Кеден одағының кедендік аумағына ара және ара өнімдерін әкелуге қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар


Slide 1

Кеден одағының кедендік аумағына ара және ара өнімдерін әкелуге қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар

Slide 2

Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Араларды омартада не фанер жәшіктерінде көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жәшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, әрі жүріп тұру орны қалады, берік тұрақты болу үшін тақтайшалармен шегелейді.

Slide 3

Төртдіңгекті омартаға арту нормасы -100-120 дана, 6-рамалы қаңқалы жәшікке -200 бірқаңқалыға -380 көп емес. Мұздық вагондарда омарталар мен жәшіктерді мұзды камералардан 0, 5 м қашықтықта қояды.

Slide 4

Оптималды температурасы 80С, ауыспалы кезеңде сыртқы ауа температурасы 100С аспайтын кезде тасымалдайды. Вагондарда мұнай өнімдері, өзге жағымсыз иісті заттар, химиялық заттар болмауы керек. Шайқалыс, соққы, діріл араларды мазасыздандырады, осы жайтты артып, түсіру кезінде есте ұстау керек.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Араларды əуе көлігімен тасымалдау үшін жəшіктер қолданады (пакеттер) . Ара - жанұяларын көлемі 320х520х420 немесе 475х290х360 мм фанерден жасалған жəшіктерде тасымалдайды. Ара аналықтарын арнайы көлемі 135-40х40 мм болатын сопақша келген ағаш жəшік торларда тасымалдайды. Тордың жоғарғы жағы фанерден жасалған қақпақпен жабылған. Торға 100-150 дана жəшіктер сыяды. Араларды брезенттен жасалған қаптарда жəне ауа өткізбейтін ыдыс-қораптарда тасымалдауға болмайды. Бір жүк орны 1000х500х500 мм, салмағы 17кг аспаған жөн. Орама ешбір зақымсыз жəне рейка, планка, ұстайтын жері болу керек.

Slide 8

Араларды ішкі жабдықтау арашыларға жүктеледі. Жолда пакеттерді ашуға тыйым салынады. Əрбір пакетте жөнелтуші жөнелтушінің бекеті, жөнелтушімен қабылдаушының ме- кен-жайы, сонымен қатар «Тірі аралар», «Жоғары», «Күннің көзінде ұстамау» сияқты ескертетін жазулар жазады.

Slide 9

Пакеттер əуежайға, кем дегенде 2 сағат ішінде жеткізілу керек. Ауа райы ыстық кезінде араларды көлеңкелі жерде ұстап, ал ұшақтың ұшуына бір сағат қалғанда жүктеген жөн. Жалпы аралар əуежайда 12 сағаттан артық болмауы керек. Ыстық ауа райы кезінде (20 0 С жоғары) аралар ұзақ күтуден өліп қалуы мүмкін, ал төменгі температурада суықтан қатып қалады.

Slide 10 Slide 11

Бал аралары үшін: - акарапидоз, ақыш шірігі (американдық гнилец), тропиле- лапсоз, Aethina tumida текті қоңыз, европалық шірік, нозема- тоз, варроатоз аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес əкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; жəне басқа жұқпалы аурулардан соңғы 8 ай бойы; - Түкті аралар үшін: - Локустакароз, критидиоз, аспергиллез, сферуляриоз, жіті вирусты салдану, вирус-кашмир, вирус-энтопокс, меллитобий, браконид, огневка (Vitula edmandsae) -соңғы 24 ай бойы; - Жоңышқа жапырақ-жегіш араларының кокондары үшін: Аскосфероз, 0, 05% жоғары емес хальцидпен зақымдалған кокондарының бактериоздары (меллитобия, птеромалюск, мо- нодонтомер, тетрастихус, дибрахисом)

Slide 12

Бал араларын, түкті ара (шмель) жəне жоңышқа жапырақ-жегіш араларды кедендік одақтың аумағында жəне (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар Кедендік одақтың аумағына жəне Тараптар арасында тасы- малдауға келесі аурулардан сау шаруашылықтан (омар талық) шыққан бал аралары, жанұялары, кокондары, түкті ара (шмель) жəне жоңышқа жапырақ-жегіш араларды жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:

Slide 13 Slide 14

Соққы, қатты вибрация аралардың қозуына əкеледі. Сондықтан арту, түсіру кезінде ережелерді ұстанған жөн. Ара сақталған жабдық зақымдалған жағдайда қуысты мақта, қағазбен жапқан дұрыс. Пакеттерді айналдыруға болмайды. Еркін ауа алмасу жағдайын ескереді. Пакет жəне торларға басқа жүктерді салуға болмайды. Пакеттерді ұшу барысында соққыдан сақтау үшін киіз, кенеп қолданады.

Slide 15

Ара салынған пакеттерді ұшақ кабинасына немесе жүк та- сымалдау жеріне салады, бұл жағдайда оларды соңында арта- ды. Ара тасымалданатын ұшақ іші таза, жуылған, желдетілген болады. Онда химиялық материал, жағымсыз иісті заттар болмау керек, себебі ара өлімі болуы мүмкін. Тасымалдау жəне уақытша қоймаларда сақтау кезінде температура 14- 18 0 С, ылғалдылық 85% болу керек. Ұшақ амалсыз тұрып қалған жағдайда ара салынған пакеттерді түсіріп, қоймаларға жеткізеді. Араларды жүк жəне жануарлар ұшақтарымен тасымалдайды, барлық жағдайда оларды экипаж бен жолаушы лардан оқшаулау керек. Араларды үлкен партиялармен тасымалдаған жағдайда оларға арашы-жолсерік бекітіледі. Жолсеріксіз тек қысқа қашықтыққа жəне аз партиялар жіберіледі.

Slide 16

Арашы-жолсерік өзімен балшық, пластиллин алғаны жөн, олар пакеттер зақымдалған жағдайда қуыстарды бітеуге қажет. Балшық болмаған кезде кенеп жəне т. б. заттармен жабады, жолсерік өзімен бірге термометр, шелек, тор, шеге, балға, түтіндеткіш жəне басқа да ұсақ жабдықтарды алады. Араларды, кем дегенде 20 күнге азық қорымен қамтамасыз етеді.

Slide 17

Таулы аймақтар, тайга жəне басқа да əуежайлары жоқ аудандарға араларды пакеттерге салып, ал ара ұяларын жинақы түрде (оларды сол орында жинайды) тасымалдайды. Жөнелтуші қабылдаушыға жеделхат арқылы ұшақтың ұш- қаны жөнінде, рейс нөмері, араларды жөнелткен күнін, уа- қытын хабарлайды.

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Кеден одағы
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
Тағамның санитариялық қауіпсіздігіндегі ветеринариялық қызметтің маңызы
Кедендік төлемдер мен салықтар
ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
Кедендік және валюталық бақылау
ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz