Қартаюдың молекулярлық- генетикалық механизмдері




Презентация қосу
Тақырыбы:Қартаюдың молекулярлық-
генетикалық механизмдері
Жоспар:
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қартаю және өлім
2. Қартаю механизмі
3. Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері
4. Қартаю кезіндегі жүйелердің өзгерістері
5. Қартаю кезіндегі жасушалардың
өзгерістері
6. Қартаю этиологиясы мен патогенезі
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
   Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып
саналады. Қартаю-онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық,
қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын
құбылыс.
Қартаюпроблемаларын зерттейтін ғылымды геонтология деп атайды.
Гератрия-қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын, емін
және алдын алу шараларын зерттейді. Герантология қартаю құбылысының
негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейінде
анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу
проблемаларын зерттейді.
Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды
ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе ХХғ халық құрамында терең
демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие
болып отыр, себебі көптеген эканомикалық дамыған елдерде кәрі адамдар
саны өсуде.Герантологияның міндеті тек қана адам өмірін ұзарту емес, сол
сияқты, кәрі адамдардың қоғамдық өмірге және еңбек қатынастарына
белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толық қанды
өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады.    
                            
Қартаю және өлім
Қартаю- барлық тірі жандарға тән, адам ағзасы  « қартаюының»
жалпы биологиялық заңдылығы.
Қарттылық- өліммен аяқталатын, онтогенездің ақырғы табиғи
сатысы.Геронтология- қарттылық жөніндегі ғылым, ол қартаюдың
негізгі заңдылықтарын зерттейді. Гератрия- қарт адамдарда
аурудың даму ерекшеліктерін ,ағымын, емін және алдын алу
шараларын зерттейді. Геронтологияның басты міндеті адам өмірін
ұзартумен қатар, қарт адамдардың еңбекке және қоғамдық
қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады.
Қартаю барысында қартаюға дейін бұрынырақ басталатын және
функциональдық бейімдеу мүмкіндіктерінің біртіндеп шектелуіне
әкеліп соқтыратын жас шамалық өзгерістер заңды түрде өтеді.
Қарттылық бұл емдейтін ауру емес, ол әрбір адамның жеке даму
сатысы. Қартаюға байланысты туындайтын өзгерістер күнтізбектік
жас шамасына байланысыты болуымен қатар, әлеуметтік
факторлерге де байланысты болады.
Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен
біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда
болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және
есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.
Геронтология қартаю кезінде ағзаның әртүрлі құрылымдары
мен мүшелер қызметінің өзгерістері жөніндегі мәліметтердің
өте кең ауқымымен қамтылған. Геронтолгтар қартаю жөнінде
300-теза болжам 9сыныл5ан7 Кейбіреулері тарихи
қызығушылықты туғызады. Солардың кейбіреуінен хабардар
етейік:
1.Энергетикалық болжам /М.Рубнер,1908/ : әрбір түрдің
белгілі бір энергетикалық фонды болады, оны шығындап адам
ағзасы қартаяды және өледі.
  2. Гормональды болжам / Ш.Броун – Секар, 1889, С7
Воронов, 1924/ : қартаюдың себебі –жыныс гормондары
өнімдерінің төмендеуі .
   3. Интоксикалық болжам- / И.И.Мечников, 1903/: қартаю
себептрі- азоттық алмасу өнімдерінің жинақталу нәтижесінде
және тоқ ішектегі шіріген өнімнің әсерінен өздігінен улану.
 4. Орталық жүйке жүйесінің зорығуы, яғни аса тым
жүктемемен жұмыс істеуі / И.П. Павлов, 1912, Г.Селье, 1938/:
.жүйке жүйесіндегі қиналыстар және зорығу мезгілінен бұрын
қартаюды тудырады.
5. Дәнекертінді болжам / А.А. Богомелец, 1922/ : дәнекер
тініндегі өзгерістер тіндер аралық өзара әсерді бұзады, ол
қартабға әкеліп соқтырады. А.А.Богомелецтің « Адам қз
дәнекер тінінің жасына йе болды» деп айтылған нақты сқзі
бар.
6. Жасуша цитоплазмасының коллоидты қасиетінің
өзгеруі /В.Ружичка, М.Маринеску, 1922/: қартаюға әкеліп
соғады.
7. Бейімделу реттеу болжамы/В.ВүФролькис, 1977/
бейімделу және реттеу процестерінің бұзылуын айтады.
 Қартаю механизмі
Қартаю механизмі- бұл генетикалық, реттеу және трофикалық
өзгерістердің күрделі өзара әсерлесу нәтижесі. Адамның белсенді
өмірін  ұзарту үшін салауатты өмір сүру, еңбек ету, дене
шнықтырумен, спорт айналысу, ұтымды және үйлесімді тамақтану
қажет болады.
Кейінгі уақытта генетикалық біраз жаңалықтардың ашылуына
байланысты адамның өмірін ұзариуға болады деген оңтайлы
пікірлер төңірегіндегі ғалымдар ойларын сөзге тиек етсек, ол
төмендегідей
Адамның өмірін ұзартуға болады деп айтуға әлі ерте. Қазірдің өзінде
сирек болса да 150 жыл өмір сүретін адамдар кездесіп қалады.
Дегенмен, адамның өмірі тек биологиялық процестерге ғана
байланысты емес. Мәселен, экономикасы нашар дамыған Африка,
кейбір Азия жәек Латын Америкасы елдерінде адамның  орташа өмір
сүру ұзақтығы 45-50 жас төңірегінде болса, экономикасы мықты
дамыған елдерде 70 жас болып есептелінеді.Тағы бір ерекше әсер
ететін жағдай – ол адамдар өмір сүретін табиғи қоршаған ортаның
тазалығы болып табылады. Егер ол орта алуан түрлі өнеркәсіп
қалдықтарымен ластанған болса, әрине адам сөз жоқ  ауруға
шалдығып, мезгілінен бұрын өледі.
Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері
Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, түсе
бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі.
Тері
қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге адамның
қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл кезде адамның
қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіншіліктері азаяды.
Сондықтан бір себептен болмаса, екінші бір себептен кәрі
адамның
көз жұмуы сөзсіз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын
қадағалау мүмкіншіліктері бұзылады.
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
  Жасушалар өсіп-өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын
толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ,
нәруіздар түзіліп тұруы керек . ал , қартайған организмдерде олардың түзілуі ,
жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың
қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуға ілігіп кетуімен
түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның,
ойсоққылық жағдайлардың т.б нәтижелерінде , ферменттік және ферменттік емес
антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің
жасушалары мен олардың ішіндегі  құрылымдардың мембраналарында майлардың
асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар , гидлоасқын
тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында
ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруіздардың түзілуі
бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп-өнуіне бөгет жасайды. Сондықтан
қартайған организмдерде :
— ферменттердің, нәруыздардың, пептидтікгормондардың, қан жасушаларының аз
өндірілуі ;
— микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;
— мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар
байқалады. Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек
үңгіршіктерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.
Тағы бір назар аударатын жай-ол жасушалардың екіге бөлініп өсіп-өнуі екі қарама
қарсы реттеуші ықпалдардың қатысуымен болады. Олардың біріншісі
жасушалардың бөлініп көбеюін арттыратын цитокиндер ( әр түрлі өсу
факторлары) , екіншісі оны тежейтін –цитокидер. Қартаю кезінде бұлардың екеуінің
де өндірілуі азаяды. Сонымен бірге , бөлінетін жасушалардың бұл цитокиндерге
сезімталдығы төмендейді. Осыдан жасушалардың өсіп-өніп кетуі де мүмкін .
Қарттарда өспелердің жиі дамуында осы келтірілген құбылыс маңызды болуы
ықтимал.
 Қорытынды
Қорыта келе, қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта
ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Қарттылық өзгерістер ең
алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты
және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады,терінің серпінділік қасиеті
жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды,есте сақтау
қабілеті төмендейді.
Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікір
растайды. Дегенмен көптеген гемостаздық құбылыстар қартаю
кезеңінде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей
өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе,
екінші біреулерінің қызметі керісінше жоғарлайды, үшінші біреулерінің
қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді.                      

   Пайдаланылған әдебиеттер
1.Стамбеков C.Ж. Петухов В.Л. Молекулалық биология, Новосибирск:
Семей МУ 2003
2.Қуандықов Е.О. Әбілаев С.А. “Медициналық және генетика”
3.Қазақ  ұлттық ұлттық энциклопедиясы
4.Интернет www.asik.kz
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қартаюдың молекулярлы – генетикалық механизмдері. Биологиялық жүйенің сенімділігі
Қартаюдың молекулярлы генетикалық механизмдері
Теломералар - эукариотты хромосомалардың шеткі ұштары
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы жайлы ақпарат
Ісік промоциясы
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Қартаюдың денелік аспектілері
Қартаю процесінің себебі
ДНҚ теломеразалар
Гендік инженерия. Тұқымқуалайтын аурулардың профилактикасы
Пәндер