Ядролық қару қолданған кездегі төтенше жағдайлардағы емдеу-эвакуациялық шараларды ұйымдастыру



Тақырыбы: Ядролық қару қолданған кездегі төтенше жағдайлардағы
емдеу-эвакуациялық шараларды ұйымдастыру

Жоспар:
Ядролық қару;
Ядролық қарудың шығу тарихы;
Ядролық қарудың немесе жарылыстың әсері;
Радиоактивті ластану, медициналық көмек көрсету;
Қарсыластың ядролық қаруды қолдану барысында жүргізілетін емдеу-эвакуациялық шаралар
Ядролық қауіпсіздік

Жаппай қыру қарулары
Қолдану барысында жаппай қырылуға әкелетін немесе тірі күштерді және қарсыластың техникасын жоятын қару түрлерін жаппай қыру қарулары деп аталады.

Ядролық қару
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады.

Ядролық қару
Талқандаушы факторлар
Биіктіктегі
Ауадағы
Жер үсті
(Су бетіндегі)
Жер асты
(Су асты)
Соққы толқын
Сәуле бөлу
Өткір радиация
Төңіректі радиоактивті ластау
Электромагнитті импульс
Жарылыс түрлері

Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам) .
ШЫҒУ ТАРИХЫ

Ядролық қару - жаппай қырып-жою қаруы
КСРО-да академик И. В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді.

1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі - стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пенКСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын.

Әлемдегі ядролық қарудың запастары

Ядролық қарудың немесе жарылыстың әсері
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т. с. с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.
Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.
Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.
Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т. с. с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

Жергілікті аймақтын радиоактивті ластану схемасы

Радиацияға қарсы қорғаныс
Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.


Радиацияның адам бойында таралуы

Қарсыластың ядролық қаруды қолдану барысында жүргізілетін емдеу-эвакуациялық шаралар
Эвакуация (лат. evacuatіon - босату, evacu - босатамын) :
1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру;
2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару;
3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды, мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу;
4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру;
5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру. [

Ядролық қару қолдану кезінде бірінші кезекте атқарылатын шаралар : жау шабуылын дер уақытында хабарлап, көшіру және жерасты баспаналарына жасырыну жұмыстарын ұйымдастыру

Қарсыластың ядролық қаруды қолданғаннан кейін емдеу-эвакуациялық шаралардың қорғау жұмыстары сақталған бөлімдердің күштері мен құралдары арқылы жүзеге асады. Ол әскери қабілеттілігін жоймаған дәрігер қызметкерлерінің басқаруымен өтеді.

Негізінен осы шаралар іздеуге ұласады және қоқыстардың, зардап шеккендерді шығаруға, жасырын қалған жерлерді қарау, т. б. керек.
Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету (өзіндік және айырбас көмек ретінде), алып шығу (ошақ сыртына алып шығу), келесі эвакуациясы үшін зардап шеккендерге тоқталу, жеңіл жаралылар ошақтан өз бетінше шығуы

Әскерге қабілетті бөлімше командирі қорғау жұмыстарын ұйымдастырып, зардап шеккендерді ошақтан тыс жерге алып шығуға жол көрсетеді. Жаппай қыру қаруын қолданғаннан кейінгі зардаптарды жою үшін отряд ошақ басына 30-40 мин кейін келеді, осыдан өзіндік көмек үлкен маңыз алады. Қалған дәрігер қызметкерлері барлық жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете алмайды. Отряд келгеннен соң ең алдымен жердегі радиация денгейін анықайды, ошақ шекарасына шықпайды, радиация деңгейіне байланысты ошақта жұмыс ұйымдастырылады.

Қорғау жұмыстарын жақсы ұйымдастырылуы үшін ошақ секторға бөлінеді. Әрбір секторда фельдшер немесе санинструктор жұмыс істейді, солардың басқаруы арқылы солдаттар ОЛП-ден жараланғандарды іздейді, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі, жаралыларды көлікке тиейді. Ошақтан жаралылар алып шығу үшін санитарлы көлік және жалпы көлік қолданылады, сонымен бірге әскери машиналары қолданылады. Осы көлікпен зардап шеккендер жақын жердегі дәрігерлік орталықтарға жеткізіледі (алдымен зардап шеккен бөлімше) немесе ОмедБ (ОмедО) -ға зардап шеккендер ұзақ жолды көтермейтінін есепке алу керек. Сондықтан оларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету керек.

Ошақтан жаралылар алып шығу үшін санитарлы көлік және жалпы көлік, фельдшерлер және дәрігерлердің секторларға бөлінуі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz