Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы. Хромосомалардың морфологиясы және көлемі




Презентация қосу
Хромосоманың жіктелуі .
Адам хромосомасының картасы.
Хромосомалардың морфологиясы және
көлемі.
Хромосомалардың жалпы морфологиясы
оларды ең қысқарған және экватор
жазықтығында орналасқан метафаза немесе
анафазаның бастапқы стадиясында жақсы
байқалады.
Бұл кезде хромосомалар жақсы көрінеді,
олар пішіні мен үлкендігі жөнінен
айрықшаланады. Әр хромосоманың формасы
негізінен алғашқы тартылыс кезінде
анықталады, ол жерде центромера болады.
Әр түрлі хромосомолардағы центромераның
орны түрліше болады, бірақ ол әр
хромосоманың өзіне тән және тұрақты
болады.
Центромера хромосоманың ең ұшында
болмайды деп болжайды. Хромосомалардың
ең үшындағы сегменттері «теломера» деп
аталады.Хромосоманың центромераға жақын
орналасқан. учаскесін проксимальді,
Хромосомада алғашқы тартылыстан өзге, үршық жіпшелерімен
байланыссыз екінші тартылыс болуы мүмкін.Хромосомадағы бүл
тартылыс ядрошықтың қалыптасуымен байланыстьу оны ядрошық
уйымдастырушы деп атайды. Хромосоманың бұл учаскесінің
құрылысы күрделі екені анықталды және рибосомалық РНК синтезіне
жауапты.Екінші тартылыс кейде өте ұзын болуы мүмкін, ондай
жағдайда ол тартылыс хромосоманың негізгі денесінен шағын
учаскені бөліп тұрады, ол спутник деп аталады Мұндай
хромосомалар спутникті деп аталады.Метафаза кезінде
хромосомаларды полюске тарататын центромераға ұршық
жіпшелері бекітіледі. Егер хромосоманың центромерсіз
учаскесі (ацентрлік фрагмент) бүзылса, ол репродукциялана
алуға қабілетті, бірақ центромераны қалпына келтіре
алмайды. Центромерасы болмағандықтан, мұндай ацентрлік
фрагмент ориентация жасай алмайды, сондықтан
клетка бөлінуі кезінде көбінесе жойылып кетеді.
Хромосомалық теория — тұқым қуалаушылықтың хромосомалық
теориясы "тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық белгілер, яғни
организмнің нәсілдік қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа жасуша ядросы
хромосомаларындағы тендер арқылы беріледі" деп тұжырымдайды.
Хромосомалық теорияны тәжірибе жүзінде дәлелдеп, XX ғасырдың
басында ашқан американ биологі Томас Хант Морган (1866-1945) мен
оның шәкірттері Г. Меллер, А. Стертевант және т.б. еді. Т. Морган
мектебінің ғалымдары жасуша ядросы хромосомаларындағы
гендердің орналасу зандылығын зерттеу нәтижесінде Г. Мендель
зандарының цитологиялық механизін ашып, табиғи сұрыптау
теориясының генетикалық негізін жасады.[1] Тұқым
қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі
қағидалары мынадай:
Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан.
Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.
Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды.
Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың
гаплоидты санына сәйкес келеді.
Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы
жүреді.
Хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура
пропорционал.
ХІХ ғасырдың соңында жасуша құрылысының зерттелуіне
байланысты ядро мен оның
құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы
бар екеніанықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог
Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және
аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп
жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон
редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың
тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз
ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің
“Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде
хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель
анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес
келетіндігін көрсетті. 1905 жылы
Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін
сипаттады.
• Генетикалық карталар
• Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес
гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе,
генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап
айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің,
тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары
жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың
және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
• Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша
жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік
топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты
жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын.
Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты,
жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік
топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді.
• Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау
заңдылықтарын толық зерттеп, білу қажет. Мысалы,
дрозофиланың  4 тіркестік топта шоғырланған 7000-ға жуық гені,
сол сияқты жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 10000-ға
жуық гені зерттелген және т.б.
Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы,
тіркесу тобы, гендердің толық немесе қысқартылып
алынған атаулары көрсетіледі және хромосомада
орналасқан гендердің ара қашықтығын көрсететін
цифрлар жазылады.
Гендер арасындағы ара қашықтықтың өлшем бірлігі 1%
кроссинговерге тең болады. Оны Т.Морганның
құрметіне сантиморган (сМ) немесе морганида деп
атайтынын білесіңдер. Мысалыға, дрозофиланың бір
ғана хромосомасында болатын гендер тобының
орналасу ретін қарастырайық. Олар үш түрлі гендерден
тұрады: 1) қанатының бүріскендігін анықтайтын —
(jantһy) гені; 2) көзінің қара қошқыл түсін анықтайтын —
(purple) гені; 3) көзінің қызыл түсін анықтайтын —
(cіnnabar) гені. Бұл гендер дрозофиланың ІІ жұп
хромосомасында орналасқан.
Сонда j мен pr гендерінің ара қашықтығы кроссинговер
пайызымен есептегенде 5,8; pr мен c гендері 3; ал j мен
с
гендерінікі — 8,8 сантиморганға тең болады.
• Микроорганизмдердің генетикалық картасы өзгеше. Себебі, олардың сақина тәрізді
жалғыз ғана хромосомасы болады. Бірқатар бактерияларда мысалы, пішен
таяқшасында генетикалық ақпарат клеткалардың конъюгациялануы кезінде
беріледі және микроорганизмдер хромосомасындағы гендердің орналасу реті
тұрақты болады. Сондықтан олардың генетикалық картасы да дөңгелек пішінді
болып келеді. Ал ондағы орналасқан гендердің ара қашықтығы кроссинговер
пайызымен емес, конъюгацияның ұзақтығымен, яғни минутпен өлшенеді.
• Жалпы тірі организмдердің генетикалық картасын құрастырудың теориялық,
сонымен қатар, практикалық та маңызы бар. Мысалы, гендердің орналасу ретін
білу арқылы белгілердің тұқым қуалау сипатын алдын ала анықтауға мүмкіндік
туады. Айталық, селекцияда будандастыру үшін қажетті ата-аналық жұптарды
дұрыс таңдап алу жолдарын жеңілдетеді. Сол сияқты болашақта адамның
генетикалық картасы жасалатын болса, аса қауіпті ауру — обырға (рак) жауапты
онкогеннің хромосомадағы орналасқан нақты орнын тауып, оған қарсы әрекет
жасалса, яғни қызметін тежеу жолы табылса адамзатты мұндай ауыр зардаптан
• Хромосомалардағы гендердің орналасу ретін зерттеу
цитологиялық жолмен де жүргізіледі. Соның негізінде
цитологиялық карталар жасалады. Мысалы, дрозофила
шыбыны дернәсілінің сілекей безінде болатын алып
хромосомаларды цитогенетикалық тұрғыдан зерттеу
барысында олардағы бірқатар гендердің орналасқан орнын
анықтауға мүмкіндік туды.
• Генетикалық және цитологиялық карталарды бір-бірімен
салыстыра отырып, хромосома бойындағы гендердің айқасу
жиілігін, яғни кроссинговер мөлшерін анықтауға болады. Бұл
сілекей бездеріндегі алып хромосомаларды зерттеу
нәтижесінде белгілі болды. Онда барлық төрт жұп
хромосоманың жалпы ұзындығы генетикалық карта бойынша
279% кроссинговерге, яғни сантиморганга тең. К.Бриджес сол
төрт жұп хромосоманың әрқайсысының ұзындығын микроскоп
арқылы өлшеген. Сонда барлығының ұзындығын қосқанда 1180
микрометр болған. Генетикалық және цитологиялық
карталарды салыстыру үшін К.Бриджес кроссинговер
коэффициентін пайдалануды ұсынған. Ол үшін
хромосомалардың барлық ұзындығын (1180 мкм) генетикалық
картаның көрсеткішіне (279%) бөлген, сонда орта есеппен 4,2
болып шыққан. Бұл генетикалық картадағы әрбір кроссинговер
(айқасу) бірлігіне цитологиялық карта бойынша 4,2 мкм
ұзындық сәйкес келеді деген сөз.
ға
з
ы
ң !
ы
 

ар е т
р л хм
за р а
а
Н

Ұқсас жұмыстар
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы. Хромосома туралы
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы
Адам хромосомасының картасы
Адам кариотипті
Метафазалық хромосоманың химиялық кұрамы, гистонды және гистонсыз белоктарі
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы туралы
Адам хромосомасының генетикалық картасы. Адамның жыныс генетикасы
Хромосомалар, түрлері, жіктелуі. Адамның кариотипі. Идиограмманы зерттеудің маңызы
Хромосомалардың құрылымы
HLA комплексінің құрылысы
Пәндер