Жануарлардың қарапайым саңырауқұлақтармен ластанған азықпен улануы



Жануарлардың қарапайым саңырауқұлақтармен ластанған азықпен улануы /микотоксикоздер/.

Микотоксиндер деген саңырауқұлақтардың алмасу үрдістерінің нәтижесінде қалыптасатын улы өнімдер. Саңырауқұлақтардыің өсуі және олардың токсиндерінің қалыптасуы сыртқы қоршау факторларына байланысты, көбінесе температурадан және ылғалдықтан. Микотоксикоздер жыл сезонына қарай пайда болады. Азық сапасын нашарлататын жағдайлар және оларды сақтау шарттарының бұзылуы саңырауқұлақтардың өсуін және токсиндерінің бөлінуін үдетеді. Саңырауқұлақтармен ластанған азықты рационге қосқан жағдайда малдың өсіп дамуы нашарлайды және өлуі кобейеді.

Микотоксиндер ішектен сорылады, содан кейін ағзаларға жиналып бауырды, бүйректі, бұлшық еттерді зақымдайды. Микотоксиндер тудыратын ауруларды микотоксикоздер деп атайды. Микотоксикоздер малшаруашылығын үлкен экономикалық шығындарға әкеп соғады. Казіргіде 300 ден көп әртурлі қарапайым саңырауқұлақтар белгілі. Оларға жататындар- афлатоксиндер, охратоксиндер, зеараленон, вомитоксин, патулин, цитринин және т. б. Біздің мемлекетімізде бидайді ластандыратын токсиногендік касиеттері бар саңырауқұлактардың ішінде ен кауіпті және жиі кездесетіндері: Fusarium және Aspergillus тұқымдарының саңырауқұлақтары.

Миткотоксиндер

Зеңдердің жалпы сипаттамасы.
Аспергиллотоксикоздер - аспергиллюс тұқымдасына жататын саңырауқұлақтар уларымен жануарлардың уланып ауруын атайды. Бұл саңырауқұлақтар афлотоксиндерді бөледі, олар сыртқы орта ылғалдығында және температураның 18-35 градусында қалыптасадыда азық құрамына жиналады. Химиялық құрылысы бойынша афлатоксиндер фуранкумариндер туындылары жатады. Афлатоксиндер екі негізгі топқа бөлінеді: В1 және Ć1, осылай аталуы ультракүлгін саулесінде ақшыл көк және жасыл түсте көрінуіне байланысты. Негізгі санитарлық токсикологиялық маңызы бар афлатоксин В1. Афлатоксин В1 азықпен бірге сауынды мал сүтіне түскенде оның метаболиты - М1 табылады.
Жануар организміне енгеннен кейін афлатоксиндер гепатотоксикалық, мутагендік, канцерогендік және эмбриотоксикалық әсерлдерін тигізеді.

Олар бауырдыі функционалдық қалпын бұзады, кейбір ферменттік жүйелердің белсенділігін тежейді, ядерлық РНК-ның алмасуын өзгертеді, белок биосинтезін бұзады, май және белок дистрофиясына әкеп соғады, гепатоциттер некрозын тудырады. Микотоксинның ЛД/50 мг жануардың бір кг салмағына : егеуқұйрықтарға 5, 5, теңіз шошқаларына 1, 4, үй қояндарына 0, 3, шошкаларға 2, 0, иттерге 1, 0, тауыктарға 6, 0, қойларға және ірі қара малға 2, 0-3, 0.
Афлатоксиндердің токсикодинамикасы толық анықталмаған. Негізінде улы әсері бауырдың зақымдалуымен байланысты, себебі бауырдың тосқауылдық қызметі бұзылғандықтан организмге аутоинтоксикация пайда болады. Организмде афлатоксиндер жылдам гидролизге ұшырылады да улылығы жоқ метаболиттер қалыптасады. Организмнен сүт және басқа да өнімдер арқылы шығады.
Улану белгілері әөі сағаттан кейін дамиды: жалпы тежелу байқалады, мал азықтан бас тартады, пульсі, тыныс алуы жиіленеді, жүрісі бұзылады, сары ауру белгілері байқалады, кейде шаласал және сал пайда болады, тауықтардың айдары көгереді.
Жіті улану сірек кездеседі, көбінде мал созылмалы турде уланады. Уланған мал әлсірейді, өнімділігі төмендейді, арықтайды.

Патологиялық анатомиялық өзгерістері.
Ас қорыту жолының кілегейлі қабығында қатаралдық қабыну белгілері кездеседі, бауыр үлгайған, жүрекке қан талаған, өкпе домбыққан, ми тамырлары қанға толған, паренхиматоздық ағзаларда дистрофиялық өзгерістер.
Буаздықтың екінші жартысында афлатоксикозбен ауырған мал іш тастайды.
Диагноз қою үшін анамнез жінап, клиникалық белгілерді, патанатомиялық өзгерістерді есептеп отырып токсикологиялық зерттеу жасау қажет.
Емі. Микотоксиндермен ластанған азықты айырбастайды. Асқазан мен ішекті ішіндегісінен босатады. Шырышты заттарды, адсорбенттерді енгізеді. Жүрек дәрілерін, сіңірлердің қарысуын жоятындарды жібереді.
Ластанған азықты 15 %-дық аммиак ерітіндісімен өндейді.
Азық құрамында микотоксинның көлемі 0, 5 мг/кг жоғары болса, улануды дәлелдеуге болады.
Ветеринарлық санитарлық сараптама. Афлотоксин В1 МЖД /МДУ/ ет және ет өнімдерде белгіленген. Лажсыз сойылған малдың ішкі ағзаларын өтельдейді, ал ұшасын ветеринарлық санитарлық сараптама ережелері бойынша пайдаланады.

Зең саңырауқұлақтардың сан алуан түрі

ДОН /вомитоксин/. Вегетация кезінде астық дақылдар бойында қалыптасады. Бұл саңырауқұлақтарменен көбінде бидай, жүгері және арпа зақымдалады.
ДОН және оның метаболиттері органикалық еріткіштерде ғана ерітіледі. Негізгі саңырауқұлақ аты ол астық дақыл фузариозын тудыратын микотоксин.
Токсикодинамикасы толық анықталмаған. ДОН кейбір құстыратын дәрілер тәрізді /апоморфин/ әсерін тигізеді, себебі құсу орталығын тікелей қоздырады.
Клиникалық белгілері даму үшін азықтағы ДОН мөлшері 2-4 мг 1 кг азық салмағында табылуға тиіс.
Клиникалық белгілері. Мал азықтан бас тартады, құсады, диарея пайда болады.
Патологиялық анатомиялық өзгерістері. Бауырда, бүйректе дистрофиялық өзгерістер дамиды, асқазанда және жіңішке ішекте катаралдық қабыну байқалады.
Емі. Азыққа метионин, натрий тиосульфаты және қарапайым күкірт қосылады. Құмәнданған азықты рационнан шығару қажет.
Ветеринарлық санитарлық сараптау ережелер бойынша жасалады.


Зеараленон.
Ең алғашқы мәліметтер 1932 жылы Стоб деген ғалыммен жарияланды. Бұл микотоксинды фузариум санырауқұлақтын культурасынан 1965 жылы Христенсен деген ғалым жүгері бойынан бөліп алды. Зеараленон өсімдіктін вегетация және бидайды ылғалды жерде сақтағанда қалыптасады. Зеараленоның гормон-эстрагендер тәріздес белсендігі бар, ол 1, 5 мг/кг азық мөлшерінде шошқаларды вульвовагинит ауруына әкеп соғады, ал бұаз сиырларды іш тастатады.
Емі жөқ.
Ветеринарлық санитарлық сараптама. Зеараленон басқада микотоксиндер тәрізді жануар организмінде жилдам ыдырайды. Жануар өнімдерінен оны табу үшін ВЭЖХ, ТХ /жұқа қабатты хроматография/ және ИФА әдістерімен пайдаланады. Клиникалық белгілері бар малдарды сойғанда жыңыс ағзаларын өтельдейді, басқа өнімдерін ветеринарлық санитарлық ережелері бойынша пайдаланады.


.
Бұл жануарлардың ауыр түрде өтетін ауруы. Ауру жіті және жітілеу түрде ағады. Көбінде жылқылар, шошқалар, қойлар аурады. Дендродохиндер жақсы бөлінген фунгицидтік қассиетке ие болады. Саңырау құлақ, бидай, қарай бидай, сұлы, сабандарыда пайда болады. Оның уы ылғалдықтың 50% және жылудын 25 % -да жиналады.
Клиникалық белгілері. Жалпы тежелу байқалад, ауыз қуысының зақымдалады. Еріні домбығады, пульс жиілінеді. Қанда формалар элеметерінің саны көбелейді. Жылқылардың шектері түйеледі. Шошқалардың тұмсығы ойық жаралы болады. Қойларда нерв жүйесі құбыластары байқалады.
Патологиялық анатомиялық өзгерістері. Өлексе жақсы қатаяды. Паренхиматоздық ағзаларға қанталаған, өкпе домбыққан, шектін кілегей қабығы катаралдық және гимарагиялық турде қабынған. Бауырда және бүйректе дистрофия өзгерістері.
Емі. Ас қазан мен шекті босатады, шырышты және іш жүргізетін дәрілерді емгізеді, блин, кафеин глюкозамен бірге беріледі. Бір екі тәулік бойы малдарды аш диетаға қойылады. Ластанған азық рационнан жығаралады.


Клавицепстоксикоздер.
Клавицепс тұқымдасына жататын микоздық улармен малдың уланып ауруы. Бұл санырауқұлақ мәдениет және жабайы астық дақылдарға пайда болады. Ылғалды жайылымдарда кездеседі. Оларды екі топқа бөледі: эрготизм және . Эрготизм деген- бұл жануарлардын қастауыш алкалоидтерімен улануы. Біздің жерде жиі кездесетіні эрготизм. Санырауқұлақ қара, қоныр, дақ түрінде астық дақылдарды ластандырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz