Сүрлем дайындау технологиясы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сүрлем дайындау технологиясы
Орындаған: Сарсенбеков Алмас
Тексерген: Сагындыков С.Н
Семей.2017
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Сүрлемге жалпы сипаттама
3. Сүрлем дайындау технологиясы
4. Қорытынды
Сүрлем – шабылған көк шөптен
дайындалатын консервіленген азық. Қысқы
азық қорының негізгісі болып саналады.
Сүрлемнің ең негізгі қасиеттерінің бірі - ұзақ
уақыт сақтау кезінде азықтық сапасын
жоғалтпауы. Сүрлемнің осы жақсы
қасиетінің арқасында шөп жақсы шыққан
жылдары азықтын сақтандыру қорын
жинақтап алуға болады.
Сүрлемге салынатын балауса түріне қарай жүгері,
күнбағыс, сұлы, сиыржоңышқа cүрлемі деп бөлінеді..
Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған
жағдайда май қышқылы пайда болады. Сүрлемнің
құрамында қышқылдардың болуы малдың ас қорыту
органдарының қызметін жақсартады, ішек-қарын сөлі
көбірек бөлінеді, азық жақсы қорытылады. Сүрлемде
пішенге қарағанда қоректік заттар өте көп, каротин
толық сақталады. Оның құнарлылығы өсімдіктің түріне,
жинау мерзіміне, оны дайындау және сақтау әдістеріне
байланысты.
Қазіргі уақытта сүрлем дайындауға жүгері, күнбағыс,
сиыржоңышқа, көпжылдық себілген және табиғи
шалғындық шөптер көк балаусасы кең қолданады.
Сүрлем дайындау технологиясы бойынша қоректік
заттарды толығырақ жинаған көк балғын балаусаны
дер кезінде шауып (астық тұқымдастарды масақтанған,
ал бұршақ тұқымдастарды бүршіктеніп гүлдене
бастаған кезінде) ұсақтап турап, арнайы дайындалған
ор, траншея немесе мұнараға мұқият таптап
жинақтайды да, үстін ауа кірмейтіндей етіп жабады.
Сонда азық арасындағы ауа қалдығын әлі өлмеген
өсімдік торшаларын тыныстауға жұмсайды да, сырттан
ауа еңбегендіктен анаэробтық – оттексіз жағдай
қалыптасады.
Сапасы жоғары сүрлем дайындау үшін сүрлем дайындау технологиясын
қатаң сақтау қажет. Алдымен сүрлемге салынатын азықтардың түрін,
сортын, содан соң өсімдікті кесудің ең тиімді көлемін белгілейді. Сүрлем
дайындалатын азықтарды дер кезінде шауып, ұсақтап турап,
ылғалдылығы 75%-дан төмен өсімдіктерді 2 - 3 см, ылғалдылы ғы 75 %-
дан 80 %-ға дейінгі өсімдіктерді 4,5 см, ылғалдылы ғы 80 %-дан жо ғары
өсімдіктерді – 10 – 12 см ұзындықта кеседі.
Сүрлемді қапталып өңделген траншеяларда
дайындау қажет, себебі мұндай траншеяларда
құрғақ заттың 15 % -н жоғалтса, қапталып
өңделмеген траншеяларда бұл көрсеткіш 20 - 25 %-
ды құрайды, ал үйінділер мен төбелерде 30 - 40 %-
ға жетеді.
Сүрлемге салынатын өсімдікті турау ұзындығы
ылғалдылығына байланысты. Ылғалдылығы жоғары
балауса шөпті қысқа етіп тураса, тапталған кезде оның
сөлі көп сығылып, сөлмен бірге протеин және басқа да
сүт қышқылының әсерін әлсірететін заттар бөлініп,
микробиологиялық үрдістерге зиянды әсер етеді.
Сондықтан шырынды азықтарды құрғағырақ
азықтармен (сабанмен) араластыра сүрлеген жөн. Сол
себепті сүрлемнің сапасын жақсарту мақсатында,
сүрлем дайындау кезінде жүгерінің ылғалдығы 80 %
көк балаусасына 15 - 20 % ұсақталған сабан қосады.
Сонда сүрлемнің қышқылдығы төмендеп, құрғақ зат
1,3 - 1,7 есе көбейеді. Сонымен қоса, сүрлемге
қосылатын сабанның желінуі мен қорытылуы 15% -
20%-ға жоғарлайды .
Жүгерісүрлемінің құрамындағы протеинді
жоғарлату үшін, сүрлем дайындау кезінде әр бір 1
кг сүрленетін жүгеріге 3 – 5 кг карбамид қосады.
Сүрлем сапасын көтеруге, ондағы клетчатканың қорытылуын
жоғарлататын ферменттік препараттарды қосу ға болады. олар ға
өндірісте арнайы шығаратын глюковамарин, пектавамарин,
пектофеотидин, амилоризин, цитороземин және басқа да ферменттік
препараттар жатады.
Дәнгежиналған жүгерінің сабағынан да
сапалы сүрлем дайындауға болады.
Өсімдіктерді сүрлем дайындау үшін шабуы сүрлем
жинайтын КС-2,6, СК-1,8, СК-2,6, СК- 5, комбайн
типтерімен жүргізіледі, олар көк балаусаны шабады,
ұсақтайды және массаны жүк машиналарға тиеді.
Сүрлемді сақтау
Қоймаларды сүрленетін азықтармен толтыру
кезінде оларды біркелкі етіп тегістеп, үздіксіз тығыздап
отырады. Сүрлем дайындалатын шұңқыр неғұрлым тез
толтырылса, соғұрлым қоректік заттар шығыны азаяды.
Күнделікті жиналған сүрлем биіктігі 1,0 – 1,1 метрден
кем болмауы тиіс. Олай болмаса жағдайда тапталған
азықтық жылуы жоғарылап, қоректік заттар
шығындалып, дәмділігі нашарлайды. Сондықтан орды
толығымен толтыру жұмыстарын 3 – 5 тәулік ішінде
бітіру қажет. Технология бойынша дайындалған
сүрлемнің температурасы 30 - 35 °С-тан аспайды, бұндай
сүрлемнің сапасы өте жоғары болады.
Сүрлем сапасын бағалау.
Сүрлем сапасын анықтағанда негізгі назарды
қышқылдардың мөлшері мен байланысына, оның РН,
каротин мөлшеріне, иісіне аударады.Көпшілікке танылған
жақсы сүрленетін көрсеткіштері: 2% дейін ерікті
қышқылдар мөлшері, оның ішінде 50-70% сүтжәне 1/3
маңайында сірке (бәрі де ерікті түрде) майлы қышқылдың
толығымен жоқ болуы, барлық азоттан 0,5-тен 5-11%
дейін аммиакты азоттың болуы, РН ең жоғары 4,0-4,2
болады.
Зоотехникалық сапаны шкала балы сомасы бойынша
мынадай сүрлем ажыратады: өте жақсы 81-100 балл алғаң
ал жақсы 61-80 балл жақсы 41-60 балл, қанағаттанарлық
21-40, қанағаттанарсыз және жарамсыз 20 және одан да
төмен балл.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Зыков Ю.Д., Копытин И.П. Мал азығын өндіру (оқу құралы),
Алматы, 1994
2. Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын
өндіру практикумы. Астана, 2009.
3.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және
жайылым шаруашылығы. Астана 2006.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz