Өсімдік улары
Презентация қосу
Өсімдік
улары
Алкалоидтар
Өсімдікте кездесетін,құрамында азотты
органикалық негіздері бар заттар.Барлық
негіздер сияқты қышқылдармен қосылып
тұздар түзеді.”Алкалоид”-сілті тәрізді
заттар деген мағына.Өсімдіктерде олар
тұздар түрінде кездеседі.Қазір 1000-ға тарта
алкалоидтар белгілі.Құрамында
алкалоидтар бар өсімдіктер төменде
келтіріледі.
Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae
жататын біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге
жуық түрі белгілі. ТМД елдерінде тек қана мәдени түрлері кездеседі.
Биіктігі 100-150 см сабағы тік, тамыр жүйесі өзектенген, тарамдал ған,
топыраққа терең еніп тұрады. Жапырақтары кезектесіп орналасып,
жіңішке келіп, сабаққа бекінген. Гүлдері әртүрлі түсті, тік тұрған
шошаққа жиналған. Тұқымы 3-5 ұрықтан тұратын, көлемдері, пішіні
әртүрлі бұршақ. Тұқыммен көбейеді.
Улы бастамасы. Өсімдіктердің барлық бөліктерінде
температурасы тұрақты және суда жақсы еритін уытты люпинин,
люпанин, люпинидин, спартеин, гидроксилюпанин, ангустофолин
алкалоидтары кездеседі. Алкалоидтардың ең көп жинақталатын жері
ұрығында, сондықтан олар жануарларға, әсіресе, піскен кезінде және
піскеннен кейін өте қауіпті. Бөрібұршақтың дәніне қарағанда жасыл
бөлігінде алкалоидтар шамамен 5-10 есе аз, ал сабанда жасыл
бөлігіне қарағанда 4-5 есе көп.
Токсикологиялық мәні және мөлшері. Бұршақ тұқымдастылардың
ішінен люпин азотфиксацияға (азотты өзіне жинау) бейімділігімен
ерекшеленеді. Вегетативті бөліну кезінде ол өз бойына 1га- ға ша ққанда
150-200 кг дейін азот, фосфор, калий және т. б. заттарды жинайды.
Сонымен қатар, люпин ақзатқа бай келеді. Жасыл массасының құрамында
протеин 20%, ал дәнінде 40% құрайды. Люпиндерді т ұқымында ғы
алкалоидтардың мөлшеріне байланысты алкалоидсыз (0,025%- ға дейін),
аз алкалоидты (0,025% - тен 0,1%-ға дейін) және алкалоидты немесе ащы
(0,1%-дан көп) деп бөледі. Азықтық мақсатта тек қана алкалоидсыз
және аз алкалоидты түрлерін қолданады. Жануарлар үшін люпинні ң
дәндері, жасыл массасы, пішендемесі, сүрлем, соны-мен қатар оларды
астық жиналғаннан кейін сол жерге жаю (әсіресе шаруашы-лы қта
сортын төрт жылға дейін жаңартпаған жағдайда) өте қауіпті. Ірі қара
малдар үшін алкалоидтардың уытты м өлшерін 20 мг/кг, ал өлтіретін
мөлшері- 30 мг/кг дейін. Тұқымында ғы ж әне саба ғында ғы
алкалоидтардың қауіпсіз дәрежесі 0,06% дейін. Алайда люпин
жануарлардың негізгі азығы болғандықтан және оны жануарлар жа қсы
жейтіндіктен, олардың жаппай улану жағдайлары да жиі кездеседі.
Клиникалық белгілері. Жіті улану кезінде
жануарларда қысқа уақытты мазасыздану және
қозудан кейін терең күйзеліс пайда болады. Олар
бастарын салбыратып, кейде астауға немесе
қабырғаға сүйеніп ұзақ тұрады. Уланған күннен
бастап жануарлардың тәбеті жойылады. Нәжіс
бөлінуі бұзылады. Алғашында іші қатып, содан
кейін іші өтеді. Бірте- бірте жүрек және тыныс алу
қызметі бұзылады. Дене температурасы
жоғарылайды. Ең негізгі белгісі кілегейлі
қабықтардың сарғаюы. Мал арықтайды. Уланудың
2-5-ші күнінде уланған мал асфиксиядан өлімге
ұшырайды.
Емі. Қарындағы алкалоидтарды сірке және тұз
қышқылының қоспасын беру арқылы ерімейтін
тұздарға айналдырады. Сілті ерітінділерін
қолдануға болмайды. Іш өткізгіш ретінде
үлпілмәлік майын (кастор) қолданады. Жүрек
және тыныс алу қызметін жақсарту үшін, тері
астына кофеин натрий - бензоатын, тамырға
глюкозаны және 30% натрий тиосульфаты
ерітіндісін егеді. Созылмалы улану кезінде
рационнан люпинді алып тастап,
симптоматикалық ем жүргізген жөн.
Тегеурінгүл (Живокость
полевая, Delpninium consolida
L.) - сарғалдақтар туысына-
Ranunculaceae жататын, биіктігі 45
см, біржылдық шөптесін өсімдік.
Сабағы бұтақталған бірнеше гүлді
шашақтардан тұрады.
Жапырақтары бөлікшелерге
бөлінген, гүлдері көк, сирек
ақшыл-қызыл немесе ақ түсті,
ретсіз орналасқан, арамшөп
сияқты барлық Еуропалық
бөліктерде, Сібірде және Кавказда
Улы бастамасы. Бұл шөптің
құрамына дельеринин, дельсин, элатин,
делатин және т. б. алкалоидтар кіреді.
Кураре тәрізді әсер етеді. Олар
соматикалық жүйкелерден қаңқалық
бұлшық еттерге импульстердің
берілуін тежейді. Ірі қараның және
қойлардың улануы жиі кездеседі.
Клиникалық белгілері. Алкалоидтар
жергілікті тітіркендіріп әсер етеді, соны ң
салдарынан алғашында ішек-қарын
жолдарының қызметі бұзылып, қарын
атониясы және тимпаниясы байқалады.
Содан кейін күйзелу, жүрек және тыныс алу
қызметінің бұзылуы, салдану және
жартылай салдану пайда болады.
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер. Айтарлықтай сипатта емес.
Емі. Құрамында алкалоиды бар
өсімдіктер үшін ортақ. Тері астына
0,1% - ды прозерин және 5% - ды
эфедрин гидрохлорид, ерітіндісін егуге
болады.
Лапыз (Безвременник Colchicum) - сабағының төмен
жағында жерге еніп тұратын баданасы бар, к өпжылды қ
өсімдік.
Улы бастамасы. Колхицен, колхамин, колхицеин және
басқа да алкалоидтар. Кептірсе де өсімдікті ң жасыл
күйіндегідей кездеседі. Олар карио-кластикалы қ (торша
құрлысын бұзып) әсер етіп, сондай-ақ қан тамырлар
қабырғаларын және капиллярларды зақымдайды, б ұны ң
салдары барлық мүшелердің және жүйелердің
зақымдалуына, ішек-қарын жолдарының қызметіні ң
бұзылуына, полиурия және гематурияға, аяқтарыны ң
салдануына, тыныс алу және ж үрек қызметіні ң әлсіреуіне
әкеп соқтырады. 1-6 күн ішінде тыныс алуды ң то қтауынан
жануар өлімге ұшырайды. Жануарлардың барлық т үрлеріні ң
улануы жағдайлары кездескен, бірақ жыл қылар ж әне ірі қара
малдар өте сезімтал келеді.
Патологиялық - анатомиялық
өзгерістер. Жануарларды сойғанда
гемодинамикалық өзгерістерді
көруге болады.
Емі. Алкалоидтардан улану
кезіндегі қолданылатын ем.
Адыраспан (Гармала, Peganum garmala
L.) - қосжапырақтылар туысына жататын-
Zygophyllaceae - биіктігі 20-50 см, саба ғы
бұтақтанған және қалың жапырақтанған,
көпжылдық өсімдік. Тұқымы шар тәрізді
қорап. Батыс Сібірде және Орталық Азия
жайылымдарында, шөлді және жартылай
шөлейт жерлерде жиі кездеседі
Улы бастамасы. Өсімдік құрамында 2,6-3,8%
мөлшерде орталық жүйке жүйесін тежейтін
алкалоидтары бар (гармин, гармалин және т. б.).
Майын теміреткіні емдеуге қолданады. Соңғы кездері
қайнатпасын қотырға қарсы қолдануға болады деген
деректер бар.
Клиникалық белгілері. Улану кезінде қатты
әлсіреу, тыныс алу және жүрек қызметінің нашарлауы,
асқорытудың бұзылуы байқалады. Аурудың 2-6
күндігінде жануар өлімге ұшырайды. Ірі қара
малдардың, қойлардың, жылқылардың, қояндардың
улану жағдайлары кездескен.
Патологиялық- анатомиялық өзгерістер
- айтарлықтай сипатқа ие емес.
Гемодинамикалық өзгерістерді байқауға
болады.
Емі. Улануды емдеудегі жалпы емдік
шаралар қолданылады. 1%- мезатон
ерітіндісін немесе 5%- эфедрин
гидрохлориді ерітіндісін тағайындайды
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер.
ГЛИКОЗИДТЕР. Сумен қосылып
ыдырағанда глюкоза және «аглюкондар»
(углеводсыз компонент) түзетін, эфирге
ұқсас, азотсыз, органикалық қосылыстар.
Улылық қасиеті түзілетін “аглюкондарға”
байланысты. Олар альдегидтер,
қышқылдар, алкалоидтар т.б болуы мүмкін.
Жабайы шалқан (Редка дикая,Raphanus zaphanistrum)
Ботаникалық сипаттамасы. Жабайы қалқанның жергілікті
атаулары: група, желтушник, нарывная трава. Жабайы
қалқан - егістік қышасына өте қатты ұқсас өсімдік.
Биіктігі 50см дейін жетеді, сабағы тік, тамыры жіңішке
жапырақтарының жоғарғы жағы таспа тәріздес.
Гүлдері ақшыл - сарғыш. Егістік қышасынан тұқымының
айырмашылығы тұқымы қабықты болып келген. Піскен
кезде қабығы 3-12 мүшеге шашырап, олардың
әрқайсысында бір-бірден ұрық болады. Ұрығының пішіні
созылған шар тәрізді, қызыл-қоңыр түсті.
Жабайы қалқан да егістік қышасы сияқты бір жылдық
арамшөп, ТМД-ның барлық аймақтарындағы егістіктерде
кездеседі. Ұрықпен көбейіп, жаздың барлық уақыттарында
гүлдей береді.
Токсикологиясы. Жабайы шалқанның уытты
бастамасы туралы мәліметтер өте аз, яғни әлі де
толық зерттелмеген. Алайда, кейбір зерттеулер
шалқан құрамында да гликозидтердің ыдырауы
нәтижесінде түзілетін аллильды қыша майы
болатындығын көрсетеді.
Егістік қышасынан улануға қарағанда, жабайы
шалқаннан ауылшаруашылық малдарының улану
жағдайлары аз кездеседі. Әдебиеттерде тек ірі қара
малдарының улануы туралы нусқаулар келтірілген.
Малдар өсімдіктермен азықтандыру кезінде,
сондай-ақ, сұрыпталған дәндерден қалған
қалдықтарымен азықтандыру кезінде де улануы
мүмкін.
Клиниқалық белгілері. Жабайы шалқаннан уланудың
клиниқалық белгілері егістік қышасынан улану
кезіндегіндей.
Балауы, болжамы және емі - егістік қышасынан
уланудағындай.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Шалқаннан уланудан өлген жануарлар өлексесін
сойып зеріттеу кезінде геморрагиялық
гастроэнтеритті, қан аралас зәрді, кеуде және құрсақ
қуыстарынан, жүрек үлбіршегінен (перикардынан)
қанды-серозды сұйықты, ал бауырының
сарғайғанының көруге болады.
Түйежоңышқа (Донник, Melilotus)
Түйежоңышқа да беде сияқты бұршақ тұқымдастарына
(Legumenosae) жататын өсімдік. Кейде бұл өсімдікті
буркун, тәтті беде және тағы басқа деп атайды.
Түйежоңышқаның бірнеше түрлері белгілі. Кейбір түрлері
азықтық өсімдіктер ретінде қолданылса, ал басқа түрлері
арамшөптерге жатады. Ішіндегі ең маңыздысы - сары
түйежоңышқа. Бұл өте биік шөптесін өсімдік, сабағының
биіктігі 1м және одан да жоғары болуы мүмкін.
Сары түйежоңышқа – екіжылдық өсімдік. Бұрындары
арамшөп ретінде танылған, ал қазір мәдени өсімдіктер
тобына енгізілді. Түйе жоңышқаны азықтық зат ретінде
қолданады. Түйежоңышқа барлық жерлерге кең таралған,
бірақ негізінен ылғалды жерлерде көп кездеседі.
Клиникалық белгілері. Түйежоңышқа
ауруының негізгі белгісі қанның ұюы
және де басқа белгілері, малды
түйежоңышқамен азықтандыруды
бастағаннан кейін 2-3 аптадан соң
біліне бастайды.
Балау. Анамнез мәліметтері және клиникалық
белгілері бұл ауруды нақты балау үшін жеткілікті.
Емі. Құрамында түйежоңышқасы бар азықпен
азықтандыруды бірден тоқтату керек. Ары қарай
кілегейлі заттарды тағайындап, симптоматикалық
ем жүргізеді. Түйежоңышқамен улану кезінде
улануға қарсы викасол өте тиімді препарат болып
табылады. Ол әртүрлі қан құйылулар кезінде өте
тиімді әсер ететін зат. Викасолды дециграммен
мөлшерлейді, ірі қараға мөлшері: ішке 0,1 –0,3 –ке
дейін.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Тері
астының әр жерлерінде қан көп мөлшерде
жинақталған сұйық гематомалар пайда болған.
Гематома артқы аяқтарының бұлшықеттерінің
арасында, арқасында кездеседі. Бұл жерлерде
қанның жиналуы 2-3 кг дейін жетеді. Мұндай қан
құйылулар жүректе, сүйек миында да кездесуі
мүмкін. Алайда олар бауыр, бүйрек және
көкбауырда кездеспейді. Сирек жағдайда миға қан
құйылуы мүмкін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz