Ұлы Отан соғыс жылдарында Қазақстандағы ғылым мен мәдениет


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі

Тақырыбы: Ұлы Отан соғыс жылдарында Қазақстандағы ғылым мен мәдениет

«Қазақстан тарихы және әлуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы

Орындаған:

Тобы: 104»А» ФК

Қабылдаған:

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Шымкент 2018 ж

Slide 2

Ұлы отан соғыс жылдарында Қазақстандағы ғылым мен мәдениет

Slide 3

Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Б. Бұлқышев, Ж. Саин, П. Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды.

Slide 4

Қазақ әртістері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді.

Slide 5

Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К. Ж. Байсейітова, ЖЕлебеков, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ж. Омарова, Е. Өмірзақов, Ү. Тұрдықұлова, Ә. Ә. Үмбетбаев М. Абдуллин, Б. Артықова, Н. Әбішев, Ш. Бейсекова, Қ. Лекеров; бишілер Ш. Жиенқұлова, З. Розмұхамедова; домбырашы Л. Мұхитов болды.

Slide 6

Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А. К. Толстой, СЯ. Маршак, КГ. Паустовский, Ф. И. Панферов, С. Н. Сергеев-Ценский, И. П. Бородин, Л. С. Берг, В. И. Вернадский, Н. Ф. Гамалея, Н. Д. Зелинский, Л. И. Мандельштам, Ю. А. Завадский, С. М. Эйзенштейн, Н. Д. Мордвин, В. П. Марецкая, Н. К. Чер-касов, С. С. Прокофьев, С. С. Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Slide 7

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашылды

Slide 8

Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т. б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді.

Slide 9

Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тілінде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

Slide 10

Концерттік бригадаларды жазушылар Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин, Ғ. Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С. Е. Толыбеков, директор Ф. А. Ф. А-Кузьмич т. б. басқарды

Slide 11

Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішінде Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т. б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорындарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды.

Slide 12

Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді.

Slide 13

Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С. Михалков, С. Сергеев-Ценский, Ф. Панферов, О. Форш, К. Паустовский, С. Маршак, М. Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.

Slide 14

Атақты режиссерлар, ВШК оқытушылары С. Эйзенштейін, С. Юшкевич, Г. Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды.

Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б. Бибиков, У. Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А. Айманов пен Х. Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды

1944 жылы Н. Сац пен В. Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Медициналық мекемелердегі ғылыми зерттеулер
Қазақстан Ұлы Отан соғысы қарсаңында
1942 жылдың басы
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі janibek history Қазақстан тарихы
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және білім
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақтың батыр қыздары
Кеңес жауынгерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz