Темір ханым (Маргарет Тэтчер жайлы)



Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер Пәні: саясаттану Тақырыбы: Темір ханым (Маргарет Тэтчер жайлы)

Қарастырылатын мәселелер:
“Саяси көшбасшы” ұғымы;
Әйел-саясаткердің биографиясына қысқаша тоқталу;
Көшбасшының саяси стильдері мен ұстанымдары, көзқарастары;
Қорытынды

Саяси көшбасшы
Саяси көшбасшы - көп қырлы ұғым. Ол қоғам дамуымен бірге өзгеріске түсіп отырады. “Саяси көшбасшы” деп формальді лауамызына қарамастан, қоршаған ортаның күшін біріктіруге және өздерінің белгілеп, алға қойған мақсаттарына жету үшін бұл үрдіске белсенді ықпал етуге тырысатын және қабілеті бар кез келген саяси процеске қатысушыны айтамыз.

Өмірбаяны
Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. 1947 жылы Оксфорд университетін бітірген. Университетті бітірген соң Мэннингтонда, Эссекста, Лондонда химик болып жұмыс істеді. 1953 жылы заң мамандығы бойынша білім алып, заңгерлік іс жүргізді. Ең бірінші саяси мансапқа деген әрекеті (1950 ж. парламент сайлауына қатысты) сәтсіз аяқталды.

Саяси мансабы
1959 ж. Солтүстіктегі консерванттардан “сақтандырушы” кандидат ретінде көрініп, бұқара палатасына түсті
1970-1974 жж., Маргарет Тэтчер, үкімет басындығы жалғыз әйел бола тұра, білім министрлігін басқарды
1975 ж. ақпанда Тэтчер консерваттар партиясын басқарды
1979 ж. Консерваттардың сайлаудағы айқын жеңісі Тэтчерді премьер-министр етті;
1989 ж. ол отставкаға кетті

Маргарет Тэтчердің саяси ұстанымдары
Мемлекттік аппараттың күрт төмендеуі;
Құрылыс пен әлеуметтік саладағы мемлекеттік шығындарды азайту (медицинадан басқасы) ;
Кәсіпкерлікке жол ашу;
Жергілікті басқару органдарының шығынын азайту;
Жаппай жекшелендіру

Саяси стилі
Маргарет Тэтчер өзін консерватор ретінде айқын көрсете білді. темірдей мінезі оның отандастарына алтындай боп көрінді. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді

Осыған байланысты жаңа саяси ұғым - “тэтчеризм” ұғымы пайда болды. Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Маргарет Тэтчерден басқа ешкім үкіметті бейбіт күйінде басқарған емес. Тэтчеризм - идеология емес, ең дұрысы стиль. Тэтчеризм - жеке бас ретінде саясатқа деген өжет қадам
Тэтчеризмнiң ерекшелiгi - оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. . Маргарет Тэтчер ұлы саяси ойшыл немесе теоретик емес. Оны өзінің жеке тәжірбиесі мен Ұлыбритания туралы өз ойлары толғандырған.

«Мен билікке бір ғана мақсатпен: Британияны өзгерту үшін келдім»
Елдің ең басты байлығы адам болып табылады. Мемлекет адамдар қабілетінің жарқырап ашылуына негіз жасауы ғана керек.
Капитализм - бақ дәулетпен аз ғана адамды емес, көпшілікті жарылқайтын жүйе.
Марксистер өздерінің істерін қорғау үшін ерте тұрады. Өзіміздің бостандығымызды қорғау үшін біз одан да ерте тұруымыз керек.
Егер күштілер болмаса, әлсіздерді кім қамтамасыз етеді
Мейірімсіздердің саясатта табысқа жетуі әсте мүмкін емес, өйткені саясаттың мақсаты, менің түсінігімше, адамдардың жақсы өмір сүруіне көмектесу.
(М. Тэтчер)

Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, Оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11, 5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.

Қорытынды
Тэтчердiң ұтқан жерi - оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi. Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт - оның «әрбiр адамның маңызы бiрдей» деп санауы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz