Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті. Оқу-тәрбие үдерісі,нәтижесінің шарты



Презентация Такырыбы:Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті. Оқу-тәрбие үдерісі, нәтижесінің шарты
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жоспары: 1. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы - нәтижелі білім берудің негізі 3. Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстары Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы оның кәсіби мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік мәдениетті қырынан қарастырған ғалымдар: зерттеу мәдениетін педагогикалық қабілет деп көрсеткен - М. И. Скаткин, зерттеу туралы білімі, білік ағдысының болуы керек деген - Л. Горбунова, педагогикалық қызметтегі әсіби шеберлік ретінде - И. Д. Богаева, зерттеушілік іс-әрекет-Н. В. Кухаров, А. И. Кочетов, педагогикалық мәдениеттіліктің бір бөлігі-А. А. Молдажанова, мұғалімнің методологиялық мәдениетінің бір бөлігі - В. А. Сластенин, В. Э. Тамарин, мұғалімнің кәсіби-зерттеу мәдениеті - З. А. Исаева, зерттеу ңбегінің құралы - П. Т. Приходько, кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі - А. К. Маркова, кәсіби мәдениеттілік - В. А. Сластенин, ғылыми қызметкердің ңбек ету мәдениетінің пайда болуы - К. М. Варшавский, зерттеу қабілеттілігі Е. И. Регирер, оқу процесінде зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру - Т. И. Шамова, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетке іргелі дайындығы - А. Е. Абылқасымова, З. А. Исаев, М. С. Молдабеков рухани мәдениеттің бір өлігі - М. М. Мухамбетова т. б. Түрлі ғалымдар тарапынан сан түрлі бағытта ипатталған мұғалімнің зерттеу жұмыстары біздің ойымызша, шығармашылық әрекет етуді талап ететін шарттарға негізделіп, мұғалімнің шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Сондай жағдайда мұғалім ек қана оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыруда ғана меңгермей, онымен қатар ғылымдағы жаңалықтардан қалыс қалмай, ұдайы білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс - әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым - қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретіиде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия - бұл тек өзіне және өзінің іс - әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым - қатынасқа түскен өзге жандардың да өз - өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін - өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін - өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі.


Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы - нәтижелі білім берудің негізі Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ. «Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.


Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы . . . біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын . . . Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ) . Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді. Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады.



Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді. Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па? Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы. Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz