Мерез кезіндігі ауыз қуысы шырышты қабатындағы көріністер


Slide 1

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Мерез кезіндігі ауыз қуысы шырышты қабатындағы көріністер.

Қабылдаған: Онайбекова Н. М.

Орындаған: Жуматаев Д. Х.

Факультет: Стоматология

Курс: 5

Тобы:13-007-02

Slide 2

МЕРЕЗ

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Мерез туа және жүре дамыған болып екі түрге бөлінеді.

Жүре дамыған мерез жыныс қатынастары кезінде, тұрмыстық жағдайларда және қан құю нәтижесінде (қан беруші мерезбен ауру болған жағдайда) жұғады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Инфекцияны жиі жұқтыратындар - ауру бөртпелері ауыз кілегей қабығында, жыныс ағзаларында және тері бетінде ораналасқан, бойында мерездің біріншілік немесе екіншілік кезеңдері белсенді дамыған науқас адамдар.

Мерез кез-келген жастағы адамдарға жұға береді және ең жиі жұғатыны - жыныстық белсенділігі жоғары 18-30 арасындағы жастар.

Slide 13

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Х қайта қарастырылған халықаралық жүйесі (1997 ж) бойынша аурудың төмендегі түрлерін ажыратады.

ертерек туа дамыған мерез, кешірек туа дамыған мерез;

ертерек жүре дамыған мерез-біріншілік және екіншілік мерез;

кеш жүре дамыған мерез-үшіншілік мерез.

Slide 14

Мерездің ағымы толқынға ұқсас, айқын клиникалық белгілері бар кезеңдері жасырын дамитын кезеңдермен алмасып отырады. Сондықтан аурудың төрт кезеңін ажыратады: инкубациялық, біріншілік, екіншілік және үшіншілік мерез.

Инкубациялық кезең алғашқы ауру жұққан уақыттан (трепонема организмге енген кезден) басталып, ең бірінші клиникалық белгілері көрініс берген уақытқа дейін (3-4 жеті) созылады. Кейде одан ұзаққа (2-3 айға) созылуы мүмкін және ол иммундық қасиеті төмендеген, белгілі бір себеппен антибиотиктер қабылдаған адамдарда орын алады.

Slide 15

БІРІНШІЛІК МЕРЕЗ

Біріншілік мерез (первичный мерез - syprilis primaria, Lues I) кезеңі 6-7 аптаға, кейде 2-3 айға созылады.

Аурудың бұл кезеңінде бозғылт трепонема енген жерде ауыру белгісінсіз қабыну инфильтраты берішті шанкр (біріншілік сифилома) пайда болады. Осыдан 5-7 күн өткен соң аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды немесе аймақтық склераденит дамиды. Ұлғайған лимфа түйіндерінің диаметрі 2-3 см жетеді, консистенциясы тығыз-шеміршектей, бір-біріне, қоршаған тері қабатына жабыспаған және тері қабатының түсін өзгертпеген. Біріншілік мерез кезеңінің соңына қарай барлық топтағы лимфа түйіндері ұлғаяды (полиаденит) және оларда трепонемалар барынша көбейеді.

Slide 16

Берішті шанкр біреу немесе екі-үшеу болуы мүмкін және олардың жиі орналасатын аймағы - еріндер жиегі, тілдің кілегей қабығы, таңдай, бадамша бездер. Ауыз кілегей қабығында берішті шанкрдің дамуының өз ерекшелігі бар: алғашқы кезде шағын қызару (гиперемия) ошағы пайда болып, қабыну инфильтратының әсерінен тығызданады және көлемі біртіндеп үлкейіп, диаметрі 1-2 см құрайды. Біраздан кейін шанкрдың орта бөлігі өліеттеніп, диаметрі 3-15 мм домалақ немесе сопақ пішінді, шикі ет түстес, ауырып мазаламайтын, жиектері тегіс және көтеріңкі, табақшаға ұқсас эрозия немесе жара ошағы пайда болады. Сипап байқағанда эрозия немесе жараның табанында тығыз шеміршек консистенциялы инфильтрат анықталады. Табан беті көбіне тегіс, жылтыр және таза болып келеді, кейде сарғыштау-сұр түсті «майлы» («сальный») қақпен жабылған болады. (сурет-6)

Slide 17

Кейбір кездерде берішті шанкрдің атипиялық түрлері кездеседі және әртүрлі пішінге ие болады. Тілде орналасқан берішті шанкр табанындағы қабыну инфильтратының нәтижесінде төңірегіндегі тіндерден биіктеу ораналасады және төңкерілген табақшаға ұқсас келеді. Қатпарлы тілі бар адамдарда қатпарларды қуалай орналасып, саңылауға ұқсайды. Езуде орналасқан шанкр табаны инфильтраттанған ауыздықты (заяда) еске түсіреді.

Тілдің бүйір бетіндегі

атипиялық біріншілік сифилома

Езуде орналасқан шанкр

Slide 18

Қызылиекте орналасқан шанкр ашық-қызыл түсті, бірнеше тістер аймағында жарты айға ұқсас эрозия түрінде кездеседі.

Бадамша безде орналасқан берішті шанкр үш түрде (жаралы, баспаға ұқсас және аралас беріш) кездесуі мүмкін. Бадамша без көбінесе біржақты жарақаттанады, қызыл-мыс түстеніп ұлғаяды және тығызданады, бірақ ауырмайды. Жаралы беріш кезінде келтірілген негізде жиегі тегіс, сопақ пішінді, шикі ет түстес қызыл жара пайда болады. Жара төңірегіндегі кілегей қабық қызарып, ісінген соң беті іріңді немесе өліетті қақпен жабылады және жара тереңдей береді.

Қызылиекте орналасқан шанкр

Slide 19

ДИАГНОЗДЫ НАҚТАМАЛАУ

Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін берішті шанкрдің бетінен алынған қырамада бозғылт трепонеманың бар-жоқтығы анықталады және серологиялық реакциялар (Вассерман және тұндырма реакциялар) жүргізіледі.

Аурудың дамуының 4-ші аптасынан бастап барлық классикалық серологиялық реакциялар (Вассерман, комплементті байланыстыру, Кан және Закс-Витебский реакциялары) тұрақты түрде оң болады. Осыған байланысты біріншілік мерездің даму уақытын біріншілік серонегативті (аталған реакциялар теріс) және біріншілік серопозитивті кезеңдерге бөледі.

Серопозитивті кезең берішті шанкр пайда болғаннан кейін 3-4 аптада басталады және серологиялық реакциялардың оң болуы ұзақ уақыт сақталады. Серологиялық реакциялардың оң болуы организмге енген трепонемаларға қарсы антиденелердің көптеп құрылуынына нәтижесі.

Slide 20

Біріншілік мерез кезеңінің соңына қарай жалпы продромалдық белгілер (дымкәстік, дене қызуының көтерілуі, сүйектердің сырқырауы, бас ауруы, еттердің сыздауы, тез шаршау, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы, лейкоцитоз) байқалуы мүмкін.

Осыдан бірнеше күн өткен соң тері және кілегей қабық беттерінде көптеген розеолалы папулезді бөрткендер шыға бастайды және олар екіншілік мерез кезеңінің басталуының айқын белгілер болып табылады.

Slide 21

САРАПТАМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

Берішті шанкрді зақымдану жарасынан ажырата білу керек. Зақымдану жарасы кезінде себепті әсер анықталады (ұрып-соғып алу, тістеп алу), жара табаны аса қатты болмайды және дұрыс ем жүргізсе тез жазылып кетеді.

Берішті шанкр бадамша безде орналасқанда баспадан (ангинадан) ажырату керек. Бірақ бұл кезде баспадағыдай емес, ауыру сезімі болмайды, жарақат ошағы біржақты орналасады.

Slide 22

Ерін жиегінде орналасқан шанкрді қайталамалы ерін герпесі кезіндегі эрозиядан ажырату керек. Герпестік эрозия қызарып ісінген негізде орналасады және көпіршік бөрткеннің жарылуы нәтижесінде пайда болады (мерез кезінде ешуақытта көпіршік бөрткен шықпайды) .

Берішті шанкрді шанкрге ұқсас пиодермиядан ажырату керек. Пиодермияға қабыну үрдісі тән, бетінен іріңді жалқық бөлініп тұрады, ауырады және дұрыс емделмесе ұзақ сақталады. Жарақат ошағынан көп мөлшерде стрепто-стафилококтар бөлінеді.

Slide 23

Берішті шанкрді ыдырай бастаған обыр ісігінен ажырату керек. Обыр ісігі тереңдеу орналасады, ыдырауынан пайда болған жараның жиектері тегіс емес, табаны қанағыш келеді. Патогистологиялық және цитологиялық зерттеулер нәтижесінде атипиялық клеткалар анықталады.

Берішті шанкрді ауыздың қайталама афталы қабынуы кезіндегі афтадан ажырату керек. Бұл ауру кезінде афталар қызара, ісінген кілегей қабық бетінде орналасады, қатты ауырады және ауық-ауық қайталап шығып тұрады, серологиялық реакциялар теріс болады.

Slide 24

ЕКІНШІЛІК МЕРЕЗ

Екіншілік мерез (вторичиный сифилис - syphilis secundaria, Lues II) орта есеппен алғанда 3-4 жылға созылады. Осы уақыт ішінде патологиялық үрдіс организмге кең жайылады, тері және кілекей қабықтар жарақаттанып, ауруға тән бөрткендер шығады. Аурудың жалпы жағдайы өзгереді (бас ауруы, әлсіздік пен дымкәстік, салғырттық билеу, дене қызуы көтерілуі), ішкі ағзалар, сүйек және жүйке жүйелері де жарақаттануы мүмкін.

Мерездің бұл кезеңі «екіншілік жаңа (жас) мерез» («вторичный свежий сифилис»-Lues secundaria recens) деп аталады, бар болғаны 2-3 аптаға созылады және өз бетімен жойылуға ұшырайды. Осыдан кейін белсенді кезең жасырын мүлгіген инфекция кезеңіне (Lues II latens) ауысады және ауық-ауық өршіп немесе қайталанып отырады. Аурудың қайталану кезеңі «екіншілік қайталамалы мерез» («вторичный рецидивный сифилис»- Lues II recidiva) деп аталады.

Slide 25

Екіншілік мерез

Slide 26

Екіншілік мерез барысында жасырын және қайталамалы кезеңдер бірнеше рет (3-4 немесе одан көп) ауысып отырады. Бұл мерезге байланысты инфекциялық иммунитеттің дербестік ерекшелігінен және бозғылт трепонеманың инцисттелген немесе белсенділігі азайған және L-формаларының пайда болуынан туындайды.

Екіншілік қайталамалы мерез кезіндегі бөрткендер екіншілік жас мерез кезіндегі бөрткендерден ерекшелеу болады: розеолалы-папулезді элементтердің саны аздау, бозғылт түстеу келеді, әртүрлі пішіндер жасап немесе өрілген өрнектерге ұқсас топтаса, көбірек үйкеліске ұшырайтын аймақтарда орналасады. Екіншілік мерездің барлық кезеңінде Вассерман және басқа да серологиялық реакциялар оң болады. Бірнеше қайталанудан кейін (емдеу шаралары жүргізілмесе) екіншілік мерез кезеңі ұзақ уақыт айқын белгілерсіз кезеңге немесе кейін дамыған мерез кезеңіне (үшіншілік мерез) ауысады.

Slide 27

Екіншілік мерез аурудың ең жұқпалы кезеңі, тері мен кілегей қабықтарды жиі жарақаттайды және көбінесе екі түрде кездеседі: дақты (макулезді) мерез (пятнистый сифилис) және папулезді мерез (папулезный сифилис) .

Дақты мерез жұмсақ таңдайда, таңдай имектерінде және бадамша бездерде жиі орналасады. Бұл кезде ашық қызыл түсті, диаметрі 1-1, 5 см, анық шектелген розеолалы бөрткендер шығады және бір-бірімен қосыла отырып, өзгермеген кілегей қабық бетінде эритемалы ошақ түрінде анық бөлініп тұрады. Емделмеген жағдайда дақты бөрткендер бір айдан соң өзбетімен жоғалып кетеді.

Slide 28

Папулезді мерез екіншілік жас және қайталамалы мерез кезінде де ауызда жиі кездеседі. Папулалы бөрткендер ауыз ішінің кез-келген аймағына, оның ішінде жұмсақ таңдайға, бадамша бездерге, таңдай имектеріне жиі шығады. Мерез папулалары домалақ пішінді, тығыз, диаметрі 1-1, 5 см инфильтративті бөртпелер. Көп үйкеліске ұшыраудың және жалқықтану үрдісінің нәтижесінде папулалар беті ақшыл-сұр түстенеді және жиектік өсуге ұшырай отырып, бір-бірімен қосылып, тоға-табақшаға (бляшкаға) айналады, кілегей қабық бетінен біраз көтеріңкі орналасады. Қалақшамен қырған кезде папула бетіндегі қақ оңай алынып, шикі етке ұқсас қызыл түсті эрозия беті ашылады. Папуланың төңірегі ашық-қызыл түсті қабыну жолағымен қоршалған, бетінен көп мөлшерде бозғылт трепонемалар бөлінеді.

Slide 29

Тілдің үстіндегі мерез папулалары шыққан аймақта жіпке және саңырауқұлаққа ұқсас бүртіктер жойылып, папула беттері ерте түлеген ошақтарға ұқсас тегіс және жылтыр болып келеді және төңірегіндегі тіндерден төмендеу тұрады. Мұндай көріністі «ойдым-ойдым шабылған шабындық белгісі» («симптом скошенного луга» -(сурет-8) деп атайды. Ауыз күтімі нашар жағдайларда папулалар жараларға айналып кетуі немесе фузоспирохетозбен асқынуы мүмкін. Бұл кезде аурудың белгілері Венсан стоматитіне ұқсайды, папулалар аймағында ауыру сезімі пайда болып, төңірегіндегі тіндерде қабына қызару белгілері қосылады. Егер папулалар езу аймағында орналасса, тұрақты жарақааттану әсерінен жайыла ұлғайып, теріге ауысады. Ауызды жиі-жиі ашудың нәтижесінде қалың және тығыз инфильтраттанған езу терісі мен кілегей қабығы жырылып, терең, оңай қанайтын және ауыратын тіліктер пайда болады, беттері кешікпей қанды қабықшалармен жабылады.

Тілдің үстіндегі екіншілік мерез

Slide 30

Екіншілік мерездің барлық кезеңдерінде аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды, тығыз-эластикалы консистенцияға ие болады, бір-біріне жабыспайды және сипап байқағанда ауырмайды. Барлық серологиялық реакциялар 100% оң болады.

Теріде аталған мерезбен қатар пустулезді мерез орын алуы мүмкін. Мерез папулалары бас терісіне шыққан кезде ошақты немесе жайыла шаш түсуі байқалады (очаговое или диффузное выпадение волос - alapecio areolaris) .

Slide 31

САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

Ауыз ішіндегі мерез папулаларын лейкоплакия ошағынан, қызыл жалпақ теміреткі папулаларынан, ауыз кандидозынан ажырату керек.

Кейбір жағдайларда ақшыл-сұр түсті папулезді мерез ошақтары көптүрлі жалқықты эритемаға, ауыздың дәріден аллергиялық қабынуларына тән жарақат ошақтарын еске түсіреді.

Slide 32

Бұл аурулар кезінде эрозиялы ошақтардың астында тығыз инфильтрат байқалмайды, кілегей қабықтың қатты қызарып ісінуі, науқастың жалпы жағдайының өзгеруі, ауызда қатты ауыру сезімінің болуы сияқты белгілер байқалады.

Тілдің үстінде орналасқан мерез папулаларын тілдің түлей қабынуы кезіндегі ошақтардан ажырата білу керек.

Кейде беті эрозияланған мерез папулаларын ауыздың қайталама афталы қабынуы кезінде дамитын афталардан ажыратуға тура келеді. Афталардың консистенциялары жұмсақ болады және оларға қатты ауыру сезімі тән, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймауы да мүмкін.

Slide 33

ДИАГНОЗЫН НАҚТЫЛАУ

Екіншілік мерездің қорытынды диагнозы клиникалық белгілеріне, папула беттерінен алынған қырмада бозғылт трепонемаларды анықтау, серологиялық реакциялардың (шөгінді, Вассерман реакциялары және бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау реакциялары) оң болу нәтижесіне сүйену негізінде қойылады.

Slide 34

ҮШІНШІЛІК МЕРЕЗ

Үшіншілік мерез (третичный сифилис - syphilis tertіaria, Lues III) немесе гуммозды мерез ауру басталғаннан 4-6 жыл өткен соң дамиды. Аурудың бұл кезеңінде ауыз кілегей қабығында және теріде бұдырмақтар (бугорки) мен түйіндер (узлы или гуммы) шығып, ауру ондаған жылдарға созылуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Ауыз қуысының дисбактериозы. Түзілу себебі. Халитозис. Алдын алу және емдеу. Ауыз қуысы инфекция қақпасы ретінде
Эпителий ұлпасының қызметі
Созылмалы гаймориттің симптомдары
Жыныстық жолмен берілетін аурулар эпидемиологиясы
ЭНДОКРИНДІК ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДА АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар
Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы
Ауыз қуысының микрофлорасы, түрлері
Ауыз қуысының микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz