Қазақстандағы трайболизм



Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер Пәні: саясаттану Тақырыбы: Қазақстандағы трайболизм

Трайбализм, рушылдық - қоғамдық жікке бөлінушілікті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс.
Трайбализм негізінен билікке таласушылықты, сепаратизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демократиялық институтттары нашар дамыған елдерге (Азия, Африка елдері, т. б. ) тән.

Этногенетикалық тегі тайпалық-рулық құрылыс негізінде қалыптасуына және ғасырлар бойы жүздік құрылымдар бойынша басқарылуына байланысты қазақ халқында тайпалық, рулық сезім осы күнге дейін сақталған.
Қазақ дәстүрлі әдет құқығы бойынша әр адам өз шыққан тегі мен жеті атасын білуі тиістігі тұқым тазалығы мен тектілік қасиеттің орнығуына, адамдар арасында туыстық қатынастардың жойылмауы мен сол арқылы халықтың өзін-өзі сақтап қалуына жағдай жасады, мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландырды.

Дегенмен, жеке адамдар арасындағы ірілі-ұсақты билікке таласушылық ру-тайпалардың залалды бақталастығы мен бәсекелестігіне, дау-жанжалға ұласып, рулық сезім рушылдық-жікшілдікке соғып отырды.

Қазақ еліндегі трайбализм өзге елдердегі жершілдік, этностық жікшілдік секілді құ-былыстарға ұқсас қызмет атқарды, тиісінше қазақ мемлекеттілігін нығайта түсуге кедергі жасады. Қазақ хандығы дәуірінде Тәуке ханның“Жеті жарғысы” рушылдық құбылыстарға батыл тосқауыл қоюымен ерекшеленді.

Әр кезеңдерде өмір сүрген қазақ зиялылары рушылдықты “мемлекетке іріткі салатын қоғамдық дерт” ретінде бағалап, оны біржола жоюды, елдік, мемлекетшілдік сананы жоғары қойып, орнықтыруды ұсынды. 20 ғасырдың соңынан бастап қазақ қоғамында урбанизация және нарықтық үдерістердің күшеюі трайбализмнің бәсеңдеуіне ықпал етті

Трайбализм - бұл негізінен билікке таласушылықты, сеператизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демократиялық институттары нашар дамыған елдерге тән құбылыс.
Дегенмен, ертеде бабаларымыз ру руға, тайпаға бөлініп, ұрандатып, байтақ даламызды жаудан қорғап қалған.

"Жау шапқанда, сонда өзінің рулық, тайпалық ұрандарын пайдаланып, жауға шапқан, онық жақсы жақтары болды. Ал қазір, бірігеміз дегенде, бір мықты ұлт боламыз дегенде, мына 30 мемлекеттің қатарына кіреміз дегенде бізге бөліну ешқашан да керегі жоқ", - дейді тарихшы Зиябек Қабылдинов.
Кейбір зиялыларымыз рушылдықты “мемлекетке іріткі салатын қоғамдық дерт” деп бағалап, оны жою керектігін айтады.

Бұрынғы рулық жүйе қазақ халқының қалқаны еді, ендігісі - жүрегіне қадалар қанжары болғалы тұрған сыңайлы… Дегенмен, қазақтың рулық жүйесінің тарихына көз салсақ − бұл жүйе қазаққа ұшан-теңіз көмек көрсеткенін, тіптен, бүгінде «қазақ» атымен танылған ұлтты (халықты) тарихи аренаға алып шыққанын көреміз.

Өз заманында осы жолда ол мынадай міндеттерді атқарып шықты:
1) руын сұрастыра келе жеті және одан да арғы аталарын тарату арқылы қазақтың тарихи жадын, тектік (гендік) қасиетін сақтады;
2) руын сұрастыра келе - «қарға тамырлы қазақ» деген біртұтастық символды жасап шықты;

3) байтақ жеріміз рулық иеліктерге, одан әрі, оның негізінде жүздік бөліктерге бөлініп, жерді қорғау жауапкершілігі, сол аймақты тұрақты мекендеген руларға жүктелді. Қазақтың атамекенге деген ыстық ықыласы осындай салмағы ауыр жауапкершілікті сезіну арқылы қалыптасты.

4) рулар өздеріне тиесілі жерді бөліп алу арқылы оңтайлы шаруашылық үрдісін қалыптастырды
5) өз руынан (7 - 12 атаға дейін созылады) қыз алмай, қыздарын өзге руларға атастыру, ұзату арқылы халықтың біртұтастығының рухани бастауын - тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін біртекті етті.

6) жүздердің өзі де, жүздер ішіндегі ірі рулар мен шағын рулардың ара салмағын ажырату арқылы «аға-іні» (ұлы-орта-кіші), «үлкенді (аға руды) сыйлау, жол беру», «үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без», шағын руларға қамқор болу, «ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» секілді асыл қасиеттердің қайнар бастауын ашты.
7) рулар конфедерациясы болып табылатын жүздердің арасындағы ынтымаққа баса назар аударылды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz