Қартаюдың молекулярлы – генетикалық механизмдері. Биологиялық жүйенің сенімділігі



Тақырыбы: Қартаюдың молекулярлы - генетикалық механизмдері

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Герогигиена және геронтология ілімдері
Ә) Қартаюдың түрлері, сипаттамасы және қартаюдың себептері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Биологиялық жас (анатомо-физиологиялық) - организмнің биологиялық жағдайының белгілі бір даму деңгейіне, яғни белгілі бір паспорттық жасқа айырықша тән болатын физиологиялық жүйелердің негізгі көрсеткіштері мен денсаулықтың сандық сипатының сәйкестігі. Биологиялық жас - уақыт кезеңіндегі биологиялық мүмкіндіктердің өзгеру өлшемі, өмірге қабілеттіліктің, болашақта қаншалықты өмір сүретіндіктің өлшемі. Биологиялық жас әр түрлі жүйелердің қызметтік жағдайын топтама сипаттау негізінде, организмнің зат алмасу, құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері жиынтығымен, сондай-ақ, қартайған организмнің бейімделушілік мүмкіндігін бағалау негізінде де анықталады. Ол хронологиялық жасқа сәйкес келмеуі мүмкін: егер биологиялық жас күнтізбелік жастан анағұрлым артта қалса, онда ұзақ өмір сүру мүмкіндігін болжауға болады. Ал егер күнтізбелік жастан анағұрлым алға түссе қартаю ерте дамиды.

Биологиялық жүйенің сенімділігі - келісімді, ұзақ мерзімді, белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабілеттіліктің тұрақтылығын сақтау қасиеті. Организм сенімділігі витаукт үрдістерінің айқындылығына байланысты, себебі ұзақ мерзімділік бейімділікті витаукт үрдістері анықтайды. Биологиялық жас организмнің сенімділік деңгейімен анықталады. Қартаю түптің-түбінде бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуі мен ауытқудың дамуы негізінде жатқан организмнің жеке жүйелері мен жасушалардың сенімділігініњ төмендеуіне әкеледі. Қартайғанда жүйенің сенімділігі, молекулярлық, жасушалық, организмдік, яғни барлық деңгейде төмендейді.

Витаукт - эволюция үрдісі нәтижесінде пайда болған зақымданудан сақтану механизмі. Витуакт (В) организмнің ұзақ уақыт бейімделуін қолдап тұру қабілеттілігін анықтайды, және де ол организмнің өмірлік әрекетінің тұрақты деңгейін сақтауға бағытталған. В байқалуының екі типін ажыратады:
генотиптік - эволюция нәтижесінде орнықты бекінген, тұқым қуалау хабардың берілуіне байланысты жүзеге асатын (генетикалық хабардың қайталану жүйесі, антиоксиданттар жүйесі, бауырдың микросомалық тотығу жүйесі. ДНК-ның репарация жүйесі, антигипоксиялық жүйе т. б. ), генетикалық алдын-ала жоспарланған В көрініс беруі;
фенотиптік - организмнің өздігінен реттелу механизмінің нєтижесінде, адамның өмір әрекеті үрдісінде жинаќталатын (мобилизацияланатын) В механизмі (жасушалардың гипертрофиясы мен гиперқызметі, жергілікті гуморальдық жүйе мен бірнеше зат аламсу циклдерінің белсенділігі т. б. ) .

Гериатрия (грек. geron - қарт, iatreia - емдеу) - егде және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.
Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:
- егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.
- ерте қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.

Герогигиена (Гг) (грек. geron - қарт, higieno - емдік, денсаулық әкелуші) - адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайының әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.
Профилине сәйкес мынадай топтарѓа бөледі:
- әлеуметтік герогигиенаны (Гг),
- коммунальдық Гг,
- еңбек Гг,
- тамақтану Гг.

Геронтология (грек. geron - қарт, Іogos - ілім) - адамның қартаю заңдылығын зерттейтін биология және медицина саласы.
Геронтология құрамына кіреді:
қартаю биологиясы
гериатрия
герогигиена
геронтопсихология

Геронтологияның негізгі міндеттері:
қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдерін зерттеу,
нулеин қышқылдарындағы құрылымдық және физико-химиялық қайта түзулерді анықтау,
генетикалық аппараттың реттелуіндегі жасқа байланысты өзгерістерді белгілеу,
жасқа байланысты жасуша қызметі мен белок биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау,
организм қызметі мен зат алмасуының нейрогуморальдық реттелу механизмдерін зерттеу,
қартаю үрдісінде организмнің бейімделу мүмкіндіктерін анықтау,
адамның қартаю ерекшеліктерін комплексті түрде зерттеу және де, соның негізінде қарт адамдардың еңбек әрекетінің ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру,
қартаю қарқынын баяулататын және өмір ұзақтығын арттыратын әсерлерді іздестіру.

Геронтопсихология - қарт және ұлғайған жастағы адамдардың мінез-құлқын, психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдістемелер мен жалпы психологиялық тәсілдерді қолданатын геронтология және жас ерекшелік психология саласы.
Гетерокатефтенділік гомеорез (грек. “гетеро” - әр түрлі, “катефтенси” - бағыт) - жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі бағыттылығы. Мысалы, ќартая бастаған организмдегі тіршілік үрдістерінің бірініњ басылып, енді бірінің белсендірілуі.

Қартаю - қайтыс болу ықтималдылығыныњ артуымен және жасқа байланысты ауытқудың дамуымен сипатталатын, организмнің бейімделу мүмкіндігін шектеуге әкелетін, жасқа байланысты түбінде дамитын, биологиялық бұзушы үрдіс (1) . Қартаю жылдамдығы, өмір сүру ұзақтығы тірі жүйенің барлық биологиялық ұйымдасуымен анықталады: құрылымдардың ерекшеліктерімен, заттар алмасуымен, организм қызметімен және т. б.

Қартаюдың түрлері:
табиғи,
баяуланған, ұзақ жасайтындарға тән,
жедел, уақытынан ерте, акцелерациялық, балаларда да қартаю белгілерінің өрбуінің кездесуі - прогерия.

Қартаю сипаттамасы:
Қартаю - көптеген әр түрлі факторлар туындататын көп себепті үрдіс (полиэтиологиялық) .
Қартаю себептері:
зат алмасудың генетикалық алдын-ала айқындалған ерекшеліктері,
күйзелістер,
аурулар,
бос радикалдар,
ксенобиотиктер, (бөгде заттар),
сутек иондарының концентрациясының өзгеруі,
температуралық бұзылулар,
оттектік ашығу,
кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың бұзылуы,
белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдердің жиналуы., т. б.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz