Шарт ұғымы,түрлері


Slide 1

Орындаған: Жалмукашев М. А

Тексерген: Аккулов Р. Т

Шарт ұғымы, түрлері

Slide 2

Шарт дегеніміз - екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.

Slide 3

Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т. б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады

Slide 4

Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы.

Шарт еркіндігінің қағидасы: • шартты жасау еркіндігі; • шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі; • жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі; • тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын; • тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Slide 5

Шарттар, екі жақты және көп жақты шарттар болып келеді. Көп жақты шартта мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.

Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Slide 6

Шарт

Ауызша

Жазбаша

Slide 7

Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі)

Мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты. )

Шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т. б. )

Slide 8

Жеткізіп беру шарты - бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т. б. талап етуге құқылы

Slide 9

Несие шарты - бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.

Slide 10

Шарттарды

Ақысыз

Ақылы

Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады

Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т. б. жатқызуға болады.

Slide 11

Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақты да бірдей.

Мәселен, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап - сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді.

Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді

Slide 12

Жария шарт.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т. б. салаларда қолданылады


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық субьектілері
ШАРТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Міндеттеме түсінігі, шарт және оның түрлері
Шарт жасасу және оның түрлері туралы
Шарт жасасу және оның түрлері
Мәміле түрлері
Шарт жасасу кезеңдері
Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Тараптар борышқор несие беруші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz