Қан аурулары кезінде ауыз қуысы кілегей қабатының өзгерістері. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы дигностикасы, емі



ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА
Орындаған: ст 13-001-01
Факультет : стоматология
Курс: 5
Қабылдаған: Оңайбекова Н. М.
Кафедра: Терапиялық стоматология
Презентация
Тақырыбы : Қан аурулары кезінде ауыз қуысы кілегей қабатының өзгерістері . Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы дигностикасы, емі.

І Кіріспе :
ІІ Негізі бөлім:
Анемияның жіктелуі:
Темір тапшылықты анемия ;
Пернициозды анемия Аддисон Бирмер ауруы ;
Гемолитикалық анемия ;
Полицитемия Вакез ауруы.
Лейкоз. Түрлері. Ауыз қуысындағы көрінісі.
Агранулоцитоз.
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қан жүйесі ауруларының белгілерінің ауыз қуысында біріншілік көрініс беру жиілігі және ауырлық дәрежесі артқан соң, оның диагностикасы жоғарғы маңызға ие болды . Сонымен қатар ауыз қуысы кілегей қабатының эрозиялы бұзылыстары генерализацияланған инфекция ошағының кіру қақпасы болуы мүмкін. Көбінесе клиникаға науқастар анемиямен немесе эрозивті жаралы синдроммен келеді .
Қан жүйесі ауруларының ішінде көбінесе кездесетіндері лейкоз, анемия жағдайы. Ол қан құрамындағы эритроциттер санының азаюмен, гемоглобин деңгейінің төмендеуімен сипатталады .



Анемиялар жіктеледі:
Полицитемия
Вакез ауруы
Гемолитикалық анемиялар
Пернициозды
анемиялар
Аддисон Бирмер ауруы
Темір тапшылықты
анемиялар

Анемиялар . Темір тапшылықты анемия :
Темір тапшылықты анемиялар деп адам ағзасының қан құрамындағы гемоглобин мен эритроциттер санының төмендеуімен сипатталатын жағдайды айтамыз. Темір тапшылықты жағдай бүкіл әлемде кең таралған. Қазақстанда темір тапшылықты анемияның таралуы Измухамбетов (1989) мәліметтері бойынша 26-60 % аралығын құрайды. Анемия көбінесе балаларда, жас жеткіншектерде, 30-50 жастағы әйелдерде кездеседі. Тіндерде темір қорының азаюы оттекті қалыптастырушы үрдістің, эпидермистің трофикасының бұзылуына, тырнақ пен шаштың жағдайының, ауыз қуысы кілегей қабатының қызметінің төмендеуіне алып келеді .

Темір тапшылықты анемия :
Науқастар анемия кезінде парестезия болуына (ашуына, тітіркендіргіштігіне), ауыздың құрғақтығына (әсіресе сөйлегенде және түңгі мерзімде), қызыл дақтардың, жарықтардың пайда болуына шағымданады. Диагностикада көптеген тісжегілер, қызылиектің қанағыштығы, дәм сезудің бұзылысы анықталады. Осы белгілермен науқастар стоматологқа келеді және олар темір тапшылықты жағдайдың алғашқы көрінісі болып есептеледі. Науқастар жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жүрек соғуының жоғарлауына, ентігу, жұмыс істеудің төмендеуіне, түңгі ұйқының бұзылуына, тырнақ пен шаштың сынғыштығына мазасызданып келеді .

Темір тапшылықты анемия :
Ауыз қуысында : ерін, ұрт, қатты және жұмсақ таңдайдың кілегей қабатының түсінің бозаруы байқалады . Тілде елеулі өзгерістерді байқауға болады : жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің атрофиясы, әсіресе тіл ұшында және бүйірінде көрінеді, ал тіл арқасында қызыл сызықтар, дұрыс емес пішіндегі дақтар анықталады . Ауыз бұрышында ұзақ жазылмайтын жарықтар (заедалар) кездеседі . Кейбір науқастарда тілдің қатпарлануы, пародонттың қабынуы көрініс береді .

Темір тапшылықты анемия кезіндегі тілдегі өзгерістер

Анемия кезіндегі тілдегі өзгерістер


Темір тапшылықты анемия :
Темір тапшылықты анемия кезінде перифериялық қанда: гемоглобиннің концентрациясы төмендейді, түстік көрсеткіші төмен, эритроциттер саны аз болады . Макроцитоз, анизоцитоз, пойкилоцитоз анықталады.

Пернициозды анемия (Аддисон Бирмер ауруы) :
Пернициозды анемия адам ағзасына В12 витаминінің жетіспеушілігінде немесе оның екіқабат кезінде сіңірілуінің бұзылысында, асқазан ішек ауруларында (асқазан бөлігінің резекциясы, асқазан рагі) глистті инвазияларда дамиды . Ауру созылмалы дамиды және оның жергілікті және жалпы белгілері бірте-бірте көріне бастайды . Аурудың көбінесе біріншілік белгілері ауыз қуысында көрінеді (құрғақшылық, дәм сезудің бұзылыстары ) . Үштік патологиялық белгілері тән :асқазан ішек жолдарының қан және нерв жүйесі қызметінің бұзылысы .

Аддисон ауруы кезінде еріннің пигменттелуі

Пернициозды анемия (Аддисон Бирмер ауруы) :
Аурудың біріншілік белгілері болып әлсіздік, шаршағыштық, бастың айналуы, құлақтың шуылдауы, түңгі ұйқының бұзылуы, диспепсиялық жағдайлар жатады . Ауыз қуысында құрғақшылық пайда болады, тілдегі ауру және қышу сезімі, сөйлеудің және тағам қабылдаудың қиындауы және парететикалық синдромдар қосылады .
Пернициозды анемияға тілдегі өзгерістер тән . Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофия нәтижесінде тіл беті тегіс, жылтыр (лакированный язык) болады . Көпіршіктер, эрозиялар, жарықтар, бөлек петехиялар десквамация ошақтары, Меллера Хантера глосситі анықталады .


Пернициозды анемия (Аддисон Бирмер ауруы) :
Парестетикалық синдром және Меллер Хантер глосситі аурудың алғашқы синдромдары болады, сондықтан науқастар бірінші болып стоматолог дәрігерге шағымданып келеді . Ауру көптеген тісжегімен және тістердің аурусыз бұзылысымен, кілегей қабаты эпителийінің атрофиясымен бірге жүреді . Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофиясы дәм сезудің бұзылысына алып келеді .
Қан құрамында эритроциттердің еселеніп төмендеуі,
түстік көрсеткішінің 1. 0 дейін жоғарлауы, анизацитоз және пойкилоцитоз көрінеді .

Пернициозды анемия (Аддисон Бирмер ауруы) :
Емдеуді гематолог жүргізеді . Стоматолог ауыз қуысын санация жасайды және анемияның жергілікті көріністерін комплексті емдейді .

Гемолитикалық анемия :
Гемолитикалық анемия эритроциттердің генетикалық ақауымен байланысты тұқымқуалаушылықты патология, эритроциттердің күрт төмендеуімен дамиды . Қанда эритроциттердің санының тез азаюы байқалады . Сонымен қатар идиопатиялық форма түрінде қан жүйесінің ауруларында, улану кезінде, инфекционды ауруларда көрінеді .
Қарап тексергенде терінің және ауыз қуысы кілегей қабатының түсінің бозғылттығы анықталады . Ауыз қуысында қызылиек қанағыштығы, көптеген петехиялар, тіс эмалінің сарғыштығы болады . Тұрақты жарақаттауышы жерлерде жаралы некротикалық үрдістер дамиды және емдеуге қиын көнеді .


Симптоматикалық емдеу:
Тілдің және шырышты қабаттың қышу, ауру, парестезия кезінде-майлы ерітінді, жақпа майлар, жансыздандыратын жақпалар, кератопластикалық майлар мен жақпалар
Құрғау кезінде-сілекей бездеріне анодгальванизация жасау, шөптер(мыңжапырақ, термопсис)
Некротикалық жараларда протеолитикалық ферменттермен аппликация жасау, витамин А, Е

ЛЕЙКОЗ басқа қан жүйесі ауруларына қарағанда бірінші орында тұр. Ауыз қуысында 75% науқастарда көрініс береді.

ЛЕЙКОЗ
Жасушалық гиперплазияның прогрессирленуімен және олардың қан клеткаларына айналуымен сипатталатын жүйелі қан ауруы болып табылады.
Жедел және созылмалы түрлерін ажыратамыз

ЖЕДЕЛ ЛЕЙКОЗ
Тіндердің гиперплазиясы,
Интоксикациялық синдром
геморрагия(қанталаулар),
Анемия(циркуляторлы-гипоксиялық синдром),
Инфекциялық синдром(лихорадка, некротикалық ангина, септикалық жағдайы)
Нейролейкемия(паралич, парез, кома)


Жедел лейкоз
Қоршаған тіндердің қабынусыз жаралы- өлеттену үрдісі орын алады.
Қан көрінісінде- лейкоциттер саны 50-200 мың
Бласттық элементтердің жылдам көбеюі
Лимфобласты-бақылаусыз жетілмеген лимфоциттер бөлінеді.
Миелоидты-бақылаусыз өзгерген жетілген лимфоциттер бөлінеді.

Жедел лейкоз
Аурудың басталуы
ангина,
тұмау және мұрыннан, жұлынған тіс ұяшығынан қан ағумен,
буындағы ауру сезіммен көрініс береді.
Науқастар көбінесе неврит, полиартрит, ревматизммен көрінеді.

Ауыз қуысында өзгерістер:
Шырышты қабат қанайды
Жаралы стоматит фузоспиральды инфекция түсуінен дамиды
Шырышты қабат некрозы
Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған
Пародонтиттің абссцестелген түрі дамиды
Герпетикалық стоматит
Кандидозды стоматит
Пародонт қалтасы миелацитпен толған
Гипертрофиялық гингивит(оральды бетте)
Тіс жұлғаннан соң қанның тоқтамауы

Гиперпластикалық синдром.
Лимфа түйіндерінің, бауырдың, бадамша бездің ауру сезімсіз ұлғаюы
Қызыл иек гиперплазиясы жаралы өлеттенген стоматитпен қосарланып жүреді.
Орналасуы: тіл артында, қызыл иекте, ерінде.
Тіндерде лейкемиялық инфилтраттар дамиды

Оның негізінде айқын тромбоцитопения жатыр. 60% науқастарда геморрагиялық синдром кездеседі

Ерте белгілері -
қызыл иектің қанағыштығы, ұрттың шырышты қабығының, тістердің түйісу аймағында, тілде нүктелі қанталаулар.
Кейде үлкен гематома анықталады.
Шаршағыштық, температура көтерілуі, тәбет жоғалту, әлсіздік дәм сезу бұзылысы бірге жүреді.
25% кандидоз дамуы мүмкін


Анемиялық, улану синдром.
Шырышты қабық және тері жабындысы бозғылт
ЖҚА эритроцит санының азаюы, түстік көрсеткіш және гемоглабин төмендеуі
Шаршағыштық, температура көтерілуі, тәбет жоғалту, әлсіздік дәм сезу бұзылысы бірге жүреді.

Созылмалы лейкоз (миелолейкоз и лимфолейкоз)
Айқын геморрагиялық симптоммен сипатталады
Жай дамиды, тез анықталатын симптом болмайды.
30-60 жас арлығында жиі анықталады. .

Созылмалы лейкоз
Айқын интоксикациялық синдром: шаршағыштық, әлсіздік, сүйектегі, буындағы ауру сезімі, невралгиялық ауру, АҚ құрғақтығы.
Терминалды кезеңде - анемия

Созылмалы лейкоз
Ауыз қуысында:
Жарақаттанған шырышты қабықтың және қызыл иектің қанағыштығы
Қызыл иек гиперплазиясы.
Эрозивті жаралы бұзылыстар 30% науқастарда.

Жедел миелобласты лейкоз

Созылмалы лимфолейкоз.
Лимфоидтық аппаратының гиперплазиясымен сипатталады.
40-тан асқан ерлерде жиі кездеседі.
Жай басталады және латентті кезеңі ұзақ

Созылмалы лимфолейкоз.
Сілекей бездерінің құрылымының лимфоидты инфильтрациясы, үлкен бездердің байланыстырушы тіндерінің склерозы.
Науқастың шағымдары:
АҚ құрғақтығы
Қызыл иекте, миндалинада, тіл астында ісік тәрізді түзіліс болуы

Созылмалы лимфолейкоз.
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тіл фоликуласы борпылдақ, қызыл иек және қатты таңдайдың гиперплазиясы.
АҚШҚ және терінің бозаруы, қызыл иек шырышты қабығының қанағыштығы, жаралы-өлеттенген үрдіс.

Емі
Эффективті лейкозға қарсы ем жоқ
Гормондар-кортизон, преднизон, преднизалон
Қан құю
Антибиотиктер, кальций препараты, витамин А және С

Жергілікті ем
Симтоматикалық
Ауыз қуысы гигиенасы
Антисептиктермен шаю
Жаралы-некротикалық зақымдануларда -өліеттенген тіннен тазарту, гангрена дамуын алдын алу үшін ирригация жасау
5-10% азотты кұміс ерітіндісімен күйдіру
Новакаин мен антибиотикпен аппликация

Гемофилия - тұқымқуалайтын қанағыштық
Сипаттамасы - буындағы қанталаулар .
Қанталаулар жарақаттанусыз, өздігінен пайда болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz