Палеолит дәуірінің мәдениеті




Презентация қосу
Палеолит дәуірінің
мәдениеті
Перигорд кезі
• Перигорд кезі (35—20 мың жыл). 
Орта палеолиттен кейін басталған 
бұл  дәуірдің  басты  ескерткіштері 
мынандай:  шеттері  өңделген 
шақпақ  тас  құралдары,  сүйектен 
жасалған  біздер,  найзаның 
ұштары  және  тағы  басқалары 
Бастапқы  Перигорд  кезеңінде 
салынған  бейнелер  кездеспейді, 
бірақ оның есесіне  әсемдік заттар 
және  бояу  түрлері  кеңінен 
таралған.  Кейінгі  Перигорд 
кезеңінде  тасқа  қашалып 
жасалған  аңдар  мен  адамдардың 
бейнелері кездесе бастайды.
Ориньяк кезі
• Ориньяк кезі (30—19 мың жыл). Бұл дәуірде
адамдар мекендеген үңгірлердің
қабырғаларынан саусақтарын кең жайып,
оны бояумен айналдыра жүргізіп,
шеңбермен қоршаған қолдардың
таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы
қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін
мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір
сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі
келген сияқты. Палеолит дәуірінің
үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар
салынған ыдыстар табылған. Қауым
адамдары гримге қажетті бет бояуларының
17 түрін білген және оларды түрлі діни 
мейрамдарда пайдаланатын болған.
Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік
тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған
қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-
сырын игеруге талпыныстар жасады.
Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен
жасалған әйел мүсіндері пайда бола
бастады.
• Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы
туындылары «Венералар» деп аталды.
Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-
тіршілігін басқарған және туыстық
жағын да әйелдер айқындайтын
матриархаттың, яғни ана тегінің үстем
кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың
есен-саулығы мен оның өмір
тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі
болып саналады. Палеолит
әйелдерінің («Венераларының») 150-
ден астам мүсіндер дүние жүзінің әр
елдерінде, оның ішінде Италияда, 
Австралияда, Чехияда, Ресейде
 табылған. Олардың басым
көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана
бейнеленген, оның есесіне әйел
денесінің жекелеген мүшелері нақты,
әрі шамадан тыс үлкейтіліп
көрсетілген. Соған қарағанда
алғашқы қауым суретшілері әйел
денесінің сұлулығы мен сымбаты,
нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі 
ұрпақты көбейтер қасиеті — әйелдің
салмақты күшін, алар орнын
басымырақ көрсеткісі келген сияқты.
• Эрмитажда мамонттың 
азу тісінен жасалған осындай 
мүсіндер қойылған: олардың
жасалғанына 40—30 мың жыл
өткен. Олардың ішінде табылған
жердің атымен «Костенков
(немесе Воронеж) Венерасы»—
деп аталатын мүсін өзінің
пластикалық әсерлілігімен, жеке
мүшелерінің ұстамдылығымен
таң қалдырады. Бұл өнер
туындылары — аналық негізді,
әйел қасиетін мадақтайтын
алғашқы қауым мүсіншілерінің
бізге белгілі болған алғашқы
нұсқалары болғанымен де, олар
кейінгі заманда дүниеге келген
атақты Венералар мен
Мадонналардың бастапқы
бейнелері болғандықтан аса
құнды мәдени ескерткіштер
болып саналады.
• Палеолит дәуіріндегі өнерге
қарағанда неолит дәуірі
өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік
ерекшелігі бар. Бұрын
үңгірлердегі аңдардың
бейнелері жабайы, қозғалыссыз
қалыпта берілсе, ендігі жерде
андардың бейнесін салудың
сапасы жақсарды. Ең бастысы —
аңдар бейнесін жай ғана емес,
қозғалыс үстінде көрсетуге
тырысушылық байқалды.
Үйлесімділік пен динамизм
белгілері айқындала бастаған
испандық және африкалық
циклдердің суреттерінде
садақшылардың қаумалап аң
аулаудағы кейбір көріністері
барынша шегіне жеткізіліп,
нанымды етіп көрсетілген.
Жартастағы бұл графикада алғашқы
қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет
әсем нәзіктікке талпыныс айқын
байқалады. Оған дәлел ретінде Шығыс
Испания жерінен табылған ағашта
жабайы ара жинап жатқан әйелдің
бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас
ғасырының ересек «Венералармен»
салыстырып көрелікші. Бұл әйелдің тұла
бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған
балауса да, сүңғақ денесінен тандырар
сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында
ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай
үшқан араның қоршауында. Біздің
алдымызда тасқа бояумен салынған адам
сұлулығын табиғатпен байланыстырған
шын поэтикалық сурет түр. Кейінгі 
неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде
адамдар мен аңдардың кескіндері жай
ғана белгілерге айналып кеткен,
сондықтан да алғашқы қауымдық
құрылыс суретшілерінің нені бейнелегісі
келгендігін ажырату оңайлыққа түспейді.
Н
А
З Р
А
Р
А
Л Х
А
Р М
Ы Е
Ң
Ы Т
З
Ғ
А

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қазақстан тарихына кіріспе
Қазақстан тарихының кезеңдері
Соңғы палеолит құралдары
Тас дәуірінің кезеңдері
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Пәндер