Ішек өтімсіздігінің консервативті емі және блокадалық-анестезиялық әдістер


Slide 1

Тақырыбы: Ішек өтімсіздігінің консервативті емі

Slide 2

Обтурациялық өтімсіздіктің емі:

1% натрий хлориді ерітіндісінен бөлме температурасында клизма қайта-қайта қайталап жасайды. Егер қарапайым клизма көмектеспесе, сифонды клизманы ішек нәжістен толық тазаланғанша және ішектің өткізгіштігі қалпына келгенше жасайды.

Диета: клетчаткаға бай тағамдар, өсімдік және вазелин майы ішке қабылдауға, «Амплипульс» аппаратымен 15-20 сеанс ішектің электростимуляция курсын қабылдау.

Slide 3

Гиршпрунг ауруының емі:

Диета: сұлы, қарақұмық кашасы, қарашөрік, қызылша, сәбіз, бал, айран, ацидофилин және т. б

Клизмалар: қарапайым, тазалау, гипертониялық, вазелинді, сифонды.

Сифонды клизмаға бөлме температурасында 1% натрий хлор ерітіндісі қолданылады.

Сифонды клизмаға құйылатын сұйықтық көлемі баланың жасына байланысты (0. 5-3 л емізулі балаға және 3-10л улкен жасқа)

Slide 4 Slide 5

Сифонды клизмадан соң тарылған аймақ арқылы жел шығарушы түтікті кеңейген ішектерден сұйықтық толығымен шыққанша 1-2 сағатқа енгізіп қоямыз. Босаңсытатын заттар қолдануға болмайды, ішке өсімдік майларын тағайындаймыз (зәйтүн, күнбағыс, шабдалы), нәрестелерге 1 шай қасықпен, мектепке дейінгілерге 1 десертті, мектеп жасындағыларға 1 ас қасықпен күніне 3 рет.

Slide 6

Ішек инвагинациясының консервативті емі аурудың алғашқы 12 сағатында көрсетіледі:

Диагностикалық рентгенологиялық зерттеу кезінде инвагинатты қалпына келтіру үшін 100-120 мм. с. б. б қысымда ауаны жәй жібереміз, тоқ ішекке таралып, инвагинаттың басы көрінгенде тоқтатамыз. Инвагинат контурлары айқын, домалақ көлеңке болып көрінеді. Зерттеу біткен соң тоқ ішектегі артық газды жою үшін тік ішекке жел шығарушы түтікті енгіземіз.

Инвагинат қалпына келген соң бала тынышталып, ұйықтайды.

Slide 7

Инвагинатты қалпына келтіру үшін тоқ ішекке ауа жіберетін құрал.

Ричардсон баллоны

Slide 8

Динамикалық ішек өтімсіздігінің емі:

Бірінші өтімсіздіктің себебін анықтаймыз, бір мезетте ішек парезіне де қарсы ем тағайындалады:

1) асқазан-ішек жолдарының бұлшықетті қабаттарының жиырылу белсенділігін тікелей стимуляциялау (тазалау, сифонды және гипертониялық клизмалар, ЭКГ мен бақылауда тамыр ішіне натрий хлориді және калий ерітінділерін тамшылатып енгіземіз, электростимуляция)

Slide 9

2) ішектің қозғалыс белсенділігінің тоқтап қалуын анықтайтын рефлекс доғаларына блокада жасау (паранефральды новокаинды блокада, прозерин қолдану, )

3) асқазан-ішек жолдарының жүктемесін азайту(асқазанда үздіксіз зонд, ішектің интубациясы) .

Slide 10

. Паравертебральді анестезия: науқас жатқан жағдайда ; 2 - науқас отырған жағдайда.

Slide 11

а) ганглиоблокаторлар - диколин немесе димеколин 1% - 1, 0 п/к,

б) прозерин 0, 05% - 1, 0 п/к,

в) 10% қайнатылған тұз ерітіндісі 60 мл т/і,

г) убретид 1 мл б/е,

д) сифонды клизмалар.

Slide 12

Парасакральды анестезия. Иненің (1) бесіншіден біріншіге қарай жылжуы (2) сакральды нерв түбіріне.

Slide 13

Пресакральды.

а) қысылған геморроидальды түйіндерде

б) кіші жамбас мүшелерінің функциональды және қабыну ауруларында;

в) тік ішектің операцияларына.

Паравертебральды теріішілік блокада.

а) қабырғалардың сынуында, кеуде торының зақымдалуларында + вагосимпатикалық;

б) әр түрлі этиологиялы радикулиттерде ;

в) жедел операцияны қажет етпейтін висцеральды ауырсынуларда .

Slide 14

Паранефральды блокада қолданылады:

а) әр түрлі этиологиялы жедел ішек өтімсіздігінде (механикалық және динамикалықтың диференциальды диагностикасында )

б) іш қуысының қуысты мүшелерінің спастикалық және атониялық жағдайларында

в) іш қуысының белгісіз этиологиялы висцеральды ауырсынуларында

г) жедел операцияны қажет етпейтін іш қуысының қабыну инфильтратында (аппендикулярлы және т. б. )

д) операциядан кейінгі кезеңде ішектің паретикалық жағдайларында

е) іш қуысы жарақатының шогында ;

Slide 15

ж) шокта;

з) жамбас және балтырдың ауыр жарақаттарынан кейінгі шокта

и) жедел холециститте ;

к) жедел панкреатитте;

л) бүйректік коликада және рефлекторлы анурияда

м) аяқ қолдың артерияларының облитерациялық ауруларында

н) аяқ қолдың трофикалық жараларында.

Slide 16

Спайкалық ішек өтімсіздігінің консервативті емі алғашқы 12 сағ жүргізіледі:

1) асқазанды босату (үздіксіз зонд) әр 2-3 сағ сайын шайып тұру.

2) ганглий блокадасы ( новокаинды паранефральды немесе паравертебральды блокада, 5 жасқа дейінгі балаларда - пресакральды новокаинды блокада)

3) ішектің тамыр ішілік стимуляциясы:

а) 10% натрий хлориді ерітіндісінен 2 мл әр 1 жыл жасына

Slide 17

б) 0. 05% прозерин ерітіндісінен 0. 1 мл әр 1 жыл жасына

4) стимуляциядан кейін 30-40 мин соң сифонды клизма

Егер комплексті консервативті ем нәтижесіз болса 2, 5-3 сағ сайын қайталауға болады.

Slide 18

Паралитикалық ішек өтімсіздігіндегі іс-шаралар:

1. Асқазаннан тұрып қалған заттарды зонд арқылы пассивті эвакуация, ішектің декомпрессиясы гастро-, энтеро-, цекостома немесе ретроградты тік ішек арқылы ішек интубациясы .

2. Ішектің моторикасын нерв- бұлшықеттік аппаратына әсер ету арқылы күшейту. Осындай мақсатпен тамыр ішіне жасына сай дозада натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісін енгіземіз, 30-40 минуттан соң сифонды клизма жасаймыз. Холинэстераза ингибиторлары, ішектің көлденең бұлшықеттерінің активаторлары енгізіледі.

Slide 19

3. аймақтық қанайналымды жақсарту, ішектің функциясын жақсарту үшін патологиялық импульстердің берілуін тоқтату. Бұл әр түрлі блокадалармен жүзеге асады:паранефральды, пресакральды, ұзартылған перидуральды. Парездің сатысына, аурудың ұзақтығына, парездің себебіне байланысты емдік іс-шаралар жасалады.

Slide 20

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Ішек өтімсіздігінің радиологиялық диагностикасы: әдістері мен клиникалық маңызы
Ішек өтімсіздігі: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, диагностикасы және емі
Балалардағы калькулезді холецистит: клиникасы, диагностикасы және консервативті емдеу
Жедел ішек өтімсіздігі: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері
Тік ішек пен аналь аймағының аурулары: диагностика және емдеу тактикасы
Білім беру парадигмалары: дәстүрлі-консервативті, технократиялық, рационалистік, бихевиористік және феноменологиялық тұжырымдамалар
Балалардағы ішек инвагинациясы: анатомиялық-хирургиялық негіздері, клиникасы және емдеу тактикасы
Сібір жарасының клиникасы, патогенезі, диагностикасы және емі
Ішек түйілуінің патогенезі, жіктелуі, клиникалық көрінісі және емдеу тактикасы
Ішек пен несеп-жыныс каналдарына жасанды тесік ашу және тік ішек арқылы операция жүргізу техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz