ИДИОПАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ІСІК ТӘРІЗДІ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ




Презентация қосу
ИДИОПАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ІСІК
ТӘРІЗДІ АУРУЛАРЫ БАР
НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ
ЭОЗИНОФИЛЬДІ ГРАНУЛЕМА. ЕМІ.
Өздігінен емделетін кездері де 
белгілі.Левимизол иммуномодуляторы 
қолданылады – 2 мг/кг 4­6 апта аралығында 
(локализациялық түрінде)
Rt­терапия.

Химиотерапия – циклофосфан, винкристин.

Гормональды терапия – преднизолон.

Криотерапия, хирургиялық жою. Резекция 
және ақаудың трансплантатты пластикасы.
ХЕНД­ШЮЛЛЕР­КРИСЧЕН АУРУЫ.

Холестерины аз диета, гипофиз препараттары, 
қан құю, антибиотиктер, стероидты терапия 
және сәулелі терапия. Егер науқаста қантсыз 
диабет болса, емді аралық ми мен оның 
қосалқыларын сәулеленуді 30­50­100 р 1­3 
күннен кейін 200­400 р ға жеткізеді.  Келесі 
сәулеленуді бірінші курстан кейін жағымды 
әсерлер болғаннан кейін қайталайды. 
Дер уақытында қолданылған рентгенотерапия 
жергілікті ошақтардың қалыптасуына және 
процесс генерализациясын тоқтатады. 
Болжамы: шамалы. Спонтанды ремиссиялар 
болуы мүмкін.
ПАПИЙОН ЛЕФЕВР СИНДРОМЫ

Ем междисциплинарлы. Терілік көріністерді 
жою үшін науқас дерматологқа жіберіледі.  
Пародонтальды көріністерді жою үшін:
Амоксициллин (500 мг күніне 3 рет) 
метранидазол (400 мг күніне 3 рет) 
Ауыз қуысын шаю(хлоргексидин глюконаты 
0,2%ерітіндісі 10 мл күніне 2 рет)
Ауыз қуысы гигиенасын үйрету және жүргізу

Тіс қозғалғыштығының 3 дәрежелі 
қозғалғыштығы бар тістерді жұлу. 
АБТ­ЛЕТТЕР­ЗИВЕ СИНДРОМЫ.

Жекелеген ошақтарда күту тактикасы 
қолданылады, кортикостероидтармен ошақ 
инфильтрациясы (40­200 мг 
метилпреднизолон) немесе ауру синдромы 
анықталған кезде төмен дозалармен (5­6 гр) 
сәулелену. Полихимиотерапия өте жақсы 
нәтижелер көрсетеді, бұл кезде 
преднизолон+вепезид+венбластин 
.Экспериментальды емге 2­
хлордеоксидеонозин, ретиноид, талидомид, 
циклоспорин А, интерферон альфа, бірақ 
келтірілген препараттардың ешқайсысының 
әсері толық дәлелденбеген.
ДЕСМОДОНТОЗ
Емі пайда болған симптомдарды жоюға бағытталаған.  
Яғни алдымен қызылиек қабынуының белгілерін 
жояды, ол үшін антисептикалық ерітінділер, шөп 
тұндырмалары қолданылады. 
Тиянақты тұрақты түрде тістердің профессионалды 

тазартылуы, арнайы пасталармен өңдеу жүргізіледі. 
Жалпы организмді күшейту үшін иммуномодуляторлар, 
витаминді комплекстер қолданылады. Егер қабыну 
белгілері болса, қабынуға қарсы препараттар, ал егер 
ірің болса, арнайы эндодонтиялық ем жүргізіледі. Егер 
де десмодонтоз дами берсе, және тістерді сақтау мүмкін 
болмағанда, алынбалы протездер қолданылады, егер 
бірнеше тіс болмаса – көпіртәрізді протездер, егер 
толықтай жойылса – жоғарғы және төменгі жаққа 
толық протездер қойылады.
ФИБРОМАТОЗ
Емі: өсіп кеткен қызылиекті сүйек қабына 
дейін кесу. Жарақат аймағын йодофорды 
марлімен, оның үстінен – қорғаныш 
пластинкасымен(жоғарғы жақта). Төменгі 
жақта йодоформды марлі жеткілікті.
ЭПУЛИС
Емі түзілісті алып тастаумен жүреді. 
Эпулистен сәл қашықтықта кесінді 
жасалынады, кейін ол сүйек қабымен бірге 
алынып тасталынады. Егер операция 
гиганттыджасушалы гранулемаға жасалса, 
сүйек тіні де алынып тасталынады. Егер 
түзіліс 1 см­ден үлкен болса,ота жұтқыншақ 
тампонадасымен наркозбен жасалынады. 
Оталанған аймақ йодоформды марлімен 
жабылады. Тістер тек жоғары 
қозғалғыштықта жұлынады.
ПАРОДОНТАЛЬДЫ КИСТА
Цистэктомия – қуысты ашып, оның қабығының 
сүйек тінінен толық алынуы жүргізіледі. Себепті 
тіс жұлынады немесе түбір ұшының 
резекциясымен сақталынады. Үлкен кисталардан 
кейін қалған кеі қуыс сүйек тінімен 
толтырылады. Кейін жарақат тығыз тігіспен 
жабылады. Сүйектің толық қалпына келуі 
бірнеше айдан кейін жүзеге асады.
Кейде кистаны толық алып тастау мүмкін емес.  

Бұл кезде цистотомия жүргізіледі: киста қуысы 
тек сыртынан ашылады (тесік жасалынады), 
осылайша көрші тіндерге түсетін қысымды 
төмендетеді. Егер осы тесікті юірнеше ай ашық 
ұстаса, қуыс кейіннен сүйек тінімен толады.

Ұқсас жұмыстар
БІРІНШІ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН АУРУЛАР
Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру
Аурудың анамнезі
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Мейірбикелік тексеру
Бауыр топографиясы
Жатыр мойнының ісік алды аурулары
Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
Пәндер