Николло Макиавелли және оның саяси ойы


Slide 1

Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер Пәні: саясаттану Тақырыбы: Николло Макиавелли және оның саяси ойы

Slide 2

Н. Макиавелли жане онын саяси ойы

Slide 3

Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХYI - ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қатынастар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда болды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси рефолюциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады.

Slide 4

Биографиясы

Николло 1469 жылы Италия мемлекеті, Флоренция қаласының жанындағы Сан-Кашано ауылында дүниеге келген. Ол адвокат Бернардо ди Николо Макиавелли (1426-1500) және Бартоломмеи ди Стефано Нелидің (1441-1496) екінші баласы болды. Макиавелли қиын кезеңдерде өмір сүрді. Бұл кезең - одақтардың жиі ауысуы, биліктің бірнеше апта ғана өмір сүріп, оның орнына жаңа биліктің келуі .

Осындай тәртіп бұзушылыққа толы өзгеріс уақытында орны бөлек оқиғалардың бірі - 1527 жылы Римнің құлауы. 1494жылы Флоренция Респуликаны қайта қалпына келтіріп, қала басқарушылары 60 жыл бойы Медичтер семьясын қудалаумен болды. 4 жыл өткен соң Макиевелли мемлекеттік қызметте секретарь және посол ретінде көрінді (1498 ыжы) көрінді. Макиавелли дипломатиялық және әскери істер бойынша келіссөздер жүргізу ге жауапты болып, кеңес мүшелілігіне кіргізілді. 1499-1512 жылдары аралында ол көптеген дипломатиялық миссияларды атқарды. Мысалы Францияда ХІІ ші Людовикпен, ІІ Фердинандамен, Римде Папскомумекн т. б. 1520 жылы қарашасында Флоренцияға шақырылып историограф ( тарихтанушы) қызметін алды. 1520-1525 жылдары Флоренцияның тарихын жазды. Макиавелли 1527 жылы Флоренциядан бірнеше шақырымда орналасқан Сан-Кашанода қайтыс болған.

Slide 5

Николло Макиавелли ескерткіші

Slide 6

Италияндық Никколо Макиавелли заманының көрнекті ойшылы болды. «Государь», «История Флоренции» деген еңбектерімен діни көзқарастан қол үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге қарсы болды. Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік қажеттілік және заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен байланыстырды. Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жолында пайдалану керек дейді. Сондықтан жалпы діннен қол үзе отырып, саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа шығарады. Нақты саяси өмірдің христиан моралінің уағыздарымен еш байланысы жоқ, дейді.

Slide 7

Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі теология мен схлоастикаға берген соққысы еді. Ол сонымен қатар антикалық және буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі теримндерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастырады.

Slide 8

Мемлекеттің формалары әртүрлі болады: жеке адамның билігі, аздаған адамдардың, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия, аристократия және демкоратия болып келеді. Әр түрдің орнауы күштердің арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық тұрғыдан түсіндіреді. Ең басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да, адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер берген сертін орындау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау жолымен орасан зор істер тындырған дейді. Макиавелли монархияны тиранияға қарсы қойғанда абсолютизмді ақтау үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейті үшін бір адамның диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту керек дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның мемлекеттің демократиялық формасын қалайтыны белгілі.

Slide 9

Макиавелли есімі зерттеушілердің пікірі бойынша өжеттіліктің белгісі, ал Макиавеллизм негативті принциптермен анықталады.

Макиавелли мемлекет басышысының өзіне шын берілген адамдарына, достарына қандай болу керектігіне аса назар аударады. Макиавелли өзінің республика туралы зерттеуін жүргізу кезіндегі ойларымкен тұжырымдарынга кері әсері болатын жат әрекеттерге жол бермеді. Ол барынша мемлекеттегі княздық және басқарушылар туралы зерттеуге ерекше талпынды. Өмірдегі не бар, не болу керек арасындағы айырмашылықтың ерекше екеніндігіне көзін жеткізді. Мысалы: «Адамдар қалай өмір сүреді, қалай жоғары деңгейде өмір сүру керек т, б, жағдайлар зерттелді.

Slide 10

Шығармалары

«Мемлекет» (Il Principe)

Ой-пікірлері:

(Discorsi sopra la prima deca di Tito Livio)

Discorso sopra le cose di Pisa (1499)


Ұқсас жұмыстар
Николло Макиавелли саяси ойлары
Никколло Макиавелли және макиовелизм
Аристотель - саяси ғылымның негізін қалаушы
Этностық кикілжіңдер аймақтық этносаралық
Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының саяси көзқарастары
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
Мемлекетті басқару қағидаттары
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz