны ң
балқығышқорытпасының шөгуін, сонымен қатар
механикалық өңдеу әдісін есепке ала отырып пресс қалып
жасайды;
Оған шприцпен қаймақ тәріздес күйдегі үлгілік
құрамды(парафиннің стеаринмен қоспасы) сығымдайды;
Үлгілі құрамды пресс-қалыпта суытқаннан ж әне
қатайған соң одан болашақ құйманың парафин-стеаринді
үлгісіншығарып алады;
Сондай үлгілердің бірнешеуін тік арна ға д әнекерлейді,
суспензиямен жабады.
Оларды құммен себеді және кептіреді
(соңғы операцияны 3-тен 4 ретке дейін
қайталайды);
Дайындамалардың үлгілерін тік арнамен
бірге ыстық сулы ваннаға орналастырады,
мұнда олар өздерінің айналасындағы
қалыптасқан (3) немесе (4) қабатты
қабықшалы қалыптардан балқытылады;
Одан әрі қабықшалы қалыптар кептіріледі
және парафинді-стеаринді балқытылған
қоспаның қалдықтарын кетіру мақсатымен
электр пештерінде 900-10000С
температурада қыздырады;
Қыздырылған қабыршақ қалыптар ыстық
күйінде опокаларға қалыптастырылады
(қыздырылған құрғақ құм
пайдаланылады) және түсті немесе
көміртекті темір қорытпасымен құйылады;
Суытылған құймалар шырша түрінде
опокалардан шығарылады,
Олардың беттерінен құмды кетіреді;
Құймаларды тік арнадан бөліп алады,
олардан қыш қалдықтарын сілтімен
өңдейді, бақылайды сонан соң қоймаға
жіберіледі.
Бұл құю тәсілі тәжірибе жүзінде барлық металл
қорытпаларынан, оның ішінде тіпті механикалық
қиын өңделетіндерінен, көп жағдайда
құрастыруға дайын (+ 0,05 мм дәлдік шегімен
және 3-тен 6 дейін бетінің Rа кедір-
бұдырлығымен) к ү р д е л і және м ө л ш е р л е
р і б о й ы н ш а д ә л д і қ ұ й м а л а р ды
алуды қамтамасыз етеді. Мысалы, электр
қозғалтқыштардың щетка ұстаушылардың, іс
тігетін машиналардың қайық-тары, реактивтік
авиациялық қозғалтқыштардың қалақтары
сияқты күрделі бөлшектерді дайындайды,
оларды металл өңдеудің басқа тәсілдерімен
жасауға болмайды немесе экономикалық
мақсатқа сәйкес келмейді.
Тез балқитын үлгі құрамдарын дайындау

Т.Б.Ч.Қ.электрлік немесе газ жылуы бар су,
глицерин немесе май жылыт қыштарында
дайындайды. Бастапқы материалдары 300-500 мм
дейін ұсақтайды, ол қорытылу процесін
шапшаңдатады. Қорытылған үлгі құрамын 0,2
металл тор көз арқылы араластырады және сүзеді.

Тәжірибелік өндіріс жағдайларында үлгі
құрамдардары электр ванналарында компоненттерді
(сыңарларды) балқыту мен термостаттарда паста
тәрізді массаны дайындаумен алады. Үлгі құрамды
дайындау үшін қондырғыларды араластыру
принципі бойынша келесі түрлерге бөлед (3.2-сурет).
1-қалақтылар; 2-поршенділер; 3-шнектілер; 4-тісті доңғалақтылар
3.2 – сурет - Технологиялық қондырғылардың түрлері
1. типті қондырғыларда үлгі құрамы тік білікке бекітілген
қалақтармен араластырылады. Қалақтар айнала отырып
ауаны қамтып, оны араластырады. Престеу кезінде ауа
сығылады және үлгі құрамы шөгуінің азаюына ықпал
етеді.
2. типті қондырғыларда араласу үлгі құрамы поршень
қозғалып тұрғанда тесік арқылы өту кезінде болады.
Кемшілігі-поршендер мен цилиндрлардың тез тозуы.
Поршенді және қалақты араластыру қондырғылары
паста тәрізді күйдегі төмен тұтқырлықты үлгі құрамдары
үшін жарамды. Мысалы, парафин-стеаринділер үшін.
3. типті қондырғыларда араластыру
шнекпен жүзеге асырылады.
4. типті қондырғы ең универсал және
мүлтіксіз. Мұндай қондырғыларды қоныр
көмірлі және шымтезекті-балауызды;
церезинді, жоғары тұтқырлықты үлгі
құрамдарды араластыру үшін
қолданады.

Ұқсас жұмыстар
Негізді дайындау
Болат, шойын, түсті металл қортпасынан құйма жасау
Дәрілік заттарды және негізді дайындау
Бейметалдарға тән сипаттаушы қасиет
Менің ойымша - СССР
Металдар өндірісі туралы ақпарат
Электр доғалық дәнекерлеу
Тағамдағы хром
Металдар (презентация)
Сызат түсірумен қаттылығын анықтауға арналған аспап
Пәндер