ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ. КЛИНИКАСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
Презентация қосу
ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ. КЛИНИКАСЫ,
ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
ЖОСПАРЫ:
• Кіріспе
• Жарық құрылымы
• Классификациясы
• Этиологиясы
• Клиникасы
• Диагностика
• Емі
• Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Іш қабырғасының жарықтары (hernіa) — іш қуысында
жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі
орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы.
Жарық құрамы: жарық қалтасы, қақпасы, ішіндегі зат.
ЖАРЫҚ ҚАҚПАСЫ
• Жарық қақпасы- жарықтың сыртқа шығатын тесігі.
• Мысалы, жарық пайда болғанда шап және жамбас өзектері
кеңейіп 1-2 саусақ сиятын қақпа түзейді.
ЖАРЫҚ ҚАЛТАСЫ
• Жарық қалтасы- қақпа арқылы тері астына шығатын мүшені
жабатын париетальді іш пердесі.
• Қалтаның шұңқыры, ішкі мүше енетін тесігі, мойны, денесі,
түбі болады.
• Пішіні домалақ, саусақ тәрізді, сопақ болуы мүмкін.
• Ішіндегі заттар әр түрлі, көбіне қозғалғыш мүшелер: шарбы
майы, тоқ ішек, аш ішек кездеседі.
ЭТИОЛОГИЯСЫ
Туа біткен жарықтар іш қабырғасының даму ақауы,
жетілмеуі салдарынан дамиды.
Жүре пайда болған жарықтар- іш қабырғасының қысымы
жоғарылауы, әлсіздігі кезінде дамиды.
ІШ БЕТІНІҢ ӘЛСІЗДІГІ
• Жергілікті: анатомиялық құрылысына байланысты, операция, жарақат
салдарынан пайда болады. (іш бетінің әлсіз, нашар жабылған
орындары: кіндік сақинасы, шап, сан өзектері, іштің ақ сызығы.)
• Ағза жағдайына байланысты әлсіздік: жастық- тіндердің қарттық
болбырлығы, ауру, аштық нәтижесінде, асцит, жүктілік кезінде
ішастардың созылуы.
• Іш қабы ішкі қысымы жоғарылауы: физикалық жүктеме, түшкіру,
жөтелу, босану, зәр шығару қиындағанда.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Жарық ішіне енген мүше жағдайына байланысты:
• Бос, байланбаған, қысылмаған, орнына салатын
• Қысылған, байланған
Ағымы бойынша
• Асқынған
• Асқынбаған
ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША
• Шап жарығы
• Кіндік жарығы
• Сан жарығы
• Шат аралық
• Іштің ақ сызығы
• Құрсақ жарығы
• Шонданай жарығы
• Көкет жарығы т.б.
СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ЖАРЫҚТАР
• Сыртқы жарықтар- іш қуысындағы ағзлардың жасанды немесе
физиологиялық дефектісі арқылы ішпердемен тері астына шығып кетуі.
Іш пердемен жабылмаған жағдай эвентерация деп аталады.
• Ішкі жарықтар- ішастар, шажырқайдың әр түрлі қалталарына іш қуысы
ағзаларының шығуы. Мысалы, диафрагма дефектісі арқылы іш қуысы
мүшелері кеуде қуысына шығуы.
АСҚЫНЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
• Асқынбаған
• Асқынған: орнына кірмейтін, қабынған, жарық қапшығы жыртылған,
қысылған.
КЛИНИКАЛЫҚ АҒЫМЫ
• Біріншілік
• Рецидивті жарық
• Отадан кейінгі пайда болған жарық
ХИРУРГИЯЛЫҚ ТӘСІЛСІЗ ОРНЫНА КЕЛУІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ
• Орнына келетін- вправимые
• Орнына келмейтін- невправимые (сращения, спайки). Орнына келмеу
жай дамиды, кенеттенпайда болған орнына келмеу жарықтың қысылып
қалуының бірден бір көрінісі.
ЖАРЫҚТЫҢ ЖАЛҒАН ҚЫСЫЛУЫ
• Жарықтың қысылу процессі жалған болуы да мүмкін. Бұл ағзада,
дәлірек айтқанда іш қуысында қабынулық процесс немесе асқынулық
перитонит, жатырдан тыс жүктілік, асцит болғанда кездеседі. Себебі
қабынулық процессжарық қапшығына экссудаттың түсуімен, іш қуысы
қысымының өсуінен болады. Ауырсыну 5-7 күннен кейін болады,
қарауда жарық орнына салынбайды, құсу рефлекторлы болады.
Рентгенологияда ең бастысы- ішек өтімсіздігі анықталмайды.
МНИМОЕ КАШЛЕВОЙ ТОЛЧОК
ШАП ЖАРЫҒЫ
• Шап жарығы- жарықтардың бір түрі, бұл кезде жарық қапшығы шап
аймағында орналасады.
• Жарық қақпасы іш қабырғасындағы бұлшықет- апоневротикалық
дефект.
• Жарық қапшығы париетальды іш қабырғасы, ішінде іш қуысының кез
келген мүшесі, көбіне үлкен шажырқай немесе жіңішке ішек.
ТҮРЛЕРІ
• Симптомсыз жарық
• Симптоматикалық жарық
• Орнына салынбайтын жарық
• Қысылған шап жарығы
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
• Туа пайда болған жарық- ішастардың қынаптық өсіндісінің толық
бітіспеуінен және оның шап қапшығына айналуынан болады.
• Жүре пайда болған жарық- түзу және қиғаш болады. Бұл кезде жарық
қапшығы шаптың медиальды, латеральды шап өзегі аймағында
париетальды ішастар болап табылады. Сонымен қатар іш қуысымен
байланысқан бірнеше қапшығы бар комбинирленген жарықтарда болады.
• Одан басқа шап жарықтарының интрапариетальды, Купер жарығы, сыртқы
көпіршеүстілік түрлері бар.
• Купер жарығы (осумкованная)- екі қапшығы бар, бірі екіншісіне еніп тұрады.
• Интрапариеталды жарық(внутристеночные выхождение мешка из оболочек
семенного канатика)- крипторхизм кезінде көп кездеседі.
КЛИНИКАЛЫҚ АҒЫМЫ (ҚИҒАШ)
• Басталған жарық- шап өзегінде күшену кезінде өспе тәрізді туынды
пайда болады.
• Саңылаулы жарық- жарық түбі шап өзегінің сыртқы тесігіне жетіп
тұрады.
• Өзектік жарық- шап өзегінен асып шәует шылбырына жетеді.
• Шап- ұмалық жарық- жарық қапшығы ұмада орналасады.
Л.М.НИХУС КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
• Қиғаш шап жарығы 1 типі- көбіне жастарда, балаларда кездеседі. Шап
өзегі кеңеймеген, шап жарығы бұртиып тұрады.
• 2 типі-шап өзегі кеңейген. Шап қапшығы ұмаға түспей, күшенгенде
бұртиып шығады.
• 3 а типі- түзу шап жарығы- көлденең фасцияның созылуы, шап өзегінің
артқы қабырғасының бұзылуы болады.
• 3б типі- қиғаш шап жарығы- көбіне үлкен көлемді, шап-ұмалы
жарықтар. Шап өзегінің алдыңғыда артқыда қабырғасы бұзылады. Шап
өзегі кеңейген.
• 3с типі- барлық сан жарықтары
• 4тип- рецидивті жарықтар
• 4а типі- рецидивті түзу жарықтар
• 4б типі- рецидивті қиғаш жарықтар
• 4с типі- рецидивті сан жарықтары
• 4д типі- комбинирленген рецидивті түзу, қиғаш сан және шап
жарықтары.
ШАҒЫМДАРЫ
• Ісіну шап аймағында
• Ауырсыну жөтел кезінде, күшенгенде
• Үлкен көлемді болса жүргенде дискомфорт
• Диспепсиялық бұзылыстар
• Дизуриялық бұзылыстар
ОБЬЕКТИВТІ ҚАРАУ
• Шап аймағында өспе тәрізді туынды байқалады. Жұмсақ-эластикалы,
горизонтальді қалыпта орнына салынады.
• Қиғаш жарықтар көбіне бір жақты, овальды, ұмаға жете бермейді.
Шәует шылбыры қалыңдаған.
• Ал түзу жарықтар екі жақты, іштің орта сызығына жақын, шәует
шылбырынан ішке қарай, ұмаға түсуі мүмкін.
• Жөтелдік симптом(кашлевой толчок) оң. Саусақпен тексеруде шап өзегі
кеңейген. Саусақтан медиальді пульсация сезіледі (a. epigastrica inferior)
егер қиғаш жарық болса, ал түзу жарық болса латеральді сезіледі.
ДИАГНОСТИКА
• УДЗ
• КТ
• МРТ Вальсальва пробасымен
• Рентген контрастты герниография (Натрий амидотризоаты, Йогексол)
• Ирригоскопия
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ
• Гидроцеле- ұма домалақ пішінді немесе овальды, ауырсынусыз, тегіс
беткейлі, тығыз консистенциялы. Аталық без артқа ығысқан,
перкуторлы тұйық дыбыс.
• Варикоцеле- көбіне сол жақты, шәует шылбыры бойымен, венозды
кеңеюлермен. Ұма салбыраған, жүргенде ауырлық сезімі, ауырсыну-
жыныс мүшесіне, белге беріледі. Пальпацияда венозды кеңею
байқалады.
• Жатырдың жұмыр байламы кистасы- тығыз, горизонтальды қалыпта
өзгермейді, перкуссияда тимпанит байқалады.
ЕМІ
• Шоулдайс герниопластикасы
• Lichtenstein герниопластикасы
• Трансабдоминальды преперитонеальды пластика
• Тотальды экстраперитонеальды пластика
• Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозын кеспей ота жасау: Ру, Ру-
Оппель, Краснобаев
• Апоневрозды кесу арқылы: Жирар, Спасокукоцкий, Кимбаровский
• Шап каналының артқы қабырғасын қалыптастыру мақсатында: Бассин,
Мак- Вей, Шулдайс, Постемпский
САН ЖАРЫҚТАРЫ
• Сан жарығы- сан өзегі арқылы шығады.
• Орналасуы бойынша: бұлшықет- лакунарлы, тамырлы- лакунарлы,
тамыралды (пердсосудистая), қылқанды (гребешковая).
КЛИНИКАСЫ
• Көбіне қысылған
• Көлемі жаңғақ тәрізді
• Ісінген
• Ауырсыну иррадация- аяққа
• Диспепсиялық бұзылыстар
ЕМІ
• Локвуда- тілікті шап байламына параллель төмен жасайды. Жарықты
алғаннан кейін, жараны сан ішкі бөлігінде 3-4 пупарт байламын тігу
арқылы жабады.
• Бассини- 1ші тігісті қасаға сүйек бұдырына, сосын 1 см сан венасынан
ішке салады. Қалғандарын фасцияларға салады.
• Руджи- шап каналын, көлденең фасцияны тіледі. Сан каналын ішкі
бөлігінен кіріп жарыққа шығады. Жарық қақпасын шап байламын купер
байламымен қосу арқылы жабады.
КІНДІК ЖАРЫҒЫ
• Кіндік және кінік маңы жараығы деп жарық қақпасы болып кіндік
каналынынң дефектісі болатын жарықты айтады.
• Дамуына, анатомиялық жарықтарды бөледі: эмбрионалды кіндік
жарығы, кішкентайлардың жарығы, үлкендер жарығы.
• Эмбрионалды жарық алдыңғы іш қабырғасының даму аномалиясы
болып табылады. Жарық қақпасы- кіндіктің амниотикалық қабаты.
• Үлкендерде әсіресе әйелдерде жарық көп босанғандарда, семіздік
болғанда пайда болады.
• Жарық үлкен болса да әдетте қақпасы кішкентай болады, 10 см аз.
ЕМІ
• Лексер әдісі- балаларда қолданады. Жараны кисетті жіппен тігеді.
• Сапежко әдісі- тілік түзу жасалады.
• Мейо әдісі- тілік көлденең, кіндікті алып тастайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Клиникалық протокол ДСМ ҚР
• Особенности классификаций грыж А.В.Протасов
• Хирургиялық аурулар Өмір Мәдікенұлы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz