Қызылиек қабынуы



Қызылиек қабынуы

Гингивит - тіс-қызылиек байламының бұзылуынсыз өтетін қызылиек қабынуы. Көбінесе кішкентай балаларда, жасөспірімдерде және жасы 30-дан асқан адамдарда кездеседі.

Этиологиясы
Тіс қағының, тіс тасының, тіс-жақсүйек жүйесінің аномалиялары мен деформациялары, механикалық, химиялық, сәулелік жарақаттар және т. б.
Ауыз қуысының нашар гигиенасы және онда микрофлораның жинақталуы;

Жіктелуі
Түрі: катаральды, гипертрофиялық ісінген, гипертрофиялық фиброзды, жаралы-некротикалық, атрофиялық.
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі, ремиссия.
Жайылуы: жергілікті, жайылған.

Катаральды қызылиек қабынуы
Жедел түрі тістердің жарып шығуы мен ауысуы кезеңіне сәйкес келеді. Жедел инфекциялық және басқа жалпы соматикалық аурулар кезінде байқалады.

Созылмалы катаральды қызыл иек қабынуы
Шағымдары болмауы мүмкін, науқастың басқа жағдайлар бойынша келуінде анықталады(санация) .
Обективті қараған кезде қызылиектің ісінуі, гиперемиясы, цианозы, әсіресе тісаралық емізікшелердің төбесіндегі шектелген десквамация ошақтары, эрозиялар анықталады. Пародонтальды қалталар болмайды. Жұмсақ тіс қақтары мен тіс тастары болады. Қызылиек сұйықтығының көлемі артады, Шиллер-Писарев сынамасы оң, Ясиновский бойынша лекоциттердің эмиграциясының жоғарылауы, Кулаженко сынамасы бойынша капиллярлардың қарсыластығының төмендеуі байқалады. Рентгенографияда альвеолярлы өсіндінің сүйекті тінінде өзгерістер болмайды, кортикальды пластинкалардың тұтастығы бұзылмайды.


Гипертрофиялық қызылиек қабынуы. Ісінген түрі.
Шағымы: Қызылиек емізікшелердің өзгеше түріне, қызылиек қанағыштығы мен тағам қабылдау кезіндегі ауыру сезімі.
Жалпы жағдайы: өзгеріссіз.
Объективті: Қызылиек шеті мен қызылиек емізікшелерінің өсуі, олар тіс сауытының 1\3, 1\2 жауып тұрады. Өскіндер цианозды, ісінген, жылтыр, тегістелген. Жұмсақ қақ анықталады.
Сүңгілеу: Қызылиек байламы бұзылмаған, қызылиек қанағыштығы.
Реопародонтография: сапалық және сандық көрсеткіштердің өзгерістері.
Рентгенография: альвеолярлы өсіндінің сүйекті тінінде өзгерістер болмайды


Гипертрофиялық қызылиек қабынуы. Фиброзды түрі.
Шағымы: косметикалық ақау, қызылиектің өзгеше түрі, қызылиек шегінің және тісаралық емізікшелердің ұлғаюы.
Қызылиек шеті мен қызылиек емізікшелерінің өсуі, олар тіс сауытының 1\3, 1\2 жауып тұрады. Өскіндер бозғылт, тісаралық емізікшелер деформацияланған, қанағыштық болмайды. Жұмсақ қақ анықталады.
Сипап тексеру: Ауыру сезімінсіз, өскіндердің қатты консистенциясы. Реопародонтография: сапалық және сандық көрсеткіштердің өзгерістері.
Рентгенография: альвеолярлы өсіндінің сүйекті тінінде өзгерістер болмайды


Жаралы қызылиек қабынуы.
Шағымы: тағам қабылдағанда, сөйлегенде ауыру сезімі, ауыздан жағымсыз иіс шығуы, сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі.
Жалпы жағдайы: жаралы процесстің таралуына байланысты бұзылған, бас ауруы, интоксикация белгілері, буындардағы ауыру сезімі, температура жоғарылауы.
Сыртқы көрінісі: бет терісінің жертүстес болуы, регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз қуысында қызылиек шегі лас сұр түсті некротикалық қақпен қапталған, тісаралық кеңістік аңырайған. Жұмсақ тіс қақтарының, қызылиек үстіндегі тіс тастарының көп болуы.
Пальпация: ауыру сезімімен.
Шиллер-Писарев сынамасы: оң
Жалпы қан анализі: лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы, лейкограмманың солға жылжуы.
Реопародонтография: сапалық және сандық көрсеткіштердің өзгерістері.
Рентгенография: альвеолярлы өсіндінің сүйекті тінінде өзгерістер болмайды


Атрофиялық қызылиек қабынуы
Ауру қызылиек емізікшелерінің, қызылиек шегінің атрофиясымен сипатталады. Оның шектелген және диффузды түрлерін ажыратады.
Шектелген атрофиялық қызылиек қабынуы бір тіс аймағында дамиды, көп жағдайда симметриялы, әсіресе сүйір тістер мен премолярларда. Атрофия нәтижесінде қызылиек шегі жойылады, тіс мойыны мен түбірі жалаңаштанады. Ақауды қоршаған қызылиек білік тәрізді, созылмалы катаральды қабыну сипаттамаларын иеленеді. Кейде химиялық, механикалық әсерлерге жоғары сезімталдық анықталады.


Диффузды атрофиялық қызылиек қабынуы.
Азырақ кездеседі. Бұл кезде қызылиек ретракциясы жақтың вестибулярлы жағынан жүреді. Кейін тістердің мойын бөлігі жалаңаштанады. Қызылиек өзіне тиесілі формасынан ауырылады, тісаралық кеңістік аңырайған болады. Ауру симптомсыз жүреді, тек тіс мойыны жалаңаштанған кезде жоғары сезімталдық анықталуы мүмкін.


Салыстырмалы диагностика
Қызылиек қабынуының түрі
Салыстырылатын ауыру түрі
Ортақ клиникалық сипаттамалары
Айырмашылықтары
Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы
Созылмалы пародонтиттің жеңіл түрі
Қызылиек шегінің цианоздығы, ісінуі, сүңгілеу кезінде қанағыштық
Пародонтитте - тіс-қызылиек байламының бұзылысы, тереңдігі 3-3, 5 мм пародонтальды қалталар. Жекелеген тістер аймағындағы тіс мойнының жалаңаштануы. Рентгенограммада - альвеолаарлық аймақтың кортикальды пластинкасының резорбциясы, альвеоларалық қалқаның түбірдің 1\3 деңгейінде биіктігінің төмендеуі мен остепарозы.
Гипертрофиялық қызылиек қабынуы, фиброзды түрі
Қызылиек фиброматозы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz