Цитоплазма




Презентация қосу
Цитоплазма
Орындаған :
Жоспары
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
Цитоплазма
Гиалоплазма
Мембрана
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан)
— жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын
қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты
плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың
ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм,
құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған
орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді.
Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан,
органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі
топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны
прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және
бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені
эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар
жасушалары жатады.
Эукариотты жасушалар үш бөлімнен
тұрады: сыртын қоршап жатқан
плазматикалық мембранадан,
цитоплазмадан және ядродан.
Прокариоттар мен өсімдік жасушаларының плазматикалық
мембраналарының сыртында жасуша қабаты болады, ал
жануарлар жасушаларында мұндай қабат болмайды.
Клетканың ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты
цитоплазма деп атайды
Эукариотты жасушалар цитоплазмасының әртектілігі оның
құрамында гиалоплазманың болуынан. Гиалоплазма
мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады.
Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер,
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал
мембранасыз компоненттерге центриольдар, рибосомдар,
микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың
құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте
тығыз байланыста болады.
Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos
— плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары
цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін
құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен
қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі
қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты.
Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды.
Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер
кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25% құрайды.
Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары,
липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері
болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен
полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын
протеиндер түзіледі.
Органеллалар (organellae, гр. organon — құрал, мүше,
ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін
әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы
тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар
жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар:
жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы
органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей
ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі
Органеллалар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы
органеллалар — жануарлар мен өсімдіктер жасушаларында
болатын және тұрақты қызметтер атқаратын құрылымдар.
Арнайы органеллалар — тек кейбір маманданған жасушаларға
тән (биожіпше, тоножіпше, нейрожіпше, кірпікшелер,
микробүрлер). Бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметтері
бар. Органелла жасушасының қаңқасын түзетін және оның
митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла —
центросоманы құрайды. Жоғары сатыдағы өсімдік жасушалары
Гиалоплазмасында центросома центриольдері болмайды, оларда
арнайы органоидтар — пластидтер (лейкопластар, хлоропластар,
хромопластар) болады, ал Гольджи кешені Органеллада
шашырап жатқан диктиосома түрінде берілген.
Клеткада кездесетін барлық мембраналар (плазматикалық
органоидтардың мембраналары. Мембраналардың құрылыстарын
анықтайтын көптеген модельдер ұсынылды. Олар негізінде
ақуыздар мен фосфолипидтердің байланысын көрсетеді. Кейбір
модельде мембрана үзілмейтін қатпарлы құрылым, кейбіреуінде
мицелла түрінде көрсетіледі. Мембрананың ішкі глобулярлы
түйіршіктері ашылғаннан кейін мембраналарды ақуыздар кіретін
сұйық құрылым ретінде қарайды және ішкі жасуша мембраналары
құрылысы және химиялық құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
Электронды микроскоптан мембрананың үш қабаттан тұратынын
анық көруге болады. Ортаңғы ашық қабат бимолекулалы май
қабатынан, ал шеткі күңгірт қабаттары ақуыз молекулаларынан
түзіледі. Клетканың сыртқы қабаты (плазматикалық) оны сыртқы
ортадан бөліп тұрады, ал ішкі мембраналар көпіршік түрінде келіп,
Клетканың ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма
холестеринге бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында
көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл
қабаттың қалыңдығы 3—4 мм-дей болады. Плазмалемма негізгі
атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы.
Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және
молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін
реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған
қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып
отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер
орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға
жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде
маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер,
Пайдаланылған әдебиеттер
Биоморфология терминдерінің түсіндірме
сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN
9965-822-54-9
Цитология және гистология. Оқу құралы.
Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті,
2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4

Ұқсас жұмыстар
Жасуша қабық
«Жасуша органоидтары»
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Жасуша құрылымы мен қызметі
Цитология
Жасуша қызметі мен құрылысы
Жасуша органоидтары Ядро Ядролық мембрана
Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі
Жасуша жайында
Жасуша цитоплазмасы
Пәндер