Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер


Slide 1

Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер

Клиникалық тексеру

Ортодонтияда клиникалық және арнайы анықтау әдістері қолданылады. Клиникалық тексеру ортодонтияда диагнозды қою кезінде негізгі болып табылады. Оған сұрастыру (анамнез жинау), науқасты сыртқы қарау, бетті қарау, ауыз қуысын қарау кіреді.

Slide 2

Клиникалық тексеру

Сұрастыру Құжаттық мәліметтер. Анамнез. Жалпы анамнез:жүктілік кезінде анасының денсаулығының жағдайы, босанудың ағымы; дүниеге келген кезде баланың жағдайы;

баланың қоректену тәсілі және мерзімдері; баланың денсаулығының жағдайы, басынан кешірген аурулары; сүт тістердің жарып шығу мерзімдері;

бала қашан жүре және сөйлей бастады; ұйқы кезінде баланың қалпы; жағымсыз әдеттердің болуы; сүт тістердің алмасуының басталуы және тұрақты тістердің жарып шығу мерзімдері;

Жергілікті анамнез:Бұрын стоматологиялық әрекеттер өткізілді ме (хирургиялық, терапиялық, протетикалық, ортодонтиялық) ; Тістердің болуы және жоғалту себептері, тістердің қозғалғыштығы, қызылиектің қанағыштығы, бруксизмнің болуы және көрінісі.

Шағымы:

тістердің жымдасуы кезінде дискомфорт; бұлшықеттерде қолайсыздық, ауырсыну (шайнау, самай) ;

самай-төменгі жақ буындары аймағында ауырсыну, шулы белгілер (тыныштықта, төменгі жақты түсіргенде, шайнау кезінде) ;

төменгі жақтың қимылдары кезінде ауырсыну.

Slide 3

Сыртқы қарау

Науқасты сыртқы қараған кезде (сур. 6. 1) анықталады:

дененің оң және сол жартысының симметриялығы;

дененің пропорциональдығы;

беттің және дененің ортаңғы сызығының сәйкес келуі;

иық белдеуінің орналасуы.

Slide 4 Slide 5

Бетті қарау

Фаста науқастың бетін қарау (сур. 6. 2) көрсетеді:

фаста беттің түрін (жіңішке, жалпақ, қалыпты) ;

беттің симметриясын;

иектің оңға және солға ығысуын;

беттің пропорциональдығын (беттің төменгі және ортаңғы бөлігінің қатынасы) .

Slide 6

Сур. 6. 2. Фаста бетті қарау

Slide 7

Профильде науқастың бетін қарау (сур. 6. 3) көрсетеді:

бет профилінің түрі (тіке, дөңес, ойыс) ;

еріндердің орналасуы (шығыңқы, төмен түскен, қалыпты) ;

иек қатпарының айқындылығы (айқын, тегістелген, қалыпты) .

Slide 8

Профильде науқастың бетін қарау (сур. 6. 3) көрсетеді:бет профилінің түрі (тіке, дөңес, ойыс) ; еріндердің орналасуы (шығыңқы, төмен түскен, қалыпты) ; иек қатпарының айқындылығы (айқын, тегістелген, қалыпты) .

Slide 9

Жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің пальпациясы бұлшықеттердің тығыздалуын, тіс қатарларының жымдасуы кезінде бұлшықеттер белсенділігінің асимметриясын анықтау, ауырсыну синдромдары, бұлшықеттердің ауырсынатын бөліктері кезінде триггер (іске қосу) зоналарын анықтау үшін жүзеге асырылады (сур. 6. 4) .

Slide 10

Сур. 6. 4. Жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің пальпациясы

Slide 11

Ауызды қарау

Ауызды қарауға кіреді:

тістерді қарау (тіс формуласы толтырылады) ;

тіс қатарларын, альвеолярлы өсінділерді қарау;

тіс қатарларының окклюзия түрін анықтау;

жоғарғы және төменгі ерін, тіл үзбелерінің орналасуын бағалау;

тілдің орналасуы мен мөлшерін (қалыпты, макро-, микроглоссия) бағалау;

таңдайдың құрылымын зерттеу.

Slide 12

Л. В. Ильина-Маркосян (1974) статикалық және динамикалық жағдайда төменгі жақтың орналасуын бағалауға мүмкіндік беретін функциональды сынамаларды ұсынды.

Бірінші сынама төменгі жақтың салыстырмалы физиологиялық тыныштығы кезінде оның орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Науқасты аузын ашуын және одан кейін төменгі жақты еріндердің жымдасуына дейін көтеруді жасауын сұрайды. Бұл кезде қалыпты жағдайда күрек тістердің кескіш жиектері арасында қашықтық 2-4 мм деңгейінде болуы қажет. Осы қашықтықтың кішіреюі алдыңғы тістердің тісальвеолярлы ұзаруы туралы дәлелдейді. Бұл кезде еріндердің ширығумен немесе ширығусыз жымдасуын, сонымен қатар олардың жымдасуының болмауын байқауға болады (сур. 6. 5) .

Slide 13

Сур. 6. 5. Төменгі жақтың салыстырмалы физиологиялық орналасуын анықтау. Еріндердің ширығумен жымдасуы (төменде)

Slide 14

Кейбір науқастарда тіс қатарларының жымдасуы байқалады, бірақ төменгі жақтың салыстырмалы физиологиялық тыныштығы болмайды, яғни жақ-бет аймағының бұлшықеттері тұрақты гипертонуста болады. Ауызмаңы аймағы бұлшықеттерінің гиперфункциясы беттің асимметриясы, беттің үлкейген немесе кішірейген төменгі бөлігі, төменгі жақтың алдыға немесе артқа ығысуы кезінде науқастарда болады (сур. 6. 6) .

Slide 15

Сур. 6. 6. Ауызмаңы аймағы бұлшықеттерінің гиперфункциясы

Slide 16

Екінші сынама тіс қатарларының жымдасу түрін анықтауға мүмкіндік береді

Науқасты тіс қатарларын жымдасуын сұрайды және алдыңғы және бүйір бөліктерде тіс қатарларының жымдасу түрін анықтайды. Сагиттальды, вертикальды және трансверзальды жазықтықта тіс қатарларының, антагонист-тістер жұптарының жымдасуы бағаланады (сур. 6. 7) .

Slide 17

Сур. 6. 7. Төменгі жақтың үйреншікті орналасуы кезінде тіс қатарларының жымдасуы

Slide 18

Тіс қатарларының жымдасуы кезінде ортаңғы күрек тісаралық сызықтың сәйкес келуі (немесе сәйкес келмеуі) бағаланады, бұл жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің орналасуы, төменгі жақтың және самай-төменгі жақ буынының (СТЖБ) орналасуы туралы дәлелдейді. Ортаңғы сызықтың сәйкес келуі физиологиялық окклюзиясы бар адамдарға тән, ал оның болмауы - окклюзияның трансверзальды ауытқулары бар науқастарға тән (сур. 6. 8) .

Slide 19

Сур. 6. 8. Тіс қатарларының жымдасуы кезінде

ортаңғы күрек тісаралық сызық сәйкес келмейді

Slide 20

Үшінші сынама - тіс қатарларының одан әрі жымдасуымен төменгі жақтың түсуі және оның көтерілуі. Осы сынаманың көмегімен төменгі жақтың экскурсиясын және оның қозғалысының конфигурациясын анықтау мүмкін (сур. 6. 9) .

Slide 21

Ф

Р

О

Н

Т

А

Л

Ь

Д

ы

гориз

сагиттальды

Сур. 6. 9. Төменгі жақ қозғалысының траекториясы

Slide 22

Төменгі жақтың түсу мөлшері, девиацияның болуы және оның пайда болу кезі анықталады.

Бұл кезде төменгі жақ, буын басында жалпы орталықпен шоғырлас қисығын сыза отырып, төмен түседі және артқа ығысады. Төменгі жақты максимальды түсіргенде оның түрленгіштігі анықталады.

Қалыпты жағдайда, Е. И. Гаврилов және А. С. Щербаков мәліметтері бойынша, төменгі жақты түсіру мөлшері орташа 44 мм тең; М. Д. Гросс және Д. Д. Метьюс мәліметтері бойынша - 40-50 мм, Т. В. Лисова және А. Б. Слабковский мәліметтері бойынша - 37-62 мм (49, 0±1, 5) .

Тіс қатарларының қалыпты жымдасуы кезінде ортаңғы сызықтың проекциясы төменгі жақты түсіргенде де сәйкес келеді. Төменгі жақты түсіргенде ортаңғы сызықтың сәйкес келмеуі СТЖБ және жақ-бет аймағының бұлшықеттері қызметінің бұзылысы жағдайында айқынырақ (сур. 6. 10) .

Slide 23

Сур. 6. 10. Айқасқан окклюзияның түрлерін ажырату

диагностикасы үшін клиникалық сынама

Slide 24

Егер тіс қатарларының жымдасуы кезінде ортаңғы сызықтың сәйкес келмеуі байқалса, ал төменгі жақты түсіргенде ол сәйкес келсе немесе сәйкес келіп қалса, онда себебі тіс қатарлары окклюзиясының бұзылысы болып табылады, бірінші кезекте күрек тістік жабылудың тереңдігі.

Slide 25

Төртінші сынама - төменгі жақтың алдыға жылжуы

төменгі жақтың экскурсиясы туралы түсінік береді (қалыпты жағдайда 7-10 мм деңгейінде) . Төменгі жақтың алдыға жылжуы кезінде күрек тістердің кескіш жиектері жымдасады, сол мезетте бүйір бөліктерде оң және сол жақ тіс қатарлары арасында біркелкі саңылау, сонымен қатар антагонист-тістердің арасында суперконтакттардың болмауы байқалады.

Төменгі күрек тістердің кескіш жиектерінің жоғарғылардың кескіш жиектерімен контактысына дейін төменгі жақтың алдыға жылжуы кезінде оң және сол жақ бүйір бөлімдерде симметриялық пен ажырау мөлшерін бағалайды (сур. 6. 11) .

Slide 26

Төртінші сынама - төменгі жақтың алдыға жылжуы

Сур. 6. 11. Төменгі жақтың алдыға жылжуы кезінде

тіс қатарларының ажырау мөлшері

Slide 27

Төртінші сынама - төменгі жақтың алдыға жылжуы

Оң және сол жақ бүйір тістер арасында қашықтықтың әртүрлі мөлшері тісальвеолярлы бұзылыстар және окклюзионды жазықтықтың әртүрлі деңгейі туралы дәлелдейді (сур. 6. 12) .

Сур. 6. 12. Төменгі жақтың алдыға жылжуы кезінде тіс қатарының

оң және сол жақ вертикальды саңылаудың әртүрлі мөлшері

Slide 28

Сагиттальды күрек тістік жол

Төменгі жақтың алдыға жылжуы төменгі күрек тістердің жоғарғылардың таңдайлық беткейі бойымен кескіш жиектері жанасуына дейін жылжумен жүреді. Төменгі күрек тістердің жолы сагиттальды күрек тістік жол деп аталады (сур. 6. 13) .

Сур. 6. 13. Сагиттальды күрек тістік жол

Slide 29

Бонвильдің үшпунктті контакты.

Сагиттальды күрек тістік жол окклюзияның түріне байланысты және қалыпты жағдайда 3, 9±0, 2 мм тең, ал терең күрек тістік окклюзия кезінде - 6, 9±0, 5 мм, күрек тістердің ретрузиясымен дистальды окклюзия кезінде - 8, 1±1, 5 мм, ал күрек тістердің протрузиясымен - 9, 0±0, 9 мм.

Сагиттальды күрек тістік жолдың окклюзионды жазықтықпен қиылысуы кезінде бұрыш - сагиттальды күрек тістік жолының бұрышы түзіледі. Гизи бойынша, ол 40-500 тең және окклюзияның түріне байланысты (қалыпты жағдайда 36, 8+2, 50) . Терең күрек тістік окклюзия кезінде ол 53, 5±2, 50 тең, күрек тістердің ретрузиясымен дистальды окклюзия кезінде - 52, 1±4, 50, ал күрек тістердің протрузиясымен - 61, 9±7, 60.

Төменгі жақтың алдыға жылжуы кезінде тістердің контакттары үш нүктелерде мүмкін: біреуі алдыңғы күрек тістерде орналасқан, ал екеуі соңғы молярлардың артқы төмпешіктерінде - Бонвильдің үшпунктті контакты.

Өте жиі күрек тістік жабылудың айтарлықтай тереңдігі кезінде бұл тестті орындау мүмкін емес, өйткені төменгі жақ блокталған. Алдын ала төменгі жақты төмен түсіріп, ал содан кейін оны алдыға жылжыту қажет (сур. 6. 14) .

Сур. 6. 14. Төменгі жақты алдыға жылжуға сынама

Slide 30

Бесінші сынама - төменгі жақтың солға немесе оңға ығысуы.

Қалыпты жағдайда мұндай қозғалыс 11-14 мм деңгейінде жүруі мүмкін. Төменгі жақтың жанына ығысуы латеральды қанат тәрізді бұлшықетпен жүзеге асырылады. Біржақты жиырылу кезінде төменгі жақтың қарама-қарсы жағына ығысуы байқалады.

Slide 31

Осы сынаманы орындау кезінде суперконтакттардың болуы немесе болмауы анықталады, олар төменгі жақтың қозғалысын шектейді және СТЖБ қызметіне жағымсыз әсер етеді.

Қалыпты жағдайда төменгі жақтың оң жаққа ығысуы кезінде (жұмысшы жағы) тек ит тістер байланысуы мүмкін (ит тістік қорғаныш) (сур. 6. 15) .

Slide 32

Бесінші сынама - төменгі жақтың солға немесе оңға ығысуы.

Сур. 6. 15. Төменгі жақтың

оң жағына ығысуы

Slide 33

Бесінші сынама - жұмысшы және теңгеруші жағындағы контакттарды анализдеу (талдау)

Бүйір қозғалыстар кезінде контакттардың жұмысшы жағында тек ит тістер аймағында болуын ит тістік басқару деп аталады.

Төменгі жақтың жұмысшы жағына ығысуы кезінде жұмысшы жағының төменгі ит тісінің ұшы немесе дистальды-ұрттық құламасы ит тістік жол деп аталатын траектория бойынша жылжиды, - жұмысшы жағының жоғарғы ит тісінің таңдайлық құламасы бойымен. Барлық антагонист-тістердің контактта болу нұсқасы болуы мүмкін.

Slide 34
Ұқсас жұмыстар
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ
Тісжақ ауытқуларының жіктелісі
Ісіктердің құрылысы
Екіншілік профилактика
Тіс жақ аномалиалары, даму себептері және профилактикасы
Лимфа түйіндері
Химиялық талдау әдістері
Өлшем тізбегін есептеу практикасы теориясының негізгі қалпы
Геодезия GPS технологиясын пайдалану
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz