Ұлттық тарихтың басымдылықтары. Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы


Slide 1

Ұлттық тарихтың басымдылықтары. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 жыл)

Slide 2

1995 жылы Президенттің тап­сырысымен Президент жа­нын­дағы мемелекеттік саясат жө­ніндегі Ұлттық кеңестің «Қа­зақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қа­былданды.

Slide 3

Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көр­сетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісі­нің келешегі белгіленген болатын.

Slide 4

Қазақстанда тарихи сана тақырыбының көтерілуі тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуы, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру, тарихи әділеттікті орнату үдерістерімен байланыстырылады. Халқымыздың аңсаған арманының жүзеге асуы барысында ұлттық тіл мен діл, дін мен тін жаңғырды. Тек тәуелсіздік тұсында ғана халық өз тарихы мен тағдырына бет бұруға мүмкіндік алды.

Slide 5

Елбасы Н. Назарбаевтың жар­­лығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар:

1997 жылы - Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу;

1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»,

1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы»

Slide 6

Бірнеше ғасырлық отаршылдық және тоталитарлық сана үстемдігі салдарынан рухани күйзелісті бастан өткізіп, саяси тәуелсіздігіне енді қол жеткізген Қазақстан бүгінгі күні әлемдік тарихтағы уақыт бағаны мен қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте өзін-өзі орналастырып айқындалу міндетімен бетпе-бет келіп отыр.

Тарихи сананың деформациясынан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің біріне айналды. Бүгінгі күнгі қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен төл мәдени мұраны игеру және оны қазіргі заманғы даму үрдісіне лайықты жаңартып үйлестіру өзекті мәселеге ай- налғандықтан ұлттық тарих пен мәдениеттің тоталитарлық идеоло- гия қысымымен ұмыт болған беттерін қайта парақтаудың маңызы зор.

Slide 7

2003 жылы Қазақстан хал­қына Жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев бұрын-соңды бо­лып көрмеген «Мәдени мұ­ра» бағдарламасын қабылдау керек­тігін жариялады.

Бағдар­лама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында - Қа­зақ­станның тарихы мен этног­рафиясы бойынша 26 ар­наулы зерттеу жүргізілді. Де­генмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қал­пына келтіру жолындағы ауқымды жұ­мыстың басы ғана еді.

Ұлттық тарихқа страте­ги­ялық тұрғыдағы өзінің көз­қарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих тол­қынында» кітабында баян етіп берді.

Slide 8

Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­­баев «Қазақстан-2050» Стра­­­тегиясында «Біз ұлттың та­рихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз ке­­рек» - деген тұжырым жа­­­саған.

Slide 9

Уақытында бірлік пен ынтымақты қастерлеп өткен ата-бабаларымыздың осы өсиеті тарихи тағдырдың талайымен мәдени әртекті қоғамға айналған біздің елімізде өзінің көкейтестілігімен ерекше көзге түсіп отыр.

Бұл мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде былай ой қозғайды:

«Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейтесті сұрақтары - ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «МЕН» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады - міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабат- тасқан тарихтың тұңғиығымен де сабақтасып жатыр»

Slide 10

«Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешінің деңгейінде емес, жалпыұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Евразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір-қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу, міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бүгінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» - деп жазды Н. Назарбаев.

Slide 11

Ұлттық сананы қалып­тастырудың ең негізгі жолы - тарихи білім. Ол жүйелі түр­де мектептерде, ЖОО-да іске асады. Сондықтан тарих пәнін оқытудың маңыздылығын тү­сінудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарының Қа­зақстан тарихын оқытуда тарихшылар жастардың ұлттық намысын тәрбиелеуге, ата-баба рухы деген қасиетті сөздерді жоғалтпауға тәрбиелейді.

Slide 12

«Қа­зақ - үлкен ел, ақ тілеулі, рухы күшті ел! Қаншама қансырасақ та көктемгі көктесіндей қайта көктейміз, қайта өрлейміз» деген болатын Төле би.

Тарих - шын мәнінде ұр­пақты отансүйгіштікке тәрби­елеудің негізгі қайнар көзі.

Ел­басы тарих туралы тағы бір сөзінде «Өркениетті алға бас­тырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәр­бие­лей алмайды», - дейді.

Slide 13

Назарларыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Халық тарих толқынында бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тарих пәнінің мұғалімі
Саяси түсіндірме сөздік
Ұлттық тәрбие, Этникалық тәрбие
Ұлт жоспарын білім саласында іске асыру
Ерлік дәуірі
Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz