Құю өндірісінде аддитивті 3D-технологияларды қолдану


Slide 1

Құю өндірісіндегі Аддитивті технология

Орындағандар: Кашкинбай С.

Асылхан Д.

Ғылымбек Ж.

Тексерген: Шошай Ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Аддитивті технология

3D Технологияны пайдаланып құм қалыпта құйма жасау

Технологиялық процестің рет-ретімен орындалуы

Аддитивті технологияның артықшылықтары

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Кез - келген өндірісті жетілдірудің негізгі бағыты белгілі технологияларды жетілдіру. және материалдардың шығынын, еңбек және қуат шығындарын азайту, еңбек жағдайын жетілдіру, коршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға және соңғысында өндіріс нәтижелілігін және өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялық процестерді жасау болып табылады.

Slide 4

Аддитивті технология

Аддитивтік технология революциялық технология деп бекер аталмайды. Бұл технология өндірістегі өнімдерді дайындау уақытын бірден он есеге қысқартты деп айтуға болады. Мысалы, автомобиль қозғалтқышының цилиндрлік прототипін жасауға жарты жыл уақыт керек болса, бұл технологияның көмегімен оны 3D принтерде 2 апта ішінде басып шығаруға мүмкін болып отыр. 3D принтерде басып шығару тек уақытты үнемдеп қана қоймай, кез келген күрделі пішіндегі құймаларды алуға мүмкіндік береді.

Slide 5

3D Технологияны пайдаланып құм қалыпта құйма жасау

Құм қалыпта құйма жасау ең бірінші математикалық үлгіні (көлбеу, шөгу т. б. Параметрлерін анықтау) жасаудан басталады

Одан кейін үлгіні аддитивті қондырғыға ауыстырады. Бұл технологияның басты артықшылығы үлгіні камераға қойып, бір операцияда бірнеше үлгіні басып шығаруға болады

Slide 6

3D Технологияны пайдаланып құм қалыпта құйма жасау

Келесі кезең үлгілерді өңдеу. Тағы бір назар аударатын жағдай материалды үнемдеу үшін үлгінің іші қуыс болып жасалады. Қажет болған жағдайда бос қуысқа шайыр толтырып құрылымды қатайтуға болады. Содан кейін үлгінің бетін өңдеп, бекіту үшін арнайы бояу жағады

Сонымен 3D технологияны пайдаланып құм қалыпта құйма жасаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылықтары:

өндірістік циклдің айтарлықтай төмендеуі;

өндіріс процесіне бірнеше инженерлерді немесе басқа технологтарды тарту қажет болмайды;

3D принтерінде бір мезгілде бірнеше өнімдерді басып шығаруға мүмкіндік береді

Slide 7

Технолгиялық процестің рет-ретімен орындалуы

1) Пластикалық үлгілер принтерде басып шығарылғаннан кейін плитаға орнатылады

2) Опокалар орнатылады

3) Формалар силиконмен толтырылады

4) Силикондық массадан ауа көпіршіктерін алып тастау үшін, газсыздандыру камерасына орналастырылады.

Slide 8

Технолгиялық процестің рет-ретімен орындалуы

5) Келесі кезекте опокалар алынып тасталады

6) Содан кейін ең күрделі саты- силикон қалыпты құймадан бөліп алу

7) Келесі кезеңде силиконды қайта құрастырып оған құйма балауызын құяды, одан кейін құйманы арнайы ерітіндіге батырып керамикалық құм себелейді, сосын құйманы қыздырып металл құяды. Кейін оны тазартып өңдейді. Құйма дайын!

Slide 9

Өнімділігінің жоғары болуы;

Құйма дәлдігінің жоғары болуы;

Құйма бетінің мінсіз тегістігі;

Тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі;

Сапалы материалдардың қолданылуы;

Пішіні күрделі құймаларды алу мүмкіндігі

Аддитивті технологияның артықшылықтары

Slide 10

Аддитивті технологияның кемшіліктері

Технология бағасының қымбаттылығы

Үлгілердің бір ақ мәрте қолданылуы

Slide 11

Қорытынды

Қорыта келгенде аддитивті технологиялар кез келген күрделі пішіндегі бұйымдарды еш қиындықсыз аз уақытта жасап шығаруға таптырмайтын технологиялардың бірі болғандықтан оның құю өндірісінде алатын орны өте зор!


Ұқсас жұмыстар
Сыра өндірісінде қолданылатын автоматтандырылған таразылар мен құю құрылғылары: жұмыс істеу принциптері мен техникалық сипаттамалары
3D модельдеу және анимация: бағдарламалар, этаптары және қолдану салалары
Кокильге құю технологиясы: технологиялық процесі, артықшылықтары, кемшіліктері және қолдану салалары
Білім беру менеджментінде ақпараттық технологияларды қолдану
Математиканы оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану
3D модельдеу және анимация: 3D кеңістігіне кіріспе және Blender бағдарламасының интерфейсі
Ауылшаруашылық техникасына оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі
Сұлыдан ферментативті гидролизат дайындау технологиясы және оны тәтті нан өндірісінде қолдану
Жол-технологиялық байланыс (ЖТБ) желісін ұйымдастыруда сымсыз технологияларды қолдану
Тілдерді оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әдістері және сабақты жоспарлаудың талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz