Жануар уларымен улану



Жануар уларымен улану


Бал ара уы (апитоксин) -түссіз, мөлдір, сұйық, бал иісті, ащы-қышқыл дәмді. Бұл уға жылқылар сезімтал келеді. Қойлар мен ешкідердің улануы да өліммен аяқталуы мүмкін. Араның уы аралардың ерекше безінің сіріндісі, оны шағу аппараты арқылы аралар ұяларын, ұрпақтарын және өздерін қорғауға пайдаланады. Бал араларының (жұмысшы және аналық аралар) құрсағының қорғаныс мүшесі шағу аппараты-орналасқан.

Клиникалық белгілері: Ауылшаруашылық малдарыныің улануы бал ара мөлшеріне, организмге түсу мен сезімталдығына байланысты. Терінің зақымданған жерлерінде ісінулер пайда болады. Жануарлар жалпы қозады, тыныс алуы баяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалады. Ауыз және мұрын қуыстарынан көіршікті сұйық ағады. Орталық жүйке жүйесіне нейротоксикалық әсер етіп, тырысулар байқалады. Дене темературасы көтеріледі, көмекейде ісік пайда болуы мүмкін.

Емі: Жануарлардың зақымдалған жеріндегі тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40%-ды глюкоза ерітіндісін егеді. Тырысып-бүрісу кезінде тыныштандырғыш, ұйықтатқыш дәрілер береді. Жылқыларға вена арқылы 7%-ды хлоралгидрат ерітіндісін 200-300 мл, ірі қара малға 50-75 мл, ұсақ малдарға барбитур, кофеин, ішке камфора майын қолдануға болады. Витаминдік препараттарды енгізу де оң нәтиже береді. (Витамин С, РР, К және т. б. ) Ішке кілегейлі қайнатпалар, ішті жүргізетін дәрі-дәрмектер, ангистаминдік зат ретінде димедрол қолданылады.



Қарақұрт. Өте кауіпті ұрғашы қарақұрт, түсі қара барқыт тәрізді. Еркек өрмекшіден олар үлкен болады, ұзындығы 11-13 мм, қарынында қызыл немесе сарғылт сызықтары бар. Қарақұрттар ашық далада ұялайды. Уының құрамында белокты нейротоксиндер бар және ферменттер гиалуронидаза, фосфодиэстераза, холинэстераза. Қарақұрт уына малдың сезімталдығы олардың түріне байланысты. Ең сезімтал жылқылар, түйелер, ірі қара мал. Иттерде, кірпікшешендерде, рептилияларда сезімталдығы төмен. Нейротоксиндер мембрананың ақуыз рецепторымен байланысады /пресинаптикалық нерв жалғауда/. Бұл кешен /нейротоксин + рецептор/ кальций иондарына жол ашады, Са иондары нерв жалғауы ішіне кіріп нейромедиаторлар бөлінуіне қабілет жасайды. Осыдан мембранада медиатор қоры азайып импульстің нерв-бұлшық еттегі синапстан өтуі тоқтатылады.

Клиникалық белгілері. Шаққан жерде 15-30 минут ауыру сезім байқалады, ол кейін барлық денеге таралады. Көбінесе кеуде қуысы, карын, бел аймағында ауырсынуы қатты сезіледі.
Жалпы белгілері: ентігу, жүректің жиі соғуы, пульс жиіленеуі, бас айналуы, құсу, терлеу, бұлшық еттердің дірілдеуі. Адамдардың беті бозарады немесе қызарады, бронхоспазм байқалады. Нәжіспен несептің бөлінуі азаяды. Алғашқыда психомоторлық қозу белгілері байқалса, кейін депрессия белгілері дамиды. Кейде жануарлар да, адамдар да өлімге ұшырылуға мүмкін.
Емі. Қарақұрт уына қарсы сарысу бар. Онымен қатар тамыр ішінен новокаин, хлорлы кальций немесе магнезия сульфатының ерітінділерін егуге болады.


Улы бақа - Ұзындығы небәрі 5 см болатын кішкентай ғана сарғыш келген ағаш бақасы әлемдегі ең улы жануарлардың бірі. Ол Америка құрлығының Колумбия аймағындағы ормандарда тіршілік етеді. Кезінде үндістер оның уымен садақтың оғын майлаған. Бұл бақаның 1 грамм уы 100 мың адамды улай алады. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, оның уының құрамында бүгінде ең қауіпті болып саналатын батрахоносин уы бар.


Сарышаян немесе Қыршаян (лат. Scorpiones) - өрмекшітәрізділер класына жататын жәндіктер отряды. Сарышаянның ірі түрлерінің дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жетеді (Pandinus imperator), майдалары - 13 мм болады. Денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Құрсақ бөлігі бунақталған болады: алдыңғы бөлігі жуантық, соңғы бөлігі жіңішкеріп, құйрық тәрізді созылыңқы келеді. Қалқанмен қапталған баскөкірегінде екі жұп ортаңғы үлкен көз және 5 жұп ұсақ қаптал көздері болады. Құрсақ бөлігінің ең соңғы буындағы екі жұп улы бездің өзекшесі үшкір шаншарға ашылады. Қыршаян құйрығын қатты сермеп, улы шаншарымен жемін өлтіреді, одан мал жіне адам ауыр сырқаттанады, кейде тіпті өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан қыршаяннан сақтану қажет.

Сарышаянның шағуы - шабуылы немесе қорғанысы. Тірі жемтікпен қоректенеді, егер ірі де белсенді жәндікті ұстаса, алдымен улы іспегімен жансыздандырады. Әдетте жәндіктерді, ұсақ сүтқоректілерді және құстарды сарышаян уы өлтіреді, бірақ адамның өлгені туралы мәлімет өте аз. Бұлардың құрғақ шөлді аймақтан кездестіруге болады. Ымырт пен түнде белсенді.


Жылан уы - улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі - гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганикалық қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т. б. ) және басқа да биологиялық белсенді заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Жылан уының қасиеті жылан түріне байланысты. Мысалы, аспидтер мен теңіз жыландары уының құрамында жүйке-бұлшық ет қызметін бұзатын, қаңқа және тыныс алу бұлшық етін жансыздандыратын нейротоксиндер бар. Улы сұр жыландардың уында протеолитикалық ферменттер болады. Бұл қанның ұюының бұзылуына әкеліп, соның нәтижесінде геморрагиялық ісіктер пайда болады. Соңғы жылдары Жылан уының геморрагиялық әсерін әлсірететін ақуызды факторлар кеміргіштерден табылды

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz