Тауық және басқа үй құстары жұмыртқасының статистикалық есептеу әдістемесі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тауықтан алынған жұмыртқасына статистикалық есептеу

Орындаған: Сарсенбеков Алмас

Тексерген: Сагындыков С. Н

Семей. 2017

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Мекиан тауықтарының жұмыртқа саның есептеу

Күркетауық, қаз, уйректен алынған жұмыртқаларына статистикалық септеу

Slide 3

Мал шаруашылығы статистикасында жұмыртқа өндірісі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық санаттарындағы үй құсының барлық түрлерінен нақты алынған жұмыртқамен сипатталады. Ағымдағы мал шаруашылығы статистикасында тек қана тауық жұмыртқасының өндірісі қадағаланады.

Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ағымдағы есептеу жыл басында ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы тауық жұмыртқасының өндірісі туралы болжамды деректерді қалыптастырудан басталады. Болжамды көлем бірінші тоқсандағы болжамды орташа мекиен тауықтар санының бір мекиен тауықтың орташа тоқсандық жұмыртқалағыштығына көбейту арқылы есептеледі.

Slide 4

Мекиен тауықтардың болжамды орташа басы өткен жылғы бірінші тоқсанда шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында іріктемелі байқау деректері бойынша жыл басындағы тауықтардың жалпы санындағы олардың үлес салмағы бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ шаруашылықтардың көрсетілген санаттарының әрқайсысында ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жалпы тауық басына - жеке таралады.

Өткен жылдың тиісті тоқсанындағы шағын шаруа немесе фермер қожалықтарын және шаруашылықтарды іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағаштығы қабылданады.

Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

Slide 5

Vжұм = К мек тау * Y,

мұнда

Vжұм - есепті жылдың тоқсанында алынған жұмыртқаның болжамды жалпы саны;

Кмек тау - есепті жылдың тоқсанында мекиен тауықтар басының болжамды орташа саны;

Y - өткен жылдың тиісті тоқсанындағы бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағыштығы.

Slide 6

Алынған болжамды көлем өндірістің маусымдылығына байланысты есепті тоқсанның айлары бойынша, яғни өткен жылдың тоқсандық көлеміндегі әрбір айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді.

Ағымдағы жылы тауық жұмыртқасын өндіру маусымдылығындағы өзгерістер туралы әкімшілік дереккөздерде жеммен қамтылғандығы, климаттық ерекшеліктері және басқа да факторларға байланысты қосымша ақпарат болған жағдайда есептеулерге түзетулер енгізіледі.

Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанға іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жаңа деректерін алғаннан кейін наурызда орташа жұмыртқалағыштығы және мекиен тауықтар үлесі бойынша жаңартылған деректерді қолдану арқылы ағымдағы жылғы бірінші тоқсандағы тауық жұмыртқасы өндірісінің нақтыланған көлемі есептеледі. Болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық наурызда түзетіледі.

Есепті жылдың қалған тоқсандарына есептеу осыған ұқсас түрде жасалады. Екінші тоқсанның болжамды және нақтыланған көлемдер арасындағы айырмашылық маусымда, үшінші тоқсанда қыркүйекте, төртінші тоқсанда желтоқсанда түзетіледі.

Slide 7

Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарында жұмыртқаның барлық түрлерінің жыл ішіндегі жалпы өндірісі жоғарыда келтірілген ұсынымдарға сәйкес есептелген, алынған тауық жұмыртқасының ай сайынғы көлемінің, сондай-ақ үйрек, қаз, бөдене жұмыртқасы мен басқа да жұмыртқа түрлері өндірісінің жылдық көлемдерінің қосындысы ретінде анықталады

Slide 8

Үйрек, қаз, бөдене жұмыртқасы мен басқа да жұмыртқа түрлерінен алынған жылдық көлемді есептеу үшін жұмыртқалайтын құстардың орташа саны және құстардың жекелеген түрлерінің орташа жұмыртқалағыштығы туралы деректер пайдаланылады.

Күркетауықтар, үйректер мен қаздар және үй құстарының басқа да түрлерінің жұмыртқалайтын орташа саны шаруашылықтардың көрсетілген санаттарының әрқайсысы бойынша құстардың жекелеген түрлерінің жалпы санындағы олардың үлес салмағына сәйкес шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы іріктемелі байқау деректері бойынша анықталады. Алынған үлес салмақ осы санаттардағы түрлері бойынша құстың жалпы санына бөлінеді.

Есепті жылы алынған жұмыртқа саны шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы іріктемелі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша алынған жұмыртқалағыштықты осы санаттардың әрбіреуіндегі тауық басына көбейту арқылы анықталады.

Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

Slide 9

Vжұмыртқа = К жұм құс *Y,

мұнда

Vжұмыртқа - есепті жылы белгілі бір түрінен алынған жұмыртқаларының жалпы саны;

Кжұм құс - есепті жылы жұмыртқалайтын құстың белгілі бір түрінің саны;

Y - есепті жылы бір жұмыртқалайтын құстың орташа жұмыртқалағыштығы.

Slide 10

Пайдаланған әдебиеттер.

1. Мал шаруашылығы бойынша статистикалық

көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі.


Ұқсас жұмыстар
Тауық жұмыртқасының құрамы, сапа талаптары және санитариялық сараптамасы
Ағылшын тілі сабағы: Үй жануарлары мен үй құстары - топтастыру, лексика және күтім ережелері
Баға түсінігі, түрлері және тұтыну бағаларының статистикалық индекстерін есептеу әдістемесі
Жылқы оксиурозы, үй қояндарының пассалурозы және тауық гетеракидозы: эпизоотология, клиника, диагностика және алдын алу
Рапс жапырақ жемірінің биологиясы, зиянды фазалары, таралуы және есептеу әдістемесі
Бөдене және оның жұмыртқасының құрылымы, химиялық құрамы және тағамдық-емдік, косметологиялық қолданылуы
Тышқан тектестерінің биологиясы, таралуы, зиянды фазалары және есептеу әдістемесі
Сарышұнақтардың биологиясы, зиянды фазасы, таралуы және есептеу әдістемесі
Швед шыбынының биологиясы, таралуы және зияндылықты есептеу әдістемесі
Аурушаңдық көрсеткіштерін есептеу мен талдауы және мүгедектік: статистикалық әдістер және әлеуметтік-құқықтық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz