Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері


Slide 1

Орындаған: Исмайлова Ф.

Факультет :Стоматология

Тобы: 13-001-01

Курс: 5

Тексерген: Мамеков А. Д.

Тақырыбы: Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері. Ортодонтиялық емнің жастық көрсеткіштері.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Ортодонтиядағы жақ бет аймағының аномалиялары мен деформациясы туралы түсінік

II. Негізгі бөлім

Тіс ауытқуларын емдеу

Брекетпен емдеудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері

Ортодонтиялық емнің жастық көрсеткіштері

Брекет жүйесі және оның түрлері

Брекетпен емдеудің артықшылығы мен кемшіліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Аномалия (грек тілінде: anomalia - ауытқу) - эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде туа пайда болатын адам организмінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдық ауытқуы.

Даму барысында формасы немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды.

Slide 4

Ортодонтиялық емнің негізгі принциптері

Шайнау қызметін қалыпқа келтіру

Эстетикасын жақсарту

Жасына қарай аз мөлшерлі күшпен әсер ету

Окклюзияны қалпына келтіру

Slide 5

Тіс жақ жүйесінің аномалиясын емдеу әдістері

1. Функционалды

А) функция нормасын қалыптастыру

Б) Миогимнастика

2. Функционалды-аппаратуралық әдіс

Щитовая терапия по Хорошилкина

Slide 6

3. Аппаратуралық әдіс

А) Алынбайтын аппараттар

Б) Алынатын аппараттар С) Комбинирленген

Slide 7

4. Аппартауралық-хирургиялық әдіс

А) Остеотомия

Б) Кортикотомия т. б.

5. Хирургиялық әдіс

А) Жақ сүйектердің реконсрукциясы

Б) Ауыз кіреберісінің пластикасы

Slide 8

Тістердің әр түрлі жаққа қарай ауытқуы (мезиальді, вестибулярлы, дистальді, т. б)

Жоғарғы сүйір тістердің вестибулярлы ауытқуы

Ортодонтиялық пластиналы аппараттар:1, 2-бүйір тістерді дисталді бағытқа, алдыңғы тістерді ерінге қарай жылжытады; 3- жоғарғы жақтағы бүйір тістерді дистальді бағытқа; 4- вестибулярлы доға көмегімен сүйір тісті бүйір бағытқа; 6-бір азу тісті; 7, 8-барлық азу тісті дистальді бағытқа жылжуына жағдай жасайды.

Персин 575 бет

Slide 9

Тіс қатарының ауытқуын емдеу үшін ең бірінші мақсат тістемді қалпына келтіру болып табылады, ол үшін әр түрлі ортодонтиялық конструкциялар(алынбалы немесе алынбайтын), брекеттер тағайыдалады.

Диастема кезінде қалпына келтірілетін коронка немесе сақина

Балалардағы сүт тістердің ауысымы кезінде қолданылатын-вестибулярлы ретроградты доға

Персин 575-576 беттер

Slide 10

Алынбалы кеңейтуші пластинкалар винтпен

1-3-6 жоғарғы жаққа арналған кеңейтуші; 2- жоғарғы жаққа арналған кеңейтуші пластинка винтпен және П-тәрізді доғамен; 4- жоғарғы жаққа арналған кеңейтуші пластинка вестибулярлы доғамен; 5- жоғарғы жаққа арналған кеңейтуші пластинка қос винтпен;

Персин 598 бет

Slide 11

Ортодонтиялық емнің жастық көрсеткіштері

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тіс-жақ жүйесі 6-ға бөлінеді:

Жатырішілік даму

Туғаннан бастап сүт тістері жарып шыққанға дейінгі уақыт(1-6 ай аралығы)

Сүт тістемнің (уақытша тістем) қалыптасуы( 4-11 айдан 4-4, 5 жасқа дейін)

Сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы алды кезеңі (4-6 жас) . Бұл кезеңде физиологиялық диастема, тремалар, жақ сүйектерінің өсу қарқындылығы жүреді.

Сүт тістердің ауысуы 6-13 жас

Сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуының 2 кезеңі болады:

ерте 6-9 жас аралығы

кеш 10-14 жас аралығы

6. Тұрақты тістем

Slide 12

Брекет жүйесімен емдеудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері

Көрсеткіштері:

тістем бұзылысы (ашық, терең, прогения, прогнатия т. б)

әртүрлі тіс ауытқулары мен ақаулары, тістердің жылжуы

Ортопедияда тіс салуға дайындау (имплант, т. б)

Тістерді түзету

Тістердің трема, диастемалары кезінде

Қарсы көрсеткіштері:

металдарға алллергияның болуы немесе жоғарғы сезімталдық

ауыз қуысының қабыну аурулары кезінде

ауыз қуысының түзілістері және жұмсақ тіндерінің бұзылыстары

ауыз қуысы санацияланбаған науқастарда

аралас тістем кезінде немесе жасқа дейінгі балаларда

парадонтоз

Slide 13

Брекет жүйесі

Брекет жүйесі- тіс қисаюларын қалпына келтіретін аппараттан, доғадан, лигатурадан тұрады.

Брекет- тістем жіне тіс қатарының бұзылыстары кезінде қолданылатын күрделі алынбайтын ортодонтиялық аппарат. өз алдына ортодонтиялық клей арқылы тіске бекітіледі.

Турлері:

металдан жасалған брекет

Алтыннан жасалған брекет

Пластиналы брекет

Керамикалық брекет

Сапфирлі брекет

Лингвальді брекет

Slide 14

Металдан жасалған

брекеттер

Титаннан, никель немесе

екеуінің қосындысынан

жасалады. Артықшылығы- бағасы

төмен, берік. Кемшілігі-эстетика нашар.

Алтыннан жасалған брекеттер

Өзінің дәрежесімен ерекшеленгісі келетін немесе басқа материалдарға аллергиясы бар адамдарға салынады.

Пластикалы брекеттер

Артықшылығы- эстетика жағынан жақсы, және балалар стоматологиясында түрлі түстермен шығаруға болады. Кемшілігі- мықтылығы төмен, түсін бұзуға оңтайлы(кофе, шай т. б түстерінің сіңіп қалуында)

Керамикалы брекеттер

Пластикалы брекетке қарағанда бағасы қымбат, мықтылығы, эстетикалылығы жоғары. Тіс түсімен сәйкес.

Slide 15

Сапфирлі брекеттер

Керамикалық брекет түріне жатады, жасанды сапфир кристалынан жасалынып шығарылады. мықтылығы эстетикалылығы жоғары, мөлдір.

Лингвальді брекеттер

Брекет жүйесіндегі бөлек топ. Басқалардан айырмашылығы-брекеттер тістің ішкі жағына жабыстырылады. Терең тістем кезінде қолданған өте тиімді. Кемшілігі- қымбат және ауыз қуысының ішкі бөлігін өзгеріске алып келуі мүмкін.

Slide 16

Брекет жүйесімен емдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылығы

Кемшілігі

Тістемнің қалпына келуі

Тістердің біркелкі, түзулілігі

Эстетиканың жоғарлауы

Ең бастысы-Жарқын күлкі

Бағасының жоғары болуы

Ауыз қуысының ерекше тазалығын талап етеді.

Қызылиек қанағыштығына, пародонтит,

Пародонтозға алып келуі мүмкін.

Арнайы щетканың болуы

Кейбір тағамдардан бас тарту

Slide 17

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Жақ деформациясы
ТУА БІТКЕН АУРУЛАР
Төменгі жақ сүйек
Буыннан шығып кеткен төменгі жақты орнықтыру
Мұрынның және мұрын маңы қуыстарының, жұмсақ және қатты таңдайдың туа пайда болған ақаулары
Медицина ғылымдарының докторы
Ұрт аймағы
Эпюралық құрылыс статистикалық анықталмаған жүйелерде
ЭНДОКРИНДІК ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДА АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
СҮЙЕКТЕРДІҢ ӨСУІН ЖАТЫРДА НЕМЕСЕ ТУА БІТКЕН ЖІККЕ ПЕРПЕНДИКУЛЯРЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz