Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар


Slide 1

Презентация Тақырыбы: Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар

Орындаған: Әмірқұлова А.

Тобы: ХТ-15-5к1

Қабылдаған:

Slide 2

Жоспар: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Архиваторлар Компьютерлік вирустар және олардан қорғану ІІІ Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Архиваторлар, бұл файлдың өлшемін кішірейту арқылы, дисктегі орынды үнемдеуге мүмкіндік беретін программалар болып табылады. Архивтеу программасы өте көп. Мысалға: PKZIP, ARJ, RAR, Windows ортасы үшін- WinZIP, WinRAR. Бұлардың барлығы жеткілікті тез және жақсы жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысын да қолдануға болады. Бізге информатика оқулығын жазу барысында жасалған файлдарды архивтеу (буып-таңу) керек болсын. Бұл файлдар информатика бумасында жинақталған. Егер Сізде WinRAR архиваторы бар болса, онда Сіз тышқан курсорын сол бумаға көрсетесіз де оң жақ пернесін басасыз. Жауап ретінде нұсқаулары бар терезе шығады. «Добавить в архив “Информатика”» нұсқауын таңдайсыз. Егер тышқанды сырт еткізсеңіз, архивтеу үрдісі жүктеледі, ақпарат терезесі дәлелдеме болады. Программа файлдарды буа бастайды. Сонымен қатар олардың аттарын және тығыздау дәрежесін жазады. Программаның орындалуы аяқталысымен, сіз сол каталогта дәл сондай атпен жаңа файлды байқайсыз. Әрі қарай қасиет нұсқауының көмегімен сіз файлдың типін, орналастыру өлшемін архивтеу үшін қандай қосымша қолданылатынын және тасу кезінде дискте қандай орын алатындығы және т. б. білетін боласыз. Архивтелген файлмен көптеген амалдар орындауга болады: алу (ашу), жаңарту, қосу және т. б.

Slide 4

Архивті ашу үшін де архиватор программасы қолданылады. Біз бұл жағдай да архивтеуде тышқанмен орындалған амалдарды орындаймыз. Сонда нұсқауларымен пайда болған терезеде бізге тиімді пунктті тандаймыз. Әрі қарай программа архиватор файлдарды біртіндеп алып, көрсетілген бумаға жаза береді. Буылған файлды жаңартуда, яғни файлдың көне үлгілерін жойып жаңа файлды қосу «Ашу» нұсқауының көмегімен орындалады. Барлық терезелер сияқты бұл терезе де тақырыбынан, менюлер жолынан, құрал-саймандар жолынан және т. б. тұрады, жасалатын қимылыңызға байланысты меню пунктін немесе құралды таңдайсыз. ІВМ-сыңайлас компьютерлермен жұмыс жасағанда қолдану ыңғайлылығы түсінігі көңілді аудартады. Ең бастысы жеке белек қосымшамен біртіндеп тәжірибе жинақтай отырып, әрқайсысының ыңғайы мен араласу принциптері бірдей екенін ұмытпау.

Slide 5

Көпшілікті ақпараттандыру үрдісінің оң салдарларымен бірге теріс жақтары да бар. Мысалыға, компьютерлердің глобальдық желіге бірігуі, бір жағынан көп мөлшердегі адамдардың ақпараттар әлемінде жинақталған үлкен массивке араласуына әкелсе, екінші жағынан желіге орналастырылып сақталған интеллектуалдық меншікті қорғауға қиындық тудырады. Компьютерлік вирустар әсерінің нәтижесінде ДК тұтынушылары өте жиі ақпараттарын жоғалтады. Компьютерлік вирустар, тұтынушыға және қызмет атқарушы ДК персоналына көптеген қиындықтар туғызатын, ерекше типті зиян тасушы программалар болып табылады. Компьютерлік вирус деп өздігінен пайда болу, көбею және басқа программаларға белсенді ену қасиетіне ие программаны айтады. Компьютерлік және биологиялық вирустар ұқсастығы анық. Вирустар әруақытта кесел келтіреді - ДК-ің қалыпты жұмысына кедергі болады, файлдық құрылымды бұзады және т. б., сондықтан олар зиян тасушы программалар қатарына жатады. Компъютерлік вирустардің өмірлік циклі міндетті түрде келесі фазалардан тұрады: 1) латенттік период, вирустың ешқандай қимыл жасамайтын уақыты; 2) өсу периоды, вирустың тек қана көбею уақыты; 3) белсенді период, көбеюмен бірге вирус алгоритміне салынган рұхсатсыз қимылдар жасалатын уақыт. Алғашқы екі фаза вирус көзін, оның өту каналын жасырып және барынша көп файлды бүлдіріп, жаралау қызметін атқарады.

Slide 6

Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді: детектор программасы вирустарды табады; иммуназатор программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммуниттеу вирустардың мұндай «бір жолғы» әрекетінен қорғауға мүмкіндік береді; фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойганнан кейін бүлінген файлды бұрынғы (бастапқы) қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келмеген файлды емделмейтін, яғни жөнделмейтін файл деп атайды. Мұндай жағдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылған программаның тазарезервтік көшірмесі қажет болады; сүзгі-программасы (программа фильтры), (күзетші - қарауыл, монитор) компьютер қосылганнан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу пайда болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады (белгі береді) . Бұл компьютерге, яғни программага еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңінде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, негұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.

Slide 7

Бүгінгі таңда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVR, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтаулы программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ, компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның нұсқалары көптеп шығарылған.

Slide 8

Антивирустық программалар

Детектор программалар

Доктор ревизорлар

Доктор программалар

Фильтр программалар

Ревизор программалар

Вакцина программалар

Slide 9

Қазіргі таңдағы көп қолданысқа ие антивирустар мен оларға жүргізілген тест натижелері

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру
Ақпаратты сығу
Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер
Бағдарламалық жасақтама
Бағдарламалық жабдықтаманың технологиялық сипаттамалары
Ақпараттық қорғаудың антивирустық құралдарына салыстырмалы талдау
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Корпоративтік желілерді қорғау
Вирустар. Антивирустар
Вирустар және антивирустар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz