Қазақстан Республикасындағы Отбасы құқығы және Неке


Slide 1

*

М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Қазақстан Республикасындағы Отбасы құқығы және Неке

Курс:1

Топ:В17 Мат1

Орындаған:Телимбай Бағжан

Қабылдаған:Кошербаев Серік

Slide 2

*

ЖОСПАР

Кіріспе

ҚР -ның Отбасы және Неке ұғымы

Отбасылық заңнама шарттары

Неке отбасы заңдары

Неке жасы

Ажырысудың негізгі себептері

Неке және отбасы туралы заңнама

Қорытынды

Slide 3

*

КІРІСПЕ

Отбасы құқығы - құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасындағы

неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай

отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Отбасы құқығы- құқық саласы ретінде, азаматтардың арасындағы некеге тұрудан, баланың туылыуынан және баланы тәрбиелеу мақсатындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді

Slide 4

3

Отбасы дегеніміз -бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасы құқығы бойыншы неке - ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы құқықты одақ

Slide 5

*

Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрлі болады

Дәстүрлі отбасы бұл - ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты отбасы

Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталған отбасы

Жас отбасы - мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді

Slide 6

*

Неке -отбасын құрудың негізі болып табылады

▸ Егер неке тіркелмесе, бірақ ер мен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны отбасы деп айтуға болады;

▸ Егер кәмелетке толған балалары ата- анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе, бұл да отбасы;

▸ Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір -біріне қамқорлық жасайтын болса, бұл да отбасы болады;

Slide 7

*

Отбасылық заңнама щарттары

Некеге тұру

Некені тоқтату

Некені жарамсыз деп тану

Slide 8

*

Некеге тұру−некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.

Некеге тұру шарттары

- Некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімдерінің болуы;

- Неке жасына жетуі;

- Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы;

Slide 9

8

- Ерінің қайтыс болуы;

- Соттың ерлі­зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

- Некенің бұзылуы (ажырасу)

Некенің тоқтатылуы − ерлі­зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын айтамыз. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі­зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31­бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім қауіпі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайыи оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар­ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Некені тоқта-татын оқиға-лар

Slide 10

9

Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, онда сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға

Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған жұбайы, ата-анасы, қорғанышы және қамқоршы орган

немесе прокурор құқылы;

Егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда;

Жалған некеге тұру, некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы талап қоя алады;

Slide 11

10

Slide 12

*

1) еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары

Slide 13

*

Неке жасы

еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді

Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін

Slide 14

13

­ Баланың дүниеге келуі;

­ Жүкті болуы;

­ Некеге тұрушылардың біреуінің ұзақ мерзімге іс сапарға кетуі;

Дәлелді себептер:

Slide 15

*

Неке қиылуына жол берілмейтін тұлғалар

Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұруы

Біреуі болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот қабілетсіз деп таныған

Асырап алушылар мен асырап алғандар

Slide 16

*

Ажырасудың негізгі себептері

Жұбайлардың мінез - құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі

Үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы

Балалы болғысы келмеушілік

Арақ ішу, әсіресе ерлер

тарапынан

Жыныстық кемшіліктер

Slide 17

*

Некені сот тәртібімен бұзу

Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;

ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде

ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі

Slide 18

*

Отбасының ерекшелікті қызметтеріне

Халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу.

Балаларды асырап, сақтау

Балаларды тәрбиелеу жатады

Slide 19

*

Неке белгілері

Неке -ер мен әйелдің одағы

Неке - ерікті тең құқықты одақ;

Неке мақсаты- отбасы құру

Некенің құқықтық салдары- өзара мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар туындайды.

Slide 20

*

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті.


Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің құқығы
Отбасындағы балалар құқығы
НЕКЕ МЕН ОТБАСЫН ҚОРҒАУ
Неке және отбасы құқығы
РИМ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ
Неке жасы
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ
ҚР Отбасы құқығы
Отбасы және неке
Отбасы құқығы. Неке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz