ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ


Slide 1

Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстық потенциалы және олардың экономикалық бағасы

Дәріс 7

Slide 2

Жоспар

1. Өндірістік күштерді орналастыру.

2. Жер ресурстары, су ресурстары, биологиялық ресурстар және олардың экономикалық бағасы.

Slide 3

Табиғи-ресурстық потенциал - елдің, аймақтың, әлемнің барлық табиғат ресурстар компонентінің жеке өндірісті қамтамасыз етумен қалпына келтіруге, өнімдер мен қызметтер өндіруге, тұрғындардың тұрмыс жағдайын, олардың денсаулығы және өмірлерінің ұзақтығын қамтамасыз ету қабілеттілігі.

1. ӨНДІРІСТІК КҮШТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ

Slide 4

табиғи-ресурстық потенциал келесі факторлар жиынтығымен анықталады

Slide 5

табиғи-ресурстық потенциалды сақтап қалу және оны ары қарай дамытуға мына факторларды жатқызады

Slide 6

Өндіргіш күштерді орналастыру

Өндіргіш күштерді орналастыру - өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және транспорттың жеке елдердің территориясында және халықаралық көлемде географиялық жағынан бөлінуі. Өндіргіш куштерді орналастыру Елдің табиғи байлықтарын пайдалануға, қоғамдық өндірістің тиімдігіне, қоғамдық ұдайы өндіріс процессіне үлкен ықпалын тигізеді, сонымен қатар оның әскери-стратегиялық маңызы да үлкен. Ірі өнеркәсіп орындарының белгілі бір өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заң бойынша жузеге асырылып отырады.

Slide 7

Маңызды заңдылықтардың қатарына жататындар

Slide 8

Өндіргіш күштерді орналастыру стратегиясы тұрғысынан аталған заңдылықтар шынында да жүзеге асырылмауы мүмкін (мысалы, даму деңгейлерін түзету) нормативті талаптарды немесе қалаулы қарқындарды білдіреді. Заңдылықтардың өзге де белгілі тізімдері өндірістің шоғырлануын, қала мен ауылдар арасындағы қайшылықты жоюды, өндіріс пен халықты неғұрлым тиімді орналастыруды қамтиды.

Заңдылықтар жүйесіне байланысты аймақтық дамудың нақты саясаты, сондай-ақ оның қандай да бір қағидалары құрылады.

Қағидалар - бұл белгілі тарихи кезең аралығында халықтың өмірлік іс-әрекетін аймақтық ұйымдастыру барысында қоғамның ұстануға тиісті ғылыми негізделген ережелері. Егер заңдылықтар - бұл экономикалық жүйені аймақтық дамыту саласындағы ғылыми абстракциялар болса, ал қағидалар - бұл әлеуметтік-экономикалық саясатта басшылыққа алатын ғылыми-негізделген ережелер.

Slide 9

1. Әлеуметтік қағидалардың экономикалық, өндірістік және технологиялықтан басым болуы, аймақтардың шаруашылық дамуының әлеуметтік бағдары.

2. Шикізат көздеріне, жанармай, энергия, еңбек ресурстарына, дайын өнімді тұтыну аудандарына жақындығын ескере отырып, нарықтық конъюнктура тұрғысынан өндірістік және өндірістік емес объектілерді орналастыру.

3. Табиғи ресурстарды рационалды, кешенді пайдалану, олардың ұдайы өндірілуі, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жақсарту.

4. Территориялық еңбек бөлінісі мен еңбек интеграциясы процесінде жүзеге асырылатын сыртқы нарыққа ашықтығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын өзіндік қамтамасыз етудің үйлесімділігі.

5. Шаруашылық ету формаларының алуан түрлілігі.

6. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі басқару процесін қамтамасыз ету

7. Әр адамға өмірлік іс-әрекетін таңдауда конституцияға қайшы келмейтін экономикалық, саяси және рухани еркіндік ұсыну.

Қазіргі таңда келесі негізгі қағидаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар:

Slide 10

Аймақтың дамуына ықпал ететін түрлі элементтерге байланысты факторлардың келесі топтарын қарастыруға болады:

Slide 11

Қазақстан Республикасында территориялардың ұйымдастырылуы мен өндіргіш күштердің орналастырылуы Қазақстан Республикасындағы территорияны ұйымдастырудың Бас сызбасында қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 12

1) стратегиялық және экономикалық жоспарлау ережелеріне сәйкес өндіргіш күштерді орналастырудың негізгі қағидалары;

2) рационалды табиғат пайдаланудың, шаруашылық іс-әрекеттің, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және республикалық маңызы бар рекреациялық инфрақұрылымның негізгі ережелері;

3) аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша, тарихи және мәдени мұра объектілері бар территориялардың сақталуы бойынша негізгі шаралар;

4) айрықша қорғалатын территорияларды, пайдалы қазбалары бар территорияларды, зиянды құбылыстардың және архитектуралы-қала тұрғызу іс-әрекеті үшін техногенді сипаттағы ықпалға алынған территориялардың пайдаланылуы бойынша шектеулер немесе пайдалану түрлері.

Қазақстан Республикасының территорияларды ұйымдастырудың Бас сызбасы келесілерді қамтиды:

Slide 13

Бас сызба жүзеге асырады:

1) өндіргіш күштерді орналастыру жүйесін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымын есепке ала отырып, территориялардың мәртебесін, тағайындалуы мен пайдаланылу сипатын бекітеді;

3) архитектуралық, қала тұрғызу және құрылыс іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық дамыту бағдарламалары бойынша аймақаралық және салааралық мемлекеттік қызығушылықтарды координациялайды;

4) Бас сызбаның негізгі ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

5) Бас сызбаны өңдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Slide 14

2. Жер ресурстары, су ресурстары, биологиялық ресурстар және олардың экономикалық бағасы

Ф. Н. Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ең негізгі табиғат байлығы, барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы.

Slide 15

Қазір адамдар өздеріне керек қорек заттардың 88 %-ын егістік жерлерден, 10 %-ын ормандар мен жайылымдардан, 2 %-ын теңіз бен мұхит суларынан алады.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі 9 мемлекет. Жалпы жер ауданы - 271, 7 млн. га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222, 3 млн. га. Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34, 9 млн. га, барлық жердің 12, 8 пайызы ғана.

Slide 16

Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар

Slide 17

Жер қоры көздеген мақсаты бойынша мына категорияларға бөлінеді

Slide 18 Slide 19 Slide 20

Қазақстанның су ресурстары

Қазақстанның су ресурстары -Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100, 5 км3; соның ішінде не бары 56, 5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.

Slide 21

Табиғи ресурс ретінде судың маңызы

Slide 22

Су ресурстарын экономикалық бағалау

Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан, шеткі шығын сомасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек. Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар падаланатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көюейтумен байланысты. Интенсивтік шаралар су үнемдеумен оның ысырабын азайтумен, сусыз немесе суды аз тұтынатын технологияларды игерумен байланысты, яғни баланстың шығыс жағын азайту.

Slide 23

Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларын қоса алғанда жалпы мөлшері жылына 89. 5 текше шақырымды құрайды. Республикада таза ауыз судың тапшылығы байқалады.

Slide 24

Биологиялық ресурстар

Биологиялық ресурстар - тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықтар (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты.

Жалпы, Биологиялық ресурстар - биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады.

Slide 25 Slide 26

Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Адам ресурстарына Қазақстан экономистерінің көзқарасы
Қазақстандағы экотуризмді талдау
Экологиялық құқықтың ұғымы
Кәсіпкерліктің функциялары
Ластаушы заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Жерге мемлекеттік меншік
Жер телімінің нарықтық құның бағалау
Қатысушы аймақтар
Алматы қаласының автотранспорттардың шығарылатын қалдық заттардың
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz