Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіні (1921-1954)


Slide 1

Саяси қуғын-сүргін

Slide 2 Slide 3

Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф. И. Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Slide 4

Саяси қуғын-сүргін

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Slide 5

Жалпы, тарихи деректерге қарағанда, 1921-1954 жылдары аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
1920-1950 жж. Қазақстандағы тоталитарлық режим және саяси қуғын-сүргін
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін: себептері, салдары және құрбандарды еске алу
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы мен Алаш қозғалысы
Қазан төңкерісі мен Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы: Алаш қозғалысы, Жаңа экономикалық саясат және тарихи сабақтары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және халықтарды депортациялау: себептері мен салдары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: 1917-1991 жылдар аралығындағы кезеңдер, себептері және салдары
КСРО-дағы (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін: Қазақстандағы тәжірибе, статистика және салдары
Қазан төңкерісі мен Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы: азамат соғысы, Алаш қозғалысы және Қазақ АКСР-нің қалыптасуы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының хронологиясы, қуғын-сүргіні және тарихи маңызы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және Алашорданың құрылуы (1917-1918): азаматтық қарсылық пен саяси өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz