Баланы курациялау, оның нерв- психикалық дене дамуын бағалау


Slide 1

Баланы курациялау, оның нерв-психикалық дене дамуын бағалау

Slide 2

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Баланың физикалық дамуы

Анықтама

Физикалық дамуға әсер етуші факторлар

Өлшемдерді алу және бағалау

Баланың нерв-психикалық дамуы

Анықтама

ЖТН анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

ЖЖ зерттеу әдістері

Ерте жастағы баланың психомоторлы дамуы

Рефлекстер

Сезім мүшелері

Денсаулық топтраы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

Анықтама

Баланың физикалық дамуы - балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі динамикалық өсу процессі. Ол келесі құрылымдық-қызметтік белгілер комплексімен сипатталады:

Бойы

Дене салмағы

Кеуде торының айналымы

Бас айналымы

Slide 4

Баланың физикалық дамуына әсер ететін факторлар

Генетикалық факторлар

100-ден астам ген өсу факторлары мен гормондарын реттейді

Өсу темпін анықтайды

Гормональді факторлар

СТГ

Басқа да гормондар (тиреоидты, жыныс, инсулин)

СТГ - өсу гормоны

Пубертатты кезеңде жыныс гормондарының СТГ-ға әсері маңызды

Орта факторлары

Алиментарлы фактор

Нәруыз-калориялық жеткіліксіздік, дәрумендер, аминқышқылдарының, кальций жеткіліксіздігі

Климаттық - географиялық фактор

Ыстық және жоғары таулы аймақ өсу мен жетілуі процесстерін бұзады

Күн тәртібі

Эмоциональді және физикалық жүктемелер режимін дұрыс ұйымдастыру, жеткілікті ұйқы

Аурушаңдық

Созылмалы және ауыр жедел аурулар бала өсуін тежейді

Slide 5

Физикалық дамуды бағалау

СОМАТОСКОПИЯ

Конституция

Дене пропорциясы

СОМАТОМЕТРИЯ (АНТРОПОМЕТРИЯ)

Дене салмағын

Бойын

Бас айналымын

Кеуде торы айналымын өлшеу

ФИЗИОМЕТРИЯ

ӨТС

Динамометрия

Slide 6

Бойды өлшеу

1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальді бой өлшегіште өлшейді. Баланың басын көз ұясы мен сыртқы есту жолының жоғарғы жиегі бір вертикальді жазықтықта орналасатындай етіп фиксациялайды. Аяқтарын тізесінен жеңіл түрде басып, қозғалмалы тақтайшаны өкшесіне тірейді. Қозғалмайтын және қозғалмалы тақтайшалардың арасы бала денесінің ұзындығына сәйкес келеді;

1 жастан асқан балаларды вертикальді бой өлшегіште өлшейді. Баланы өлшегішке арқасымен өкше, сегізкөз, жауырынаралық аймақ, шүйдемен тіреп тұрғызады. Басын көз ұясының төменгі жиегі мен сыртқы есту жолының жоғарғы жиегі бір горизонтальді аймақты орналасатындай етіп түзетіп қояды. Қозғалмалы тақтайшаны басына тірейді.

Slide 7 Slide 8

Бойды бағалау

Жаңа туылған сәбидің бой ұзындығы 48-52 см құрайды. 1 жасқа дейін орташа -шамамен см қосады. Яғни, 1 жасында 75-77 см болады. 2-ші жылы 12-13 см, ал 3-ші жылы 7-8 см қосады.

4 жасқа дейін 100+8 (4-п) п - жасы

4 жастан кейін 100+6(п -4) п - жасы немесе 8 жастағы баланың бойы 130см. Әр жетіспейтін жылына 7 санына азайтамыз. Әр артық жасына 5 см қосамыз

Жасы, ай

Бойының ұзаруы, см

Айына

Квартал

0-3

3

9

4-6

2, 5

7, 5

7-9

1, 5-2

4, 5-6

10-12

1

3

1-ші жылы бала бойының ұлғаюы

Slide 9

Дене салмағын өлшеу

Балаларда дене салмағын өлшеу горизонтальді (2 жасқа дейін) және вертикальді (2 жастан асқан) таразыларда жүргізеді.

Slide 10

Дене салмағын есептеу формуласы:

ЖТН салмағы 3200-3500 г құрайды

І - жарты жылдығында: m + 800 x n

M - туылғандағы салмағы, n - айы

ІІ - жарты жылдығында:

(800 х 6) + 400(n - 6) n - айы.

6 айлық бала салмақ - 4, 800 қосады. 2- 11 жаста 10, 5 +2n, n- жасы.

12- 15 жаста n х 5 - 20 n - жасы.

1 айында - 600 гр. қосады.

2 айында - 800 гр

3 айында - 750 гр

4 айында - 700 гр

5 айында - 650 гр т. с. с.

Slide 11

Айналымдарды өлшеу

Бас айналымын жұмсақ сантиметрлік лентаны қасүсті аймағы және шүйде арқылы өткізіп өлшейді.

Кеуде торы айналымын 3 рет өлшейді:

Қалыпты тыныстағанда;

Дем алу биіктігінде;

Максимальді дем шығарғанда

Лентаны қолдарын екі жаққа жіберіп, жауырын ұштары астына, алдынан емізіктер үстінен өткізеді.

Slide 12 Slide 13

Бас айналымы ЖТБ - 34 -36 см (БА)

1 жасқа дейінгі есептеу жолы:

6 айда - 43 см. Әр жетпейтін айынан 1, 5 см алады. Әр артық айына 0, 5 см қосады.

2 - 15 жастағы балада:

5 жастағы баланың бас айналымы - 50 см. Әр жетпейтін санына 1 см азайтады. Әр артық санына 0, 6 см қосады.

Slide 14

Кеуде айналымы ЖТБ - 32 - 34 (КА)

1 жасқа дейінгі балаларда есептеу жолы:

6 айлық баланың КА - 45 см.

Әр жетпейтін айына 2 см азайтады. Әр артық айына 0, 5 см қосады.

2 - 15 жастағы баланың КА:

10 жасқа дейін 63 - 1, 5 (10-n) , n- жасы.

10 жастан кейін 63 + (n -10), n- жасы.

10 жастағы баланың кеуде айналымы

Баланың физикалық дамуын дәлірек бағалау үшін центиль таблицаларын қолданады.

Slide 15

Анықтама

Нерв жүйесі сыртқы ортамен үнемі байланыста бола отырып, ішкі процесстерді реттеп, тұрақтандырып тұрады. Ондай процесстерге:

Дене температурасы

Биохимиялық реакциялар

Артериальді қысым

Тіндердің қоректенуі және оттегімен қамтамасыз етілуі, т. б. Яғни, жалпы гомеостазды реттейді.

Slide 16

ЖТН жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Ірі ми қыртыстары мен жүлгелері жақсы көрінеді; кіші ми қыртыстары мен жүлгелері өмірінің алғашқы жылдары құралады.

Сұр зат жасушалары мен өткізгіш жүйесі әлі қалыптаспаған. Үлкен жартышарлардың жүйке жасушаларының саны туылғаннан кейін ұлғаймайды, олардың өсуі мен дифференцировкасы орын алады (алғашқы 6 жылда интенсивті түрде) .

Бас сүйек нервтері мен пирамидалық жолдардың толық миелинизациясы болмайды.

Дендриттері қысқа, аз тармақталған.

Бас ми қыртысында тежелу процессі басым болады.

Анализаторлық және шартты-рефлекторлы қызмет болмайды.

Таламо-паллидарлы жүйе қызметі басым.

Жұлын 3-ші бел омыртқасы деңгейінде аяқталады.

Slide 17

ЖЖ зерттеу әдістері

Шағымдар

Анамнез (жүктілік пен босанудың өтуі, неонатальді период, басынан өткерген аурулары)

ҚАРАУ. Дисэмбриогенез стигмаларына (даму ақаулықтары), бас формасы мен өлшеміне, бас сүйек жіктері мен еңбектеріне назар аударады. Жоғары жастағы балаларға интеллектуальді дамуына баға береді. Ұйқы санын ескереді.

Сөйлеу қабілетін тексеру. Баланың гуілдеуіне, буындар мен жеке сөздердің айтылуына, өз ойын толық жеткізе алуына баса назар аударады.

Қозғалыс қабілетін зерттеу. Дененің қалпын, қозғалыс координациясын, баланың басын ұстай білу қабілеті, отыру, жүру, ұсақ қол жұмысын атқаруына, қозғалмалы ойындар ойнауына қарайды.

Бұлшықет тонусы. Өмірінің алғашқы айларында тракцияға бақылау жасайды: бала білезігінен ұстап, өзіне тарту керек. Бұл кезде бала қолдары шынтақ буынында сәл жазылып, кейін жазылуы тоқтап, бар денесімен қолдарға тартылады. Жоғары жастағы балаларда тонусты пассивті қозғалыстар жасау арқылы бағалайды.

Баланың психо-моторлы дамуын бағалайды.

Патологиялық неврологиялық белгілердің бар-жоқтығын анықтау.

Рефлекстерді бағалау

Slide 18

Психомоторлы даму

ЖАСЫ

Психомоторлы дамудың ерекшеліктері

ЖТН

Қатты эмоциональді айғай; Ұзақ ұйқы (20 сағ) ; Құрттәрізді қозғалыстар; Бүгуші бұлшықеттердің гипертонусы (эмбриональді поза) ; Шартсыз туа пайда болған рефлекстердің болуы

3 ай

Басын жақсы ұстайды (ішпен жатқанда-1 ай, вертикальді қалыпта 2 айдан бастап) ; гуілдеу (2ай қысқа, 4 айынан ұзақ) ; затты қадағалайды; жылы сөзге жауап ретінде жымияды, ойыншыққа ұмтылады; құрттәрізді қозғалыстар, жазатын бұлшықеттер гипертонусы, шартсыз рефлекстердің кейбірі (ұстап алу, алақан-ауыздық, қорғаныштық, тіректік) жойылады; айынан бастап жоғарғы Ландау рефлексі пайда болады; кейбір шартты рефлекстер (тамақтануға байланысты анасын тануы) қалыптасады.

6 ай

7 айынан бастап отырады, ойыншықты ұстайды, жеке буындарды (лепет) айтады; таныс және бейтаныс адамдарды ажыратады, бүйіріне, арқасынан ішіне, ішінен арқасына аударылады; төменгі Ландау рефлексі қалыптасады; шартты рефлекстер жеңіл қалыптасады.

9-10 ай

Еңбектейді; тірекпен тұрады, ересектер қимылын қайталайды; 10-11 айынан бастап сөздерді айтады.

1-1, 5 жас

Өздігінен жүреді, 10-12 жай сөздерді айтады, 1, 5 жасына қарай 30-40 сөз біледі; тыйымды біледі; дене бөлітерін басқа да заттарды біледі; қозғалмалы, ынтық білдіру

2-3 жас

Түстерді ажыратады, күрделі сөйлемдерді айта бастайды, бірнеше кедергілерден аттап өтеді, өздігнен киіне алады, ересектер көмегімен түйме, бау тағады.

Slide 19

РЕФЛЕКСТЕР

Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23

СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ

Slide 24

Сезім мүшелері

Қоршаған ортаны жас бала сезім органдары арқылы тани бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін ми қабыршығының жетілуімен қатар сезім мүшелерінің жақсы дамуы шартты. Олар, иіс тану, көру, сезу, есту, дәм түйсігі.

Жаңа туған баланың иіс тану қабілеті жақсы дамыған. Әртүрлі иіске ол түшкіріп, бет әлпетін құбылтады. Нәрестенің туа салысымен көру қабілеті болады. Бірақ, көз қозғалысы үлеспеген және жиі қыли болып келеді. Бұл қылилық бала әртүрлі әсем жылтырақ заттарға көзін тіге бастағанда кетеді. 6 айдан бастап түрлі-түсті ажыратады.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Балалардың денсаулық топтары және оларды анықтаудың критерийлері
Баланың физикалық дамуы
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалар психологиясына кіріспе
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
Критериалды бағалаудың құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz