Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық техникасының паркін жаңарту: жағдайы мен қайта жарақтандыру шаралары


Slide 1

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын техника-технологиямен қамтамасыз ету

Slide 2

Ауыл шаруашылығы кез-келген мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін біз тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды ендіріп отыруымыз керек.

Slide 3

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашығы техника паркінің машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу динамикасына қарамастан 80% тозған. Қазіргі уақытта 80% астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың жұмыс істеу орташа жылы 13 - 14 жыл, ал нормативті жұмыс жасау мерзімі 8 - 10 жыл, есептен шығаруға 71% астық жинайтын комбайндар, 93% тракторлар және 95% тұқым сепкіштер жатады. Қолданыстағы бар ауыл шаруашылығы паркінде жалпы шамамен 87% тозу бар.

Slide 4

2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде шығып қалған негізгі техника түрлері

Slide 5

Себебі

Бұл заманауи жоғарғы өнімді техниканы сатып алуға мүмкіндігі жоқ орташа және шағын шаруашылықтар үшін, техникаға деген экономикалық қолжетімділіктің төмендігіне байланысты.

Slide 6

Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейді.

Осы себептен, егін жинау жұмыстары кезінде дәнді және майлы дақылдардың 14% уақытында жинап ала алмау 200 млрд. теңге шығын келтіріп отыр. Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру Картасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер үшін жеңілдіктер, отандық өндірушілерден аспалы және тіркемелі техника сатып алушы шаруаларға жеңілдікпен берілетін несиелер қарастырылды. Жалпы, Картаның негізгі мақсаты шаруалардың кірісін 20%-ға көтеру, еңбек өнімділігін 1, 5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттыру және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңарту.

Slide 7

Ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету (24. 05. 2017 ж. )

Тракторлар

16184 ед.

Соқалар

3757 ед.

Кльтиваторлар

2515 ед.

Жүк машиналары

5081 ед.

Комбайндар

3150 ед.

Тұқым сепкіш

5514 ед.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге келесі ауылшаруашылығы техникалары бар

Slide 8

Облыс бойынша техниканың дайындығы 2017 жылдың 18 мамырына тракторлар 97%, жер өңдеу техникасы 98% құрады.

2017 жылдың бірінші тоқсанына облыста 404, 2 млн. тенгеге 44 трактор, 112, 3 млн. тенгеге 45 жер өңдеу техникасы және 329, 4 млн. тенгеге 47 тұқым сепкіш сатып алынды.

Slide 9

Облыс бойынша 01. 05. 2017 жылы 45917 бірлік техника тіркелген.

751 - дана мемлекеттік тіркеу нөмер белгілері берілді.

913 - дана техникалық паспорттар берілді.

216 - дана ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама берілді.

822 - дана тракторист-машинист куәлігі берілді.

64 - дана келісім және қосымша келісім кепіл шарты тіркелді.

9467 - бірлік техника техникалық байқаудан өткізілді.

Соның ішінде:

25687 - бірлік трактор;

3446 - бірлік комбайн;

10868 бірлік трактор тіркемелері;

4867 бірлік жол-құрылыс және басқа арнайы техникалар;

890 бірлік снегоход;

159 бірлік квадроцикл

Slide 10

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 2011 жылғы ахуалына қысқаша талдамалық шолу

- 2007-2011 жылдары импортталған тракторлардың қуаттылығы бойынша құрылымы;

- ТМД мен алыс шет елдерден 2007-2012 жж. импортталған тракторлардың ара салмағы;

- 2007-2011 жж. ірі импорттаушы басқа елдерден (ТМД-дан басқа) трактор импорттау динамикасы;

- 2011 жылғы АӨК трактор паркінің өсуі;

- 2012 ж. 01. 01 қарағандағы трактор паркінің өсуі;

- ТМД мен басқа елдерден 2007-2012 жж. қазақстандық астық жинаушы комбайндардың импортының ара салмағы;

- Қазақстандық астық жинаушы комбайндардың басқа елдерден (ТМД-дан басқа) импорттау құрылымы, 2010-2011 жж. ;

- 2007-2011 жж. ірі импорттаушы басқа елдерден астық жинаушы комбайндарды импорттау динамикасы;

- 2011 жылы ҚР АӨК комбайндар паркінің өсуі.

Slide 11

Ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етілуді зерттеген уақытта келесідей мәселелер анықталды:

- техникамен қажетті деңгейде жабдықталмаған және өзінің ауыл шаруашылық жерлерін жеке пайдалана алмайтын кіші және орта ауыл шаруашылық өндірістері үлесінің көп болуы;

- төменгі төлем қабілеттілік пен ауыл шаруашылық өндірушілерінде өтімді кепілзатының болмауы қажетті техниканы сатып алуға және екінші деңгейлі банктерде несиелік ресурстарды алуға мүмкіндік бермейді;

- сервис орталықтары мен машина-технологиялық станциялардың көрсететін қызметтерінің төменгі деңгейі.

Slide 12

Лизинг нарығында бірінші орынды ауыл шаруашылығы иеленеді. ҚР Статистика агенттігінің ресми мәліметі бойынша лизинг бойынша алынған ауыл шаруашылық техникасының жалпы құны 2007-2013 жылдар аралығында 72 209 263 мың теңге, жалпы бірлік саны 7 625 575. 2013 жылдың 1 қаңтарына лизингке алынған ауыл шаруашылық техникасының құны 34 352 774 мың теңгеден асты. Соның ішінде сатып алынған техниканың барлық үлесінің 39%-ы жүгері жинайтын комбайндарға, 28%-ы тракторларға, 10%-ы тұқымсепкіштерге тиесілі.


Ұқсас жұмыстар
Несие теориясы және Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің құрылымы мен қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы және заңнамалық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен мемлекеттік қолдауы
Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту: жүйелі реформалар, мұғалімдердің кәсіби дамуы және желілік көшбасшылық
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттардың биологиялық және шаруашылық тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу: қазіргі жағдайы мен негізгі ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудегі өзіндік құн мен шығын есебі: сүт өңдеу, сары май және ұн тарту
Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Орман қорының құқықтық жағдайы: Қазақстан Республикасындағы меншік, пайдалану және мемлекеттік реттеу
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: табиғат жағдайы, ауыл шаруашылығы және туризмнің даму әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz