ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ(РАХИТ, ОСТЕОХОНДРОЗ)


Slide 1

Жануарлар организмінде зат алмасуының бұзылуы(рахит, остеохондроз)

Slide 2

Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді.

Slide 3

Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май) . Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады:

Slide 4

1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.

Slide 5

Қан сарысуда жалпы кальцийдің төмендеуі - гипокальциемия - рахит, остеомаляция, ашығу, уремия, нефроз бен нефритте, туудан кейінгі жатып қалуда, бронхопневмонияда, экссудативті плевритте, анемияда, гемобластозда, диабетте, ауыр сырқаттарда, диспепсияда, гипопараттиреозда, панкреатитте, ірі қара малдың гематуриясында, торайлардың ісіну ауруларында, туберкулез бен паратуберкулезда, фасциолезда кезінде кездеседі.

Slide 6

Остеохондроз - сүйек және шеміршектердің қабынуы. Остеохондроз туберкулез ауруынан немесе сүйектер мен буындарға іріңді инфекцияның түсуінен пайда болады. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан жануарлардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық процесс жүреді. Жануардың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды

Slide 7 Slide 8

Рахит. Бұл аурудың пайда болу себебі, жас төлдерде Д витаминнің жеткіліксіздігі. Д витамині жетіспеу салдарынан кальцийдің ішектен қанға сорылуы және келуі бөгеледі. Сөйтіп гипокальцемия, фосфатемия және гиперфосфатоурия басталады. Мұның өзі кальций мен фосфор тұздарының жиналуына бөгет жасайды. Клиникалық тұрғыда бұл сүйектену процестерінің бұзылуы білінеді (аяқтары қисаяды, кеуде сүйегінің формасы өзгереді т. б. )

Slide 9 Slide 10

Остеомаляция (сүйектің жұмсаруы, грек. osteon - сүйек, таlakos - жұмсақтық, әлсіздік) - организмде әк тұзының азаюынан ересек мал сүйегінің жұмсаруы. Бұл ауруда гипокальцемия, гипофосфатемия, кальцийдің теріс балансы байқалады.

Остеомоаляция себебі: Д витаминінің жеткілсіздігі, буаздық немесе сүт беру кезеңдері.

Slide 11 Slide 12

Остеопороз (сүйек ұлпаларының сиреуі) сүйек ұлпаларының кеуектенуімен, онда алғашында жиналған кальций және фосфор тұздарының шайылуымен сипаталады. Бұл ауру кезінде гиперкальцемия гипофосфатемия білінеді

Slide 13 Slide 14

Остеопороздың негізгі себептері мынадай:

1) ақуыздан ашығу;

2) ішкі секреция бездері функциясының өзгеруі (гипофиздің алдыңғы бөлігі мен жыныс бездерінің гипофункциясы) ;

3) бүйрек өзекшесінде фосфордың реабсорбциялануының бұзылуы.

4) остеопороз пайда болу сипатына қарай бірінші және екінші болып бөлінеді. Бірінші остеопороз паратгормонының гиперсекрециясы кезінде пайда болады. Екінші остеопороз бірінші гипокальцемияда және содан кейін (қалқанша бездің екінші реткі қозуында) байқалады.

Slide 15 Slide 16

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
АРАЛАС ТАСТАР
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Омыртқа бағанасы иілімдерінің айқындылық дәрежесіне байланысты қаңқа бітімінің түрлерін анықтау
Гликогеннің алмасуы
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Авитаминоздар және гиповитаминоздар
Ашығу патологиясы
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Токоферолдар - сарғыштау келген май
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz