РНҚ БИОСИНТЕЗІ


Slide 1

Рнқ биосинтезі

Орындаған:

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім Рибонуклеин қышқылдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

РНҚ химиялық құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза орнында рибоза болады, ал тимин урацилмен алмастырылған. Сонымен РНҚ құрамында азотты негіздерден аденин, гуанин, цитозин және урацил кіреді, сло сияқты минорлы негіздерден инозин, псевдоурацил, метилинозин кіреді. ДНҚ құрамындағы сияқты мұнда да фосфор қышқылы болады. ДНҚ-дан айырмасы- РНҚ түрлерінің бәрі әдетте бір тізбек түрінде тіршілік етеді. Өзінің түрлеріне байланысты РНҚ шамасы және молекулалық массасы әр түрлі болады.

Slide 4

Рнқ-ң барлық түрі ядро ішінде днқ молекуласында синтезделеді. Бұл процесс транскрипция деп аталады және рнк полимераза ферменті катализдейді. Транскрипция процесінде Днқ-ның нуклеотидтер тізбектерінің реттелуі тиісті Рнқ тізбектерінде комплементарлы аударылады

Slide 5

Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады.

Днқ да Рнқ транскрипция механизмдері Рнқ полимераза ферменті табылғаннан кейін анықталған. Бұл фермент эукариот және прокариот клеткаларынан әсірее Е. Коли клеткаларының экстрактысынан табылған.

Slide 6

Рнк синтезіне де субстрат болып рибонуклеозид-5 трифосфаттар АТФ ГТФ ЦТФ УТФ есептеледі. Олар 1 нуклеозидтегі рибоза қалдығының гидроксил тобымен келесі нуклеотидтік фосфодиэфир байланысы арқылы қосылып полимерленеді де Рнк молекуласын береді. Бұл реакцияларда бейорганикалық пирофосфат бөлініп шығады. Рнқ тізбектерінің өсуі 5 және 3 бағыттарында жүреді.

Slide 7

Транскрипция процесі үшін ДНҚ-ның екі тізбегі де қажет РНҚ түзілу үшінматрица ретінде бір тізбек қана қызмет етеді, сол тізбектен көшірме түсіріледі. РНҚ синтезі кезінде екінші тізбектің қандай қызмет атқаратыны белгісіз. Транскрипция үйлесімді сәйкестік принципі бойынша іске асады: ДНҚ-ның тиісті учаскесінде азоттық негіздердің реттілігін РНҚ молекуласы толық көрсетеді. ДНҚ құрамында тимин бар жерде РНҚаденин қалдығын ұстайды, ДНҚ-да гуанин болса, онда цитозин қалдығы, ДНҚ-да цитозин бар болса, онда гуанин, ДНҚ-да аденин бар болса, онда урацил қалдығы болады.

Slide 8

Биосинтез (био. . . және гр. snthesіs - қосылыс) - тірі ағзаларда ферменттердің (биокатализаторлардың) әсерімен қарапайым қосылыстардан (CO2, H2O, NH3) органикалық күрделі заттардың (ақуыз, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер) синтезделуі; ағзалардағы биокатализаторлар, ферменттер әсерінен қарапайым заттардан күрделі органикалық қосылыстардың түзілуі.

Slide 9

Биосинтез жүру үшін барлық (бактериялардан басқа) жасыл өсімдіктер мен цианобактерияларда фотосинтез процесі арқылы жиналатын Күн сәулесінің энергиясы қажет. Әрбір қарапайым ағза көп клеткалы ағзаның әрбір клеткасындағыдай өзіне қажетті затты синтездеп алады. Клеткадағы биосинтез жүру жағдайы оның генетикалық аппаратында сақталған тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты болады. Организмнен тысқары өтетін биосинтез микроағзалардың қатысуымен антибиотиктер, гормондар, витаминдер, амин қышқылдары және ақуыздар алудың өнеркәсіптік әдісі ретінде кеңінен қолданылады. .

Slide 10

РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер - А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі, оларды рАМФ, рГМФ, рЦМФ, рУМФ деп бейнелейді. Нуклеотидтер 5\ З1 - фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.

Slide 11

Процессинг кезінде ферменттердің әсер етуімен алғы заттан нуклеотидтер үзіліп бөлінеді және одан кейін қайта қосылады, өйткені ДНҚ құрамындағы ген бүкіл молекула бойына бөлек-бөлек болып шашырай орналасады. Бұл процесс кезінде де азотты негіздер метилденеді немесе гидрленеді. “Пісіп жетілген” РНҚ молекуласы ғана өзінің тікелей міндетін атқара алады. Тұқым қуалау мәліметін беруде және белоктар биосинтезі кезінде әр РНҚ белгілі бір қызметті атқарады.

Slide 12

Үш түрлі РНҚ синтезделеді. Олар:рибосомдық РНҚ, информациялық немесе матрицалық РНҚ, транспорттық РНҚ.

Алғашында барлық РНҚ ұзын алғы зат ретінде түзіледі, кейіннен олар қысқа молекулаға айналады. Мұндай айналып өзгеру бірнеше кезеңді басынан өткізеді және ‘’процессинг’’(пісіп жетілу) деп аталады. Алғы заттар және процессингтің аралық өнімдері пре-РНҚ деп аталады.

Slide 13

Қорытынды

Рибосомалар дегеніміз- клетка цитоплазмасының глобулярлы бөлігі, сүтқоректі жануарларда рибосомалардың диаметрі 20-30нм. Олардың құрылымы күрделі, үлкендігі, пішіні және химиялық құрамы әр түрлі екі суббөліктен құралады. Рибосомалардың суббөліктерге бөлшектенуі және олардың тұтас рибосома болып бірігуі, белок синтезінің белгілі кезеңінде клеткада жүзеге асады. эукариот рибосомасы 80Sкезінде тұнбаға шөгеді. Мұндағы S-Сведберг өлшемі, ол седиментация (шөктіру) коэффициенті деп аталады. Эукариоттың тұтас рибосомасы 80S деп белгіленеді, ал оның суббөліктері 60S (үлкен суббөлік), 40S (кіші суббөлік) түрінде белгіленеді.

Slide 14

Назарларынызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Белок биосинтезі
РНҚ трансляциясы
Тасымалдаушы РНҚ
Генетикалық код
Генетикалық ақпарат - организмдердің ұрпаққа беретін қасиеттері жөніндегі ақпарат
транскрипцияның молекулалық негізі
ДНҚ биосинтезі
ДНҚ және РНҚ құрылымы
Прокариот және Эукариот рибосомаларының айырмашылығы
НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz