XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ақындары




Презентация қосу
XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ
әдебиетінің ақындары
Абай Құнанбаұлы

Қазақтың ұлы ақыны Абай
(Ибрагим) Құнанбаев 1845
жылы бұрынғы Семей облысы,
Абай ауданы, Шыңғыс тауының
етегінде туған. Еңбектері Абай
шығармаларын М.Әуезов:
1.Абайдың жас шағындағы
өлеңдері.
2.Абайдың лирикасы
3.Абайдың поэмалары
4.Абайдың аударламалары
5.Абайдың қара сөздері
Ыбырай
Алтынсарин
1841 жылы Қостанай облысы
Затобол ауданында туған. Әкесі
Алтынсарин ерте айтыс болып,
атасы Балғожанның бауырында
өседі. Еңбектері: «Қазақ
хрестоматиясы». Шығармалары:
өлеңдері:«Кел,балалар,оқылық!»,
«Өнер, білім бар жұрттар»
әңгімелері: «Бай баласы мен жар
баласы», «Қыпшақ Сейітқұл».
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931) ақын, жазушы, философ,
тарихшы,композитор. Абаймен замандас
әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік
әдебиет дәстүрлерін алға апарушы
ізбасары. «Өмір», «Сәнқойлар»,
«Ызақорлар», «Құмарлық»,
«Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі»
сияқты дидакалық өлең-жырларында
боямалы ажарлы, жасанды мінез бен
жағымсыз қылықты сынға алады.
Мағауия Абайұлы Құнанбаев
Мағауия Абайұлы Құнанбаев
(1870-1904)- ұлы ақын. Абайдың
ақылының арқасында бірнеше
поэма жазады. Ол жазғандары:
• «Еңлік-Кебек»,
• «Абылай»,
• «Медғат-Қасым».
• Өз махаббаты үшін күресіп,
құрбан болған Еңлік пен
Кебекті келер заман жастарына
үлгі етіп жырлайды. «
Еңлік-Кебек», «Абылай»
поэмалары қолжазба күйінде
қалып, оқушыларға таралмаған.
Ақан Қорамсаұлы
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843
жылы бұрынғы Көкшетау облысы
Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы,
сонда) — ақын, әнші, композитор.
Әкесінің есімі Қорамса, шешесі —
Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен
көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік
өнері кемелденген соң алты алашқа аты
мәлім сері атанған. Ақан серінің
“Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”,
“Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”,
“Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел
жанының сұлулығын жарқырата
көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін
асқақтата суреттеуімен де құнды.
Шәңгерей Бөкеев
Шәңгерей Бөкеев 19 ғасырдың екінші
жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде
Ішкі Бөкей ордасында өмір сүрген
Жәңгір ханның немересі Шәңгерей
Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы
Жасқұс деген жерде дүниеге келген.
Әкесінен жастай жетім қалған ол ата
дәулетінің арқасында қиындық көрмей
өседі. Өнер-білімге,өлеңге жас кезінен
әуес болған Шәңгерей Ордадағы
медресені бітіріп,мұсылманша оқып
білім алғанан соң,Астраханьдағы
реальді училищеге түседі.Орынбордағы
Кадет корпусында оқыған екі жыл
ішінде ол оыс тілін үйреніп,орыс
әдебиеті,мәдениетімен танысады.
Ахмет Байтұрсынұлы
Байтұрсынұлы Ахмет
(5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі
Қостанай облысы, Жангелді ауданы
Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937,
Алматы қаласы) — қазақтың ақыны,
әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері. Қазақ халқының 20
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалысы жетекшілерінің бірі,
мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі
мен әдебиеттану ғылымдарының
негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда
өкіметінің мүшесі.
Міржақып Дұлатұлы
Міржақып Дұлатұлы (1885—
1935) — қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам қайреткері,
ақын, жазушы, жалынды көсемсөз
шебері.
Міржақьш "Оян, қазақ!" атты
тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай
өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам
боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы –
21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) –
ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында
шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесіні ң
тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен
Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге
қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше
хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман,
Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге
үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар
туындатқан Мұқан молда тәлімінің
Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі
әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман
молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны
үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен
молдалар жайлы теріс көзқарасының
қалыптасуына негіз болған.
Назарлары
ңызға рахм
ет!

Ұқсас жұмыстар
ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТ
Зар заман ағымы
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы
Ағылшын романтизмінің ерекшелігі
Алғашқы қазақ басылымдар
Қазақ балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
Латын тілінің қысқаша тарихы
Ресейдегі аударма тарихы
Пәндер