Қазақстанның қазіргі саяси ахуалы




Презентация қосу
Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер
Пәні: саясаттану
Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі саяси ахуалы
Қазақстанның қазіргі саяси
ахуалы
Қазақстан егемендігінің қалыптасуы
мен ерекшеліктері

Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан
Республикасы дегенде, ең алдымен
қазақ халқының тәуелсіз егеменді
ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын
ұғыну керек. Қандай болмасын
ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре
алмайтыны тарихтан белгілі.
Демократияның негізгі бір
принципіне де мемлекеттік
құрылымның ұлттық сипатын сақтап
қалу, жан-жақты дамыту саясаты
жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған
жағдайда ұлттың құрып кетуі
кезектегі мәселе.
Қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес
дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам
шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге
келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде
жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі
орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы
кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия
көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық
үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін
құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның
басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша
Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық
иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі
белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын
әзірлеуге негіз болды.
Қазақстан республикасының
мемлекеттік-саяси құрылымы
Жас еегеменді Қазақстан
мемлекеттік-саяси құрылымы
тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысында қалыптасты. 1993
жылы қабылданған Конституция
бойынша мемлекеттік өкімет
билік заңдық, атқару және сот
билігі болып бөлінеді. Атқарушы
өкімет билігінің біртұтас жүйесін
басқаратын мемлекет басшысы
ретінде президенттік билік
орнады.
Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және
біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді
мемлекеттің күшті президенттік республика құру
бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.
Президенттік билік
Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық.
Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент
қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық
билік институттарынан жоғары тұрып, олардың
жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам
өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол
конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік
егемендіктің нақты көрінісіне айналды.
Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи т әжірбиесі
көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы то қсаныншы
жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси
тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қа қтығыстар бел ал ған
тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында
тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік билікті ң басты
мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қор ғау,
ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекетті ң қор ғаныс ж әне
қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына с әйкес дербес
сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар
Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдасты қ құрметтейтін
дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел
шешу керек болды .
          Президенттік билік институтын
еңгізу арқылы республикада ең бір қиын
өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты
ұсталып, қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде
дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың
өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-
әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі
және шекара әскерлері құрылды. 1993
жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет
Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері
басталды. Осылай жас мемлекеттің
қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі
қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары
сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі
сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет
елдермен және халықаралық ұйымдармен
барлығы 800-ден астам құжат жасалды.
Тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысындағы Қазақстанның
қоғамдық,мемлекеттік-саяси
өмірлік барлық жағынан да
күрделі өзгерістерге толы.
Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы
24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын
дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1
желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген
болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші ж үйеге
көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді бас қару
саласында президенттік билік комунистік партия ж әне ке ңестер
билігімен қатар өмір сүруі.
1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері
Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да
бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті
болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші
партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық
арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік
партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын
құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.
1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі»
партиясы құрылды. 1993 жылдың басында
«Қазақстанның Халық бірлігі» одағы құрылып,
бұл кейін партияға айналды.1994 жылы
наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан
коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы
Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге
келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың
саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың
қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық
қозғалысы қосылды.
Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық
демократияның органы ретінде «Қазақстан халықтары Ассамблеясы»
дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД
елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды ң,
ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік
салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы-
Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы
желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды.
Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-
кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты
көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты
жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жо ғар ғы оқу
орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттарды ң
өкілдері оқи бастады.
Егеменді Қазақстан
Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданды. Бұл
негізгі Заңның жобасын
талқылауға үш миллионнан астам
азаматтар қатысты. Олар 1993
жылғы Конституцияға 30 мыңнан
астам ұсыныстар мен ескертпелер
енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жыл ғы 30 тамызда
өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қаза қстан
Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оны ң е ң қымбат қазынасы-адам
және адамның өмірі, құқықтары мен босьанды қтары болатынын
заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік
басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде за ңдандырылды.
Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді.
Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныы ң егемендігімен оны ң
болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы ай қын
көрсетілген. Онда: « Біз, орта қ тарихи та ғдыр біріктірген Қаза қстан
халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді
еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл
азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниеж үзілік қо ғамдасты ққа
лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі ж әне болаша қ ұрпа қтар
алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы
Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.

Қазақстан Республикасының
Конституциясы
Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-
сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің
өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді.
Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі
немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46
пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады.
Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік
басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын,
өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда
қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын
көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің
ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын
танытты.
Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін
ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық
егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік
түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық
жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі ж әне
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға» болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы
белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент
туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс
істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін
атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды.
Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын
аманатты мандатпен байланысты емес болды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен,
прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен ж әне к өпжа қты ынтыма қтасты ққа
бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзіні ң тарихи, геосаясатты қ ж әне
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халы қаралы қ
ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және оларды ң аймакты қ біртұтасты ғын к ұрметтеу
принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен те ң құқылы ж әне екі жа ққа да
тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялы қ байланыс орнат қан шет
мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы т әуелсіздік ал ған с әттен бастап бізді ң
республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялы қ қарым-қатынас орнатты. К өптеген себептерге
байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назар ға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi транс ұлтты қ корпорацияларды ң, өзге мемлекеттерді ң
үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталы қ Азиядағы географиялы қ сипаты бойынша
ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалы қ даму қар қыны бойынша бізді ң мемлекет
аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктеріні ң мол екендігін ескере кету
керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылы ғы ең алдымен Ресей, Қытай, А ҚШ, ЕО,
Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен те ң құқылы қарым- қатынас құруга
бағытталып отыр.
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын
атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент
алдында жауап беруге және Республика Парламентінде
есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот
төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот
билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген
Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында
дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент
депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және
референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси
мәселелерді шешетін болды.


Ұқсас жұмыстар
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
Әлем назарын аудартқан ақорда
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
Туған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын
Жеке кәсіпкерлік бастамаларды көтеу саласында мемлекеттік саясат саласының негізгі бағыттарын анықтайтын
Қоршаған орта
Инвестициялық нысан
Инвестициялық құқықтың принциптері
Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері
Пәндер